1. Оқытушы туралы мәліметтер



бет14/68
Дата13.02.2023
өлшемі3,28 Mb.
#168604
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   68
Байланысты:
umkd- ashdk agronomiya-3 2022-2023 (3)

Күресу шаралары.
Күнбағыс көбелегімен күресуде ең тиімді шара – осы зиянкестің зақымдануына төзімді келетін күнбағыстың сауытты сорттарын егу. Топырақты мекендейтін зиянкесерге қарсы көктемде тұқыммен бірге топыраққа волатонның 5% түйірлі препаратын салады. Көктемде күнбағыстың егісін зиянкестерден (негізінде көп қоректілерден) қорғау үшін мына препараттардың біреуін қолдану керек: КАРАТЭ 50% э.к. (0,1-0,2 л/га); ЛЯТРИН 5% э.к. (0,1-0,2 л/га).Күнбағыс сүгенімен күресуде мына шаралары іске асыру керек: тұқымды ерте мерзімде себу, арамшөптермен жүйелітүрде күресу және қысқа қарай қоңыздың дернәсілдерін құрту (өнімді жинағаннан кейін күнбағыстың сабақтарын жинап алып, қыс кезінде шаруашылыққа толық пайдалану), күнбағыс өсірілетін учаскелердің барлығында терең етіп, қыртысын аудара сүдігер жырту.
Мақта көбелегі –Heliothis armigera Hbn.Қабыршақ қанаттылар (Lepidoptera)-топ Түн көбелектер (Noctuidae) тұқымдасына жатады.
Мақта өсірілетін аймақтардың барлығында тегіс таралған өте қауіпті зиянкес. Әсіресе Орта Азия республикалары мен Азербайжанда көп зиян келтіреді.
Қазақстанның оңтүстік мақталы аудандарында оқтын-оқтын жаппай көбейіп тұрады.Полифагоның жұлдызқұрттары әртүрлі тұқымдастарға жататын өсімдіктердің көптеген (120 астам) түрлерімен қоректенеді.Көбелектің қанаттарының өрісі 30-40 мм, алдыңғы қанаттарының түсі қызғылт немесе жасылдау реңді сұрғылт, жиегінде қара-қоңыр түсті аспа бау тәрізді көлденең жолақ болады. Артқы қанаттары ақшылдау келеді де сыртқы жиегінде қоңыр жолақ және ортаңғы бөлімінде орақ тәрізді қара дақ орналасқан.Жұмыртқалары алғашында бозғылт-сары, кейіннен жасылдау, пішіні жарты шар тәрізді, диаметрі 0,5-0,5 мм. Жұлдызқұрттары даму барысында ақшыл-жасыл және сары түстен қызыл-қоңыр және күлгін-қара түске дейін өзгереді, басы көп дақтар бар сары, денесінде бойлай орналасқан қара-қоңыр түсті жалпақтау келген 3 жолақ болады.
Дамуы.Дамуы аяқталып қалған жұлдызқұрттарының ұзындығы 15-20 мм, түсі қара-қоңыр немесе қызғылттау-қоңыр.Мақта қоңыр көбелегі қуыршақ
фазасында топырақ арасында 10 см тереңдікте қыстайды. Көктемде, топырақтың температурасы 10 см тереңдікте 15-16оС-қа, ал тәулік бойынша орташа температура 18-20оС жеткенде қыстаған қуыршақтардан көбелектер ұшып шыға бастайды. Көбелектің негізгі көпшілігі 10-15 күн ішінде ұшып шығады, ал бұл процестің жалпы ұзақтығы бір айға және одан да ұзаққа созылады.Көбелектер жұмыртқаларын алғашында өсімдіктің жапырағына кейіннен оның генеративті мүшелеріне бір-бірден, кейде 2-3 данадан салады.
Орташа өсімталдығы 500 жұмыртқа. Эмбрионалдық дамуы көктемде және күзде 4-12 күнге, ал жазда 2-4 күнге созылады. Бірініші генерацияның жұлдызқұрттары жоңышқа, нұт, темекі, жүгері, томат дақылдары мен жабайы өсетін өсімдіктерде дамиды. Ал мақта өсімдігіне зиянкестің екінші генерациясының көбелектері, оның шанақтану және гүлдену фазасының бас кезінде жұмыртқалайды. Түркістан облысының жағдайында мақта егісінде зиянкес вегетациядық бір маусым ішінде 2-3 генерация береді. Мақта көбелегінің жұлдызқұрттары бітеу гүлдің ішіндегі аналық және аталық мүшелерін жеп құртады. Ішіндегі тұқымдармен қоректеніп мақтаның қауашақтарын да зақымдайды. Зақымданған қауашақтар түсіп қалады немесе жартылай ғана ашылады. Нәтижесінде талшықтар қысқа болып, сапасы төмендейді. Жұлдызқұрттардың әрқайсысы өз өмірі ішінде мақтаның бітеу гүлдері мен қауашақтарының орта есеппен 15-шақтысын құртады.Зиянкестің өсіп-өніп көбеюіне әсер етіп, сан мөлшерін реттеуде оның табиғи жауларының рөлі өте зор. Солардың ішінде ең маңыздылары: көбелектің жұмыртқалары мен жас жұлдызқұрттарына шабуыл жасап, оларды құртатын жыртқыш қандала – ориус, жұмыртқа тоғышары– трихограмма және жұлдызқұрттардың тоғышары– габрабракон.
Карадрина немесе кіші жер үстілік көбелек –Spodoptera exigua Hbn.Қабыршақ қанаттылар (Lepidoptera) отрядының түн көбелектер (Noctuidae) тұқымдасына жатады.
Қазақстанда тегіс таралған көрқоректі зиянкес. Оның жұлдызқұрттары өсімдіктердің 46 тұқымдасына жататын 128 түрімен қоректене алады. Әсіресе мақта, қызылша, томат, темекі, жоңышқа, зығыр, картоп дақылдарын қатты зақымдайды.Көбелектердің қанаттарының өрісі 23-24 мм, алдыңғы қанаттары сұрғылт-қоңыр, бүйрек тәрізді таңбаның түсі қоңыр, ал дөңгелек таңба тот басқан қызыл түсті болады, артқы қанаттары ақшылдау келеді. Жұмыртқалары маржандай құлпырған жасылдау сары, диаметрі 0,5 мм. Жұлдызқұрттары ақшыл-жасыл түстен қоңырқай-сұр түске дейін өзгереді, бүйір жақтарында бойлай орналасқан қара жолақ болады. Олар дененің бауыр жағындағы ақшыл- сары, кейде қызғылт-сары жолақпен шектеседі. Жетілген жұлдызқұрттардың ұзындығы 25-30 см дейін жетеді. Қуыршағы сарғылт-қоңыр түсті, ұзындығы 10-13м.Карадрина Қазақстанның солтүстік аудандарында 2-3, оңтүстік аудандарында 3-4 генерация беріп көбейеді. Ол қуыршақ күйінде немесе жұлдызқұрт фазасында топырақ арасында қыстайды. Көбелектер наурыздың аяғы мен сәуірдің бас кезінде ұшып шығады. Бірінші ұрпақтың жұлдызқұрттары әдетте арамшөптерде немесе ерте көктеген дақылдарда
дамиды. Көбелектер ымырт кезінде және түнде ғана белсенді тіршілік етеді, жасанды жарық көзіне жақсы ұшады. Зиянкестің өсімталдығы өте құбылмалы – әрбір ұрғашы көбелек 200-300 тіпті 2000-ға дейін жұмыртқа бере алады.
Ол оның қосымша қоректенуінің қарқындылығына байланысты. Жұмыртқаларын топтап (250 дейін) қоректік өсімдіктердің жапырақтарына орналастырады.
Бірінші генерацияның көбелектері жұмыртқаларын әр түрлі жабайы өсімдіктерге (көбінесе алабота тұқымдас өсімдіктерге), ал келесі генерациялардың көбелектері жоңышқа, мақта және т.б. дақылдарға салады. Эмбрионалдық даму жаз айларында 2-4, күзде 10 күнге дейін созылады. Ал жұлдызқұрттардың дамуы жазда 2-2,5 жетіге, күзде 3-4 жетіге созылады. Сол мерзім ішінде олар 4-5 рет түлеп, 5-6 дернәсілдік жастан өтеді.
Карадриннің жұлдызқұрттары алғашында (төменгі жастағылары) бір-бірінен ажыраспай топталып тіршілік етеді де, кейіннен жан-жаққа таралып, жеке-жеке тіршілік етеді. Олардың өсімдікті зақымдау сипаты да өзгеше болады. Жас жұлдызқұрттар жапырақтың жүйкелеріне тимей жұмсақ ұлпаларын ғана жейді. Ал ересек жұлдызқұрттар жапырақты ойып-ойып теседі немесе түгелдейжеп зақымдайды. Ауа райы ыстық болған кезде және түнде топыраққа, жердің жарығына, өсімдік қалдықтарының астына еніп жатады.Дамуы аяқталған соң жұлдызқұрттар топырақ арасында 3-5 см тереңдікте қуыршаққа айналады. Қуыршақ фазасының дамуы жаз айларында 1-2 аптаға, күзде 3-4 аптаға созылады.
Күресу шаралары. Ауыспалы егісті ендіру және дақылдар кезегінің ретін сақтау, егістік танаптарды және олармен шектес арық, жол жағаларында арамшөптерді құрту; өнімді жинап алған соң егістік жерді өсімдік қалдықтарынан тазалап, терең етіп сүдігер жырту.
Егіс алдында тұқымды өндеу, ол үшін Гаучо 70% с.ұ. (5 кг/т), немесе Круйзер 350 с.к.(тиаметоксам, 350 г/л) (5 л/т) дәрілегіштерін пайдаланады. Бұл шара сорғыш зиянкестерге қарсы бағытталған.
Мақта егісі көктеп шыққан кезде күздік көбелектің жұлдызқұрттарының 1 шаршы метр жерге келетін саны 0,4 мөлшерінен асқан жағдайда егісті Децис Экспертін2,5% к.э. (дельтаметрин, 100 г/л) (0,175 л/га) бүркеді.
Сорғыш зиянкестерге қарсы күресте (егер 100 жапыраққа келетін кенелер саны 150, ал бітелер 50 данадан артса) АПОЛЛО, 50% с.к. (клофентизин, 500 г/л)
(0,4-0,6 л/га), Валсарел, э.к. (хлорпирифос, 480 г/л+циперметрин, 50 г/л) (0,2-
0,32 л/га), БИ-58, 40% э.к. (1,5-2,5 л/га), БИ-58 Новый, 40% э.к.(диметоат, 400
г/л) (1,5-2,5 л/га), Бульдок, 2,5% э.к.(бетацифлутрин, 25 г/л) (0,5-0,6 л/га)және басқа рұқсат етілген препарттардың біреуі қолданынылады. Жұмсалатын сұйықтық мөлшері 100 л/га.
Мақтаның жаппай шанақтану фазасында мақта көбелегі мен карадриннің жұлдызқұрттарына қарсы (егер 100 өсімдікке келетін жұлдызқұрттардың саны 8-12 данадан асса) номолт 15% с.к. (0,2-0,3 л/га)немесе Золонның 35 % к.э. (фозалон, 350 г/л) (2,5-3л/га) қоладынылады. Сонымен қатар дендробациллин (2кг/га) пайдаланылады. Бұл инсектицидтер өндірістен шығып қалса, олардың орнына қолдануға рұқсат етілген препарттар пайдаланылады
Кеміргіш көбелектерге (күздік көбелекжәне т.б.) және мақта көбелегі мен карадринге қарсы биологиялық күресте трихогарамма аз дегенде 3 рет пайдаланылады, 1-рет көбелектердің жұмыртқалау кезеңінің басында – 1 гектарға 60 мың, 2-рет 5-6 күн өткен соң, 1 гектарға 80 мың, 3-рет тағы 5-6 күн өткен соң, 1 гектарға 60 мың трихогарамма жіберіледі. Мұнымен қатар мақта көбелегіне қарсы биологиялық күресте оның маманданған тоғышары габробракон пайдаланылады. Көбелектердің жұлдызқұрттарының 100 өсімдікке келетін саны 5 данадан асқан жағдайда, бірінші рет 10 зиянкеске 1 тоғышар, екінші рет 5 зиянкеске 1 тоғышар есебінде жіберіледі.
Мұнымен қатар мақта көбелегіне қарсы биологиялық күресте оның маманданған тоғышары габробракон пайдаланылады. Көбелектердің жұлдызқұрттарының 100 өсімдікке келетін саны 5 данадан асқан жағдайда, бірінші рет 10 зиянкеске 1 тоғышар, екінші рет 5 зиянкеске 1 тоғышар есебінде жіберіледі.

Бақылау сұрақтары



    1. Мақта көбелегінің зиянды фазасы және оның зақымдау сипаты қандай?

    2. Мақта көбелегініңөсіп-өніп көбеюіне әсер етіп, сан мөлшерін реттеуде оның табиғи жануарларының ішінде ең маңыздылары кімдер?

    3. Карадрина неше ұрпақ береді және қандай фазасында қыстайды?

    4. Карадринаның жұмыртқа салу сипаты

    5. Кеміргіш көбелектерге және мақта көбелегі мен карадринге қарсы биологиялық күресуде трихограмманы қалай пайдаланады?

    6. Күнбағыс көбелегі жұмыртқаларын қайда салады?

    7. Күнбағыс көбелегі неше генерация беріп өсіп-өнеді?

    8. Күнбағыс сүгенінің дернәслдері қалай қоректенеді?

    9. Күнбағыс сүгенімен зақымданған өсімдіктің қандай белгілері болады?

    10. Күнбағыс сүгеніні неше ұрпақ береді?

    11. Күнбағыс көбелегімен күресуде ең тиімді шара қандай?

4 -ДӘРІС


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   68




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет