1. Ортағасырдағы Қазақстандағы түркімәдениеті және оның еуропалық және исламдықмәдениетке әсері



бет7/31
Дата01.04.2023
өлшемі140,74 Kb.
#173470
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   31
Байланысты:
1. Орта?асырда?ы ?аза?станда?ы т?ркім?дениеті ж?не оны? еуропалы

Салт-дәстүр — әр ұлттың, халықтың діні мен сеніміне, тұрмыс-тіршілігіне, ұлттық құрылым ерекшелігіне сәйкес ғасырлар бойы жинақталып, өмірдің өзі туғызған ғұрыптардың жиынтығы; қауым мен қоғамда қалыптасқан мінез-құлықтың үлгілері. Күнделікті қолданыста бір мәдени топтыекіншісінен айыратын және бейресми жолменреттейтін қабылданған мінез-кұлық ережесіненемесе әлеуметтік әрекеттерді жөнге келтіретінтерминге жатады.
Наурыз мерекесі жақындаған сайын әрбір отбасы Наурыз көже жасауды міндетім деп санайды. Тіпті білмейтін жас жеңгелеріміз үлкен адамдардан ақыл-кеңес сұрап, Наурыз көжеге не қосу керектігін саралап жатады. Наурыз көже– ұлттық тағам. Келер жылғы молшылықтың жоралғысы ретінде наурыз тойында әрбір шаңырақта міндетті түрде әзірленген. Халықтық дәстүр бойынша оған бидай, тары, сүр ет, бұршақ, сүт, су, тұз сияқты кем дегенде жеті түрлі азықтық заттар міндетті түрде қосылуы тиіс. Тақ санын сақтап, мұндай заттар көбейтіле беріледі. Соғымнан арнайы сақталған мүшелер (қазы, қарта, шұжық, т.б.) де қосылады. Ол негізінен бидай көже, тары көже секілді әзірленген (қысқаша Көже). Наурыз көжені халық арасында “тілеу көже”, “көп көже” деп те атай береді. Наурыз көжеге, наурызға арналып сойылған малдың кәделі асына Наурыз бата берілген соң, жиналған халық: “ақ мол болсын” деген тілек айтып тарқасады.
Сәлем салу - дәстүр. Келіннің жанұядағы қызметі мен әдептілігінің белгісі, ата-енесіне, қайын жұртына деген құрметі мен сәлемі. Беташар кезінен бастап сәлем салу басталады. Сәлемді ата-баба салтымен иіліп немесетізесін бүгіп салады. Ал сәлемге ие болған адам: - Бақытты бол, балам! - деп ықыласын білдіредінемесе қарт аталар мен аналар жас келіннің маңдайынан иіскеп, бақыт пен берекет тілейді. Жаскелін бір үйдің берекесін кіргізетін болашақ анаболғандықтан, ата-ене үйлі-жайлы болып, бала-шағалы болуларына үлестерін қосады. "Жақсы келін - қызыңдай, жақсы күйеу - ұлыңдай" депқазақ даналары бекер айтпаған.
Тұсаукесер – сәби қаз тұрғаннан кейін тез жүріп кетсін деген тілекпен жасалатын ғұрып, ырым. Ол үшін арнайы ала жіп дайындалады. Бұл ала жіп аттамасын деген ұғымнан шыққан. Солжіппен баланың аяғын тұсап, оны жүріс-тұрысы ширақ әйелге қидырады. Сүріншек, жайбасарадамдарға баланың тұсауын кестірмейді. Тұсауы кесілген баланы қолынан ұстап жүгіртеді, шашу шашылады. Баланың ата-анасытұсау кесушіге кәдесін береді. Тұсау кесу тойының негізгі жабдықтары 1,5 м ала жіп, өткір қайшы немесе пышақ. Тұсаукесердің жібін дайындаудың бірнеше түрлері, жолдары, сенімдері де бар. Көбейіп, көгере берсін деп көк шөптен есіп жасайды. Бай болсын деп малдың тоқ ішегінен де өреді. Адал болсын деп ала жіптен де жасайды.Тұсау кесу тойына ауылдың қыз-келіншектері, әжелер шақырылады. Ет асылып, шайқайнатылады. Тойға келгендер шашуға құрт, май, тәтті тағамдар, балаға ойыншық, асық, сылдырмақ, т.б. әкеледі. Бұдан кейін 2 – 3 жасар балалардыжарыстырып, озғандарына бәйге береді. Балаларға өлең, жыр, тақпақ, жаңылтпаш айтқызады. Той тарқарда әжелер тойданнемерелеріне сарқыт деп қалталарына тәтті, бауырсақ, құрт-ірімшік салып алады. Тұсау кескенәйелге көйлек немесе аяқ киім сыйлайды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   31




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет