18.Кәсіпорынның өндірістік бағдарламасы.Мінезді.Бөлімдер Өнімөндірісінің жоспары (өндірістік бағдарлама) өнімнің сату көлемі, номенклатурасы мен ассортименті негізінде,оның сапасы, одан түсетін пайда мөлшері, рентабелділік деңгейі негізінде, кәсіпорынның нарықтық үлесінің мөлшерімен және т.б. анықталады.Өндірістікбағдарлама натуралды, шарттынатуралды, еңбек және құндық көрсеткіштер арқылы есептелінеді.Натуралды өлшем бірлігіндегі өндіріс көлемі өндірілетін өнім номенклатурасы мен ассортиментімен сипатталады. Өнім номенклатурасы - өндірілуі керек бұйымдардың тізімі. Өнім ассортименті – номенклатура көлеміндегі осы бұйымдардың түрлілігі.Материал сыйымдылығы және т.б. белгілері бойынша біртекті бұйымдардың өндіріс көлемін өлшеу үшін шартты-натуралды өлшеуіштерқолданылады.Норма-сағат, адам-күн, станок-сағатпен өлшенетін өндіріс көлемінің еңбек өлшемі натуралды өлшемдермен үйлесімдері басқа цехтардың өндірістік бағдарламаларын жоспарлауда және басқа да мақсаттар үшінқажеттіқызметкерлер санын, өндіру нормасын, еңбек ақы мөлшерін анықтауда қолданылады.Құндық (ақшалай) өлшеуіштер жалпылама өлшеуіштер болып табылады, олардың көмегімен өндірістің жалпы көлемі анықталадыжәне өнімніңтоварлы, жалпы және өткізілетін көлемі жоспарланады.Товарлы өнім - өткізулерге арналған өнім, жалпы және өткізілген өнімдіанықтау негізі болып табылады және олардың құраушылары:
-дайын бұйымдар құны;
-өздері өндірген жартылау фабрикаттар құны және қосымша цехтармен сырттағы тұтынушыларғаөткізугеарналған өнімдер құны;
-өз кәсіпорынының өнеркәсіптік емес шаруашылықтарына және күрделі құрылыстарынажөнелтілген өнімдері мен жартылай фабрикаттарының құны; -өз өндірісінде қолданылатын стандартты емес құрал- жабдықтар құны, олар кәсіпорынның негізгі қорларына енуі мүмкін немесе сыртқы тұтынушыларға өткізілуі мүмкін;
-сыртқы тұтынушылардың тапсырыстары бойынша немесе өз кәсіпорынының өнеркәсіптікемес шаруашылықтары мен ұйымдары үшін өндірілген өнеркәсіптік сипаттатғы жұмыстар мен қызмет түрлерінің құны.
19.Натуралды өнім көлемі. Номенклатура. Ауқымы Натуралды бейнедегі өнім есебі өнімнің физикалық қасиеттері мен тұтыну мөлшерін бейнелейтін өлшегіштерді пайдалануға негізделген.Натуралды бейнедегі өнімнің шығуы туралы есеп жоспарда қарастырылған өлшем бірліктес құрылады. Әрбір өлшегіш бір қасиетін береді. Мысалы, массасын немесе сомасын, көлемін анықтауға септігін тигізеді. Натуралды бейнеде жоспарда өнім өндірісі бойынша өсу қарқыны емес, өндірістің абсолютті көлемі қарастырылады.Жане жоспардың орындалу көрсеткіштері анықталады: 1 жылға – іс жүзінде шығарылғанөнімді шартты тапсырмамен салыстыру жолымен осы жылдағы іс жүзінде шығарылған өнімді осы жылдардың 5 жылдық жоспары бойынша анықталған соммамен салыстыру жолымен. Егер өткен бір немесе бірнешеайда жоспар орындалмаса, бірақ келесі айларда бұлар толықтырылса, онда бүкіл мерзімге арналған жоспар өспелі жиынмен бағада орындалған болып есептеледі.Өнім динамикасы көрсеткіштері өнімнің жеке түрлері сияқты кәсіпорынның немесе бірлестіктің, саланың жалпы өнімі бойынша да есептеледі.Салыстырмалы шамалардың міндетті шарты болып онімнің жеке түрі бойынша бірлік натуралды көрсеткіштерді немесе жалпы өнім бойынша өзгермейтін бөлшек сауда бағаны қолдану табылады. Өнім номенклатурасы - өндірілуі керек бұйымдардың (жұмыстар мен қызмет түрлерінің) аталуы (тізімі).Өнім ассортименті – номенклатуракөлеміндегі осы бұйымдардың түрлілігі.