Тақырыбы: Кіріспе. Зиянды ағзалардың негізгі топтары. Ауыл шаруашылығы дақылдарын қорғау шараларын ұйымдастыру
Сабақтың мақсаты: Зиянды ағзалардың негізгі топтарымен, олармен күрес шараларымен танысу.
Қарастырылатын сұрақтар:
1. Ауыл шаруашылық дақылдарды қорғау пәнінің тарихы
2. Ауыл шаруашылық дақылдарға залал келтіретін зиянды ағзалардың негізгі топтары.
3. Ауыл шаруашылық дақылдарға залал келтіретін зиянды ағзалармен күрес шаралары.
Әдебиеттер:
Агибаев А.Ж., Тулеева А.К., Сулейменова З.Ш. Ауылшаруашылық дақылдарын зиянкестер мен аурулардан қорғау. Оқу құралы, Эверо, Алматы, 2017. – 216 б.
Сағитов А. О. және т.б. Аса қауіпті және зиянды организмдердің (зиянкестер, аурулар, арамшөптер) фитосанитарлық мониторингі (оқу құралы). Алматы: Қазақ өсімдік қорғау және карантин ҒЗИ, 2015. – 354 б.
Технологические приемы и средства защиты полевых культур от болезней, вредителей и сорняков (НАУЧНОЕ РУКОВОДСТВО): ФГБНУ НИИСХ ЦЧП им. В.В. Докучаева, авторы – составители: Велибекова Е.И., Турусов В.И., Мосолова М.М. – Воронеж: издательство «Истоки», 2018. – 337 с. niidokuchaeva.ru
Морозов Д.О., Коршунов С.А., Любоведская А.А., Мишуров Н.П., Коноваленко Л.Ю. Современные системы интегрированной защиты сельскохозяйственных растений: науч. аналит. обзор. – М.: ФГБНУ «Росинформагротех», 2019. – 92 с.file:///C:/Users/ww/Downloads/obzorintegrirovannayazashchita.pdf
Список пестицидов, разрешенных к производству (формуляции), ввозу, хранению, транспортировке, реализации и применению на территории Республики Казахстан на 2022-2031 годы/ URL: https://www.gov.kz/memleket/entities/agroindust/documents/details/65651?lang=ru
Тақырыптың мазмұны.
Өткен ғасырдың ортасына дейін пестицидтерді адамдар мен жануарларға қауіпті заттар түрінде қарастырылмаған. Дуст ДДТның теріс әсерлері мәліметтерінің көбейгені өсімдік қорғаудың жаңа концепциясының қалыптастырылуына себеп болды.
Химиялық заттардың өсімдіктер мен қоршаған ортаға кері әсерін болдырмау бағытында пестицидтерді өсімдік қорғаудың интегралды жүйесінің алатын орны ерекше. Интегралды өсімдік қорғау жүйесінің негізі – зиянды организмдерге жойқын әсер ететін немесе олардың тіршілігін шектейтін орта факторларын барынша толық қолдану. Бұндай жүйелердің басты мақсаты зиянды насекомдардың санын белгілі бір дәрежеде шектейтін шаралар кешенін қолдану. Химиялық өңдеу қажеттігін анықтау үшін ЗТЭШ критерийлері қолданады. Интегралды қорғау жүйе құрамына превентивті (алдын алу) және белсенді жойқын шаралар кіреді. Өсімдіктерді интегралды қорғау кешеніне карантиндік, агротехникалық, физикалық, механикалық, биологиялық, химиялық, генетикалық, селекциялық тұқым шаруашылық әдістер жатады.
Өсімдік қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңы өсімдіктерді зиянкестерден, арамшөптерден және өсімдіктер ауруларынан қорғау саласындағы қызметті жүзеге асырудың құқықтық, экономикалық, ұйымдастырушылық негіздерін айқындайды және егін өнімін, оның сапасын сақтау мен Қазақстан Республикасының аумағында фитосанитариялық іс-шараларды жүзеге асыру кезінде адамдардың денсаулығы мен қоршаған ортаға зиянды әсерді болдырмауға бағытталған.
«Өсімдік карантині туралы» Заң Қазақстан Республикасының аумағында ұлттық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету жүйесiнiң құрамдас бөлiгi болып табылатын өсiмдiктер карантинi жөнiндегi іс-шараларды жүзеге асырудың құқықтық негізін, мақсаттарын, міндеттері мен принциптерiн белгiлейдi.
2003 жылы Денсаулық қорғау және Ауыл шаруашылығы Министрліктері бірлесіп Қазақстан Республикасы пестицидтерді мемлекеттік тіркеу және тіркеу сынағының тәртібін бекітті. Қазақстан Ремпубликасының Ауыл шаруашылығы Министрлігі 2004 жылы 25 маусымда №334 «Фитосанитарлық есеп жүргізу тәртібін» бекітті. Мемлекеттік фитосанитариялық бақылау мекемелері фитосанитариялық есеп жасап, оны басқару мекемелеріне келесі түрде тапсырады:
Пестицидтер, биопрепараттар және энтомофагтарды өндіру оны іске асыру туралы есеп;
Пестицидтер, биопрепараттар және энтомофагтардың айналымы туралы есеп;
Пестицидтер, биопрепараттар және энтомофагтарды сақтау туралы есеп;
Химиялық өңдеулер жүргізу туралы есеп;
Химиялық жүргізуге көрсетілген қызметтер туралы есеп.
Әділет министрлігі және Ауыл шаруашылығы министрлігі бекітуі бойынша 2004 жылы «Өсімдік қорғау» заңы іске асыру мақсаттары қайта қаралып, қол қойылып тіркелді:
Пестицидтерді аэрозольды және фумигациялау тәсілдерін қолдану тәртібінің инструкциялары;
Пестицидтерді тасымалдау және қолдану, сақтау ережелері;
Пестицидтерді зарарсыздандыру ережелері;
Қазақстан Республикасы аумағында фитоснитариялық бақылау жүргізу тәртібінің инструкциялары;
Пестицидтерді өндіруде және іске асырудағы квалификациялық талаптар.
Қазақстан Республикасының «Химиялық өнімдердің қауіпсіздігі туралы» заңы (2006 жыл 30-шы маусым). Бұл заң Қазақстан Республикасының аумағында ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету химиялық өнімдердің қауіпсіздік іс-шараларды жүзеге асыру кезінде адамдардың денсаулығы, қоршаған ортаға және тұтынушыларға зиянды әсерін болдырмауға бағытталған.
1999 жылы «Техникалық, медициналық, фармацевтикалық, санитарлық, ветериналық, фитосанитарлық және экологиялық бірыңғай қолдану тәртібі стандарты мен кедендік бірлестігінің мемлекеттік қатысушылар келісімі бойынша тауар нормасы және талаптары» туралы хаттама бекіттілді.
Қазақстан Республика аумағында кездесетін каратиндік белгілері бар зиянкестер, өсімдік ауруларының қыздырғыштары және арамшөптер. Қазақстан Республика аумағында шектеулі таралған карантинді объектілер туралы 2002 жылы 10-шы желтоқсанда № 1295 заңы бекітілді.
Қазақстан Республикасы «Өсімдік карантині туралы» заңы іске асыру мақсатында 2003 жылы Қазақстан Республика аумағында карантиндік объектілерден қорғау тәртібін бекітті.
2003 жылы «Техникалық, медициналық, фармацевтикалық, санитарлық, ветериналық, фитосанитарлық және экологиялық бірыңғай қолдану тәртібі стандарты мен егеменді елдердің бірлестігінің мемлекеттік қатысушылар келісімі бойынша тауар нормасы және талаптары туралы келісім бекіттілді.
Халықаралық жүктерді тасымалдауды жеңілдету мақсатында талаптарды қысқартып сонымен қатар бақылау түрлерін азайтты. «Қазақстан Республикасының шекарасында халықаралық қатынастағы тауарларға бақылау» жүргізу туралы шешім қабылданды. Конвенция барлық жүктерге, алып келу және әкету кезінде шекараны басатын немесе су және әуе жолдарымен тасымалданатын барлық тауарлар үшін жүргізіледі.
2005 жылы «Қазақстан Республикасының шекарасы арқылы өтетін жүк машиналарына жүргізілетін бақылау тәртібін» бекітті.
Зиянкестер, аурулар және арамшөптер әр түрлі қолайсыз жағдайларға ыңғайланып, ауылшаруашылығына орасан зор зиян келтіреді.
Қазақстанда ауылшаруашылығының 60 түрлі дақылы өседі, оларға көпқоректілердің 50 түрі, 100 түрден астам мамандандырылған зиянкестер, 70 түрлі аурулар және 120 түрлі арамшөптер зиян келтіреді.
Өсімдік шаруашылығында өсімдікті аса қауіпті, қауіпті және карантиндік ағзалардан қорғау, ауылшаруашылығы дақылдарының өнімін көтерудің үлкен потенциальды мүмкіндігі болып табылады. Өсімдікті қорғаудың мақсаты –қолданбалы және практикалық амалдарды қолдана отырып, фитосанитарлық мониторинг жүргізу, фитосанитарлық шараларды пайдаланып зиянды және аса қауіпті зиянды ағзалардан өсімдік шаруашылығының өнімін сақтап қалу.
Өсімдік қорғау жүйе ретінде ғылыми негізделген шаралармен жалпы ауылшаруашылығы дақылдарын өсіретін технологияға кіреді және егіншілік пен өсімдік шаруашылығы салаларымен қатар тұрады.
Кейбір жылдары зиянкестердің залалы үлкен ауқымға жетеді, кей жағдайларда олар барлық өнімді құртуы мүмкін. Зияды ағзалардан өнімді көп жоғалтпау үшін олардың түр құрамына фитосанитарлық мониторинг жасай білу қажет.
Алдын-ала болжау өсімдік қорғау жұмыстары деңгейін жоспарлауда, химиялық, биологиялық шаралардың қажеттілігін, техникаларын, материалдық және еңбек шығындарын анықтауға негіз болады. Анықтау жұмысы тек қана зиянды нысандардың дамуы мен таралуындағы өзгерістерін ғана емес, сондай-ақ олардың зияндылығын төмендетуді айқындайды.
Алдын-ала анықтау жоғарғы деңгейде, нақты аса қауіпті зиянды ағзаларға қарсы іс- шаралар жүргізу, пестицидтер шығынын 25-35%-ға төмендетіп, қоршаған ортаны ластанудан қорғайды. Нақты болжам жасау үшін аймақ бойынша толық агроклиматтық, фенологиялық ақпарат болуы керек.
Міндетті түрде зиянды ағзалардың түр құрамын, таралуын, зақымдайтын дақылды, сондай-ақ экологиялық ортаның өзгергіштігін және жүргізілетін қорғау іс-шараларының тиімділігін білу керек.
Өсімдік қорғауда улы химикаттарды көптеп қолдану пайдалы жағымен қатар зияндылығын да тигізеді. Әрбір зиянды нысандарды құрту шаралары керек болатын нақты жағдайды түбегейлі негіздеп алу қажет.
Ауылшаруашылығы дақылдарын кейбір жылдары бөжектер ғана емес сонымен қатар басқа да ағзалар (нематодтар, кенелер, сүліктер, кеміргіштер) едәуір өнімді төмендетеді.
3. Қорғау шаралардың жүйесін жоспарлау және ұйымдастыру
1. Бүгінгі нарықтағы пестицид түрлерінің көп болуы ауылшаруашылығы өнімдерін өндірушілерге қиындықтар тудырады: оңтайлы қасиеттері және бағасы да оңтайлы пестицидтерді қалайша талғап алуға болады, дұрыс нақты ақпаратты жарнама құйтырқыларынан қалайша ажыратуға болады? Бұл жерде зиянды организмдердің биологиясы, дақылды аймақта қалыптасқан ерекшеліктерге байланысты өсіру технологиясы және пестицидтердің қасиеттері туралы терең білу қажет.
Алғашқы сатыда зиянды организмдердің биологиялық ерекшеліктерінің негізінде пестицидтің әсер етуші заты таңдап алынады. Себебі бір әсер етуші заттың негізінде дайындалған бірнеше препараттар шығарылуы мүмкін (кейде 10-ға дейін кездеседі).
Инсектицид таңдау. Инсектицидтерді таңдауды негіздегенде зиянкестердің мынадай ерекшеліктері ескеріледі: насекомның түрі; оның зақымдаушы кезеңі; имаго немесе личинкалардың ауыз аппараттарының ерекшеліктері; сезімтал кезеңі, әсіресе егер насекомдар өсімдік бойында тіршілік ететін болса (миналаушы, сабақ ішіндегі, жеміс зақымдаушы зиянкестердің личинкалары); насекомның қыстақ кезеңі және қыстау орны; қыстақтан шығу кезеңінің ұзақтығы; жұмыртқа салу кезіндегі ұшу ұзақтығы; маусым ішіндегі ұрпақ саны.
Егер зақымдау кезеңі мен сезімтал кезеңі сәйкес келсе ауыз аппаратының құрылысына көңіл аударады. Ауыз аппараттары кеміргіш болып келетін зиянкестерге қарсы асқазаны және асқазан-контактты әсерлі инсектицидтер, ал шаншып сорғыш зиянкестерге қарсы жүйелі-контактты әсерлі инсектицидтерді қолдану қажет. Мысалы, синтетикалық пиретроидтар мен неоникотиноидтар тобына жататын препаратттар болса, бітелерге қарсы неоникотинооид, ал көбелек жұлдызқұрттарына қарсы – пиретроид таңдалуы тиіс.
Миналайтын зиянкестерге қарсы тереңге енетін контактты-асқазан немесе жүйелі-контактты әсерлі инсектицидтерді қолдану тиімді. Сонымен қатар жасырын тіршілік ететін зиянкестерді қазіргі кездегі улармен жою мүмкін емес, сондықтан инсектицидтермен өңдеу ересек особьтердің жұмыртқа салу кезеңіне немесе жұмыртқадан шығар кезде личинкаларға қарсы қолданылуы тиіс. Бұндай жағдайда қорғаныш мерзімі ұзақ контактты инсектицидтерге назар аударған жөн. Көктемгі кездегі төменгі температурада ұшуға қабілеті төмен, сондықтан танаптардың жиегіне тарайтын егістікті қыстап шыққан бізтұмсықтар мен бүргелерге қарсы топыраққа сіңірілмей бетінде ұзақ сақталуға қабілетті күшті контактты немесе контактты-асқазан әсерлі инсектицидтер қолданылуы тиіс. Топырақта тіршілік етуге бейімделген зиянкестерге қарсы қолданылатын инсектицидтерге ерекше талап қойылады. Сымқұрттар мен жалған сымқұрттарға қарсы ең тиімдісі – тұқым немесе өркеннің айналасына зиянкестерді өлтіретін концентрациялы фумагациялық қасиеті бар қосылыстар. Сонымен қатар олар күшті және тұрақты инсектицидтер де болуы қажет. Бұндай инсектицидтердің қатарында карбосульфон, карбофуран және фуратиокарбты атауға болады.
Таңдаудың екінші сатысында қажетті қорғаныш эффектісі бар инсектицид таңдап алынады. Бұл жерде зиянкестердің қыстақтан шығу немесе аналықтарының жұмыртқа салу үшін ұшу ұзақтығы ескерілуі тиіс, химикаттың қорғаныш мерзімінің ұзақтығы зиянкес биологиясына жақын болуы тиіс. Олай болмаған жағдайда бір маусым ішінде әр ұрпаққа қарсы екі тіпті кейде одан да көп қайтара өңдеу қажет болады. Бір маусым ішіндегі инсектицидпен өңдеу саны зиянкестің генерация санымен анықталады. Алайда тез пісетін дақылдарды қорғау үшін немесе жемістің пісу кезінде тұрақтылығы төмен препараттар қажет.
Осылайша бірнеше инсектицидтерді іріктеп алғаннан соң олардың ішінен пайдалы жануарларға, адамға және тұтас экожүйеге қауіптілігі жөніндегі мәліметтерге сүйене отырып ең оңтайлы инсектицид таңдап алынады. Олардың ішінде адамға қауіптілігі төмен, аудан бірлігіне шаққанда әсер етуші заты бойынша ең аз мөлшерде қолданылатыны және су мен топырақта тұрақтылығы төмен қосылыстарға көңіл аударылуы тиіс. Сонымен қатар әсер ету аумағы кең, яғни бір дақылды зақымдайтын басқа зиянкестерді құртатын немсе олардың жетілуін тежейтін қосылыстарға назар аударылады.
Инсектицидтерді таңдаудың соңғы сатысында экономикалық фактор ескеріледі. Бұл жерде препараттың бір килограмының бағасы емес бір гектарға қолданылатын препарат құны бойынша инсектицидтерді қолданудың экономикалық тиімділгі есептеледі. Ауыл шаруашылығы өнімін өндірушілер көбіне технологиялық ерекшеліктерін ескерместен ең арзан препаратты сатып алады. Мысалы гранулометрикалық сипаты нашар ылғалды ұнтақ күйіндегі арзан препаратты сатып алып, оны өлшеп, езуге көп уақыт пен шығын жасалуы мүмкін. Ал эмульсия концентраты күйіндегі препараттарды қолданғанда олар өсімдіктерді тегіс өңдеуге, уақыт пен қаражатты ұтымды пайдалануға мүмкіндік береді. Алайда органикалық еріткіш эмульсия концентраттарының фитотоксикалық қасиетін, жұмысшылардың терісіне әсер ету қаупін және өрт қаупін арттырады. Бұндай кемшіліктер су-дисперсиялы гранулалар мен суспензия концентраттарында болмайды, алайда олар қымбатырақ келеді. Аталғанның бәрі препараттарды таңдағанда ескерілуі қажет. Бұл бір препарат әр түрлі формада шығарылатын болғанда ғана мүмкін.
Фунгицид таңдау. Фунгицидті таңдау кезінде де инсектицидтерді таңдау қағидаларына сүйенеді. Алайда фунгицидті таңдау негіздемесінде алғашқы және екінші кезектегі инфекция көздеріне, сонымен қатар зақымдау уақыты мен инфекцияның таралу жылдамдығы ескеріледі.
Егер алғашқы инфекция көзі тұқымдық материалда немесе топырақта болса ең тиімді тәсіл тұқымды (тұқымдық материалды) өңдеу болып табылады. Тұқым бетінде немесе топырақта болатын ауру қоздырғыштарына қарсы (бидайдың тозаңды қара күйесі, тамыр шіріктері, тұқымның зеңденуі) топырақта едәуір тұрақты қорғаныш әсерлі контактты фунгицидті қолдануға болады. Егер инфекция тұқымның ішінде болса өсімдік бойымен жоғары қарай қозғалуға қабілетті жүйелі фунгицид қажет. Бұл жерде әсер ету аумағы кең, биологиялық белсенділігі жоғары және бірнеше әсер етуші заты бар препараттарға көңіл аудару қажет. Себебі бұл патогендер популяциясының резистентті формаларының алдын алуға мүмкіндік береді. Алайда жүйелі фунгицидтерді алғанда, әсіресе стериндер синтезінің ингибиторлары тобынан болғанда олардың фитотоксикалық және өсімдіктердің өсуін реттеуі туралы мәліметтерді білу қажет. Сонымен қатар дәрілеу сапасының жоғары болуын қамтамасыз ететін препараттар құрамында жабысқыш немесе өңез түзгіш заттардың бары-жоғын білу қажет.
Фунгицид таңдау үшін алдын ала ауру қозырғыштарының түрлерін мұқият талдау қажет. Солан соң ең көп зиян келтіретін ауруға қарсы күрес шарасы ұйымдастырылады. Қорғаныш және емдік әсерлі, ауқымы кең және әсер ету мерзімі ұзақ фунгицид алғашқы өңдеуге тиімдірек болады. Себебі бұндай фунгицид алғашқы өңдеу мерзімінің қате болмауын қамтамасыз етеді және де фитосанитарлық жағдайды талдауға мүмкіндік береді. Кейінгі өңдеу жиілігі және қайта өңдеу мерзімі фунгицидтің өсімдік бойында сақталу мерзіміне байланысты болады, сондықтан жүелі әсерлі фунгицидтерге ден қою қажет. Сонымен қатар патогендердің фунгицидтерге төзімділігі проблемасын да естен шығармау қажет.
Гербицид таңдау. Гербицид таңдағанда дақылдың арам шөптермен бәсекелесуінің қиын кезеңдеріне, өсіру технологиясының ерекшеліктеріне, сонымен қатар арам шөптердің биологиялық ерекшеліктеріне көңіл аударылу қажет. Тегіс және ерте себілетін дақылдар (астық дақылдары, бұршақ дәнді дақылдар) түптену кезеңіне дейін арам шөптерге төзімді келеді. Сондықтан олардың егістігінде бір жылдық қос жарнақты арам шөптерге қарсы талғампаз жүйелі немесе контактты гербицидтер көктегеннен соң қолданылады. Олар екпе дақылдарды зақымдамастан егістікті арам шөптерден арылтуға мүмкіндік береді. Нақты әсер етуші затты таңдау арам шөп түріне және әсер ету ауқымына байланысты.
Егістіктегі дара жарнақты арам шөптерді жою проблемасы күрделірек келеді. Оларға қарсы гербицидтерді дақыл көктегенге дейін немесе гербицидтің дақылға кері әсерін болдырмайтын антидот қолдану қажет.
Отамалы дақылдар (жүгері, картоп, қант қызылшасы, күнбағыс) вегетацияның бастапқы кезеңінде баяу өседі және арам шөптерге сезімтал келеді. Сонымен қатар олардың вегетациялық кезеңі де ұзағырақ болады, сондықтан олардың егістігінде арам шөптердің бірнеше толқыны болады. Осыған байланысты бұл дақылдардың егістігінде гербицид қолдану жүйесі төмендегідей болуы мүмкін: сепкенге (көктегенге) дейін ұзақ мерзімді топырақ гербицидтерін қолдану – арам шөптердің өсуіне бір айға дейін тосқауыл жасайды; көктегеннен кейін арам шөптердің екінші толқынына қарсы.
Әсер етуші затты арамшөптердің құрамына және гербицидтің әсер ету аумағына байланысты таңдалады.
Бұл технологияның кемшілігі топырақта тұрақты заттардың пайдалануына байланысты кейінгі дақылдарға әсер ету және ыза суларының ластану қаупін жатқызуға болады.
Атпа тамырлы және кіндік тамырлы көп жылдық арам шөптерге қарсы өсімдік бойында қозғалуға және сақталуға қабілетті гербицид таңдалып алынады. Ол арам шөптің тамыр жүйесін де зақымдауға мүмкіндік береді. Ең тиімдісі жапыраққа әсер ететін көктегеннен кейін әсер ететін гербицид болып табылады, алайда оларды пайдаланғанда қолдану мерзіміні дұрыс таңдау өте зор маңыз атқарады. Арам шөптер әбден өсіп, қор заттарының тамыр жүйесіне қарқынды ағысы басталуы қажет. Бұл қос жарнақты көп жылдық арам шөптердің бүрлену кезеңіне, ұзындығы 18-20 см жеткен кезде өңдеу тиімді. Көп жылдық арам шөптерге қарсы тұтас әсерлі гербицидтерді қажет.
2. Ауыл шаруашылық мекемесінде өсімдік қорғау жұмыстарын ұйымдастыру – зиянды организмдердің әрекеттерінен ауыл шаруашылық дақылдарының өнімінің төмендеуін болдырмауға бағытталған шаралар жүйесі. Бұл шаралар жүйесінің әдістемелік негізі - өсімдіктерді жан-жақты (интегралды) қорғау. Оның негізгі қағидасы – зиянды организмдер популяцияларын олардың зияндылығын бүгінгі күн қоғамда қалыптасқан экологиялық, гигиеналық және экономикалық нормативтерді қанағаттандыратын, экономикалық тиімсіз деңгейге жеткізбейтін шаралармен басқару.
Нақты шаруашылық жағдайында өсімдік қорғау жұмыстары рационалды құрылады және ауыл шаруашылық өндірісі тиімді жүргізіліп, жоспарланады. Сонымен қатар шаруашылықтың басқа салаларымен салыстырғанда (тұқым шаруашылығы, өсімдік шаруашылығы, агрохимия және т.б.) өсімдік қорғау саласы қалыптасқан жағдаймен тығыз байланыста болады, сондықтан түзету енгізілуі тиіс.
Өсімдік қорғау жұмыстары негізінен екі басты бағытта жүргізіледі:
Зиянды организмдер әсерінің алдын-алу жұмыстары. Бұл жұмыстар ұйымдастыру-шаруашылық және агротехникалық шаралар арқылы жүзеге асады: фитосанитарлық алдын алу шарасы ретінде – ауыспалы егістік жүйесін қалыптастыру, бір типті дақылдарды кеңістікте тиімді орналастыру, төзімді сорттарды таңдау, тұқымдық материалдарды дәрілеу, себу (отырғызу) және жинау мерзімі, агроценоздағы өсімдіктерді орналастыру тығыздығы, топырақ өңдеу, т.б.
Зиянды организмдердің таралуына мүмкіндік бермеу. Ол өсімдік қорғау жұмыстарының техникалық базасын қалыптастыру (пестицид қоймалары, арнайы техникалық құралдар) және өсімдік қорғау жұмыстарын қысқа мерзім ішінде (1-5 күн) жүзеге асыруға қабілетті өсімдік қорғау звенолардың және химиялық отрядтардың болуы.
Алдын алу шаралары ұзақ мерзімді болжауға (бір жылдық) негізделсе, тікелей қорғау шаралары ағымдағы фитосанитарлық мониторинг негізінде жүргізіледі.
Өсімдік қорғау саласының ерекшелігіне және ғылыми арнайы дайындықты қажет ететіндіктен шаруашылық өсімдік қорғау жұмыстарын сапалы және уақытымен өткізіп тұру үшін арнайы дайындығы бар өсімдік қорғау бойынша агроном штатын ұстағаны жөн. Егер шаруашылықта өсімдік қорғау жұмыстары басқа егістік жұмыстарымен бірге бір агрономға жүктелсе интегривті өсімдік қорғау кешенді өсімдік қорғау жұмыстарымен алмастырылып кетуі мүмкін.
Өсімдік қорғау жұмыстарын ұтымды ұйымдастыру үшін шаруашылықтың перспективалық және ағымдық (жылдық) жоспарлары болуы қажет. Біріншісі зиянкестер мен аурулардың көп жылдық және ұзақ мерзімді болжамының және зиянды организмдердің (арам шөптерді қоса) көп жылдық түр құрамын байқаулары негізінде жасалады. Ауыспалы егістіктің құрылымын ескере отырып қажетті техникалар, адамдар және пестицидтердің бір қатары анықталады. Жылдық жоспарда өсімдік қорғау жұмыстары нақты сипат алады. Онда нақты дақыл егістік танабының фитосанитарлық тарихы ескеріле отырып, зиянды организмдердің таралуының жылдық болжамына сүйене отырып жасалады.
Өсімдік қорғаудың жылдық жоспарында жұмыстар жеке дақылдардың даму кезеңдеріне және зиянды организмдер фенологиясына байланысты әртүрлі болады. Онда өсімдік қорғау шаралары, зиянды организмдер түрлері мен олардың даму кезеңдері, жоспарланған шараларды өткізу онкүндік және фенологиялық кезеңдері, шамамаен жұмыс көлемі, пестицид мөлшері, ауыл шаруашылық техникасы және жұмысқа қажетті жұмыс қолы көрсетіледі (1-кесте). Белгілі бір даму кезеңінде дақылды химиялық өңдеу ұзақтығы 3 күнге дейін мөлшерлейді, ал егер одан әрі ұзарту дақылдардың сорт ерекшеліктеріне байланысты болуы мүмкін. 1-кестеде өсімдік қорғаудың жылдық жоспарының мысалы келтірілген.
Өсімдік қорғау шараларын жоспарлағанда типтік технологиялық карталар қолданылады.
Өсімдік қорғау жұмыстарына қажетті машиналарды, аппаратураларды есептеу төмендегі формула бойынша жүргізіледі:
мұндағы N – қажетті машиналар саны;
Достарыңызбен бөлісу: |