№1 ойын
Тақырыбы: Көктем мезгілінің құбылыстарын тап?
Board интерактивті тақтасы
Мақсаты: Мақсаты: мектеп жасына дейінгі балалардың көктем мезгілі және оның ерекшеліктері туралы білімдерін жалпылау.
Оқу міндеттері: - балалардың көктем туралы білімдерін жылдың төрт мезгілінің бірі ретінде қорытындылау.
Дамытушылық: танымдық іс - әрекеттегі қызығушылықты, байқауды, белсенділікті дамыту;
- есте сақтау мен зейінді, логикалық ойлауды дамыту.
Тәрбиелік: - табиғат әлеміне деген қызығушылықты арттыру.
Жасы: 5-6 жас
Көрсетілім құралы: Board интерактивті тақтасы
Шарты: ноутбугта немесе интерактивті тақтада ойынды ашу және балаларға сұрақ қойып, сол жағында бейнеленген карточкалардың оң жақтағы суретке сәйкес келетін жолын басу, толық картинкадан артық жыл мезгілінің құбылыстарын басу арқылы алып тастау.
Әдіс: диалог-әңгіме
Әдістемелік ұсыным: ойынды ересек адам алдымен түсіндіреді, жас ерекшелігіне қарай бала ойынды ерікті түрде ойнауына болады.
№2 ойын
Тақырыбы: Қандай ағаш жапырағы?
Ойынның мақсаты: балалардың ойын белсенділігінде АКТ-ны қолдану қабілетінің дамуын қамтамасыз ету. Ағаштардың атауларымен және олардың жапырақтарын білуге үйрету, ойын арқылы есте сақтау қабілеттерін арттыру.
Board интерактивті тақтасы
Жасы: 5-6 жас
Көрсетілім құралы: Board интерактивті тақтасы
Шарты: актив тақтада ойынды ашу, берілген сұрақты тыңдау, және дұрыс жауабын жапырақтарды таңдау арқылы басып көрсету. Дұрыс жауап көңілді әуенмен қошталады. Ойын парақшасының келесі беті дұрыс жауаптан соң ашылады.
Әдіс: әңгіме-танымдық
Әдістемелік ұсыным: ойынды АҚТ платформаларында ашып беріп, баланың өзі шешім қабылдап ойнауына мүмкіндік беру.
Достарыңызбен бөлісу: |