Этиологиясы: Көмейдің жергілікті қабыну процестері : көмей ісігі және баспасы, іріңді процестер (жедел флегманозды және абсцесті ларингиттер, хондроперихондриттер).
Көмейдің жергілікті қабынусыз процестері: әртүрлі жарақаттар (механикалық, термиялық, химиялық), бөгде денелер (тамақ қиқымы, протездердің бөлшегі, т.б), кейбір дәріні қабылдамаудан туатын аллергиялық ісіктер.
Симптоматикасы: Тарылу дәрежесіне байланысты шулы, зорланып тыныс алу пайда болады, тыныс алу ритмі бұзылады. Науқаста қорқыныш сезімі, қимылдатқыш қозу (ол сенделеді, қашуға тырысады)пайда болады, тершеңдік, бетінің қызаруы басталады, жүрек қызметі және бүйректің зәр шығару қызметі бұзылады. Инсператорлы демікпе пайда болады.
Клиникалық көзқарас бойынша көмей стенозының 4 кезеңін ажыратады:
. І. Компенсациялық кезең (қалпына келу кезеңі) – бұнда тыныс алу актісін реттейтін механизмдер есебінен компенсация пайда болады. Тарылған тыныс саңылауынан өтетін ауаның мөлшері өзгереді: тыныс алу қимылының саны азаяды, ішке тыныс алу мен сыртқы тыныс шығару арасындағы үзіліс қысқарады, сыртқа тыныс шығару қысқа да қатты болады және бұның артынан сонымен бірге қысқа үзілістен кейін, ұзақ ішке тыныс алу келеді.
Дыбыс саңылауының ені 6-7мм. Тыныштық жағдайда адам демікпені байқамауы мүмкін, ол күшке салмақ түскенде ғана байқалады. Бұл кезеңде науқас мазасызданбайды.
ІІ. Салыстырмалы компенсация кезеңі (субкомпенсация) – бұнда организм әлі де болса қосымша механизмдерінің жұмылуы арқасында тыныс алу саңылауының тарылуынан туған қиыншылықты жеңе алады, бірақ ауаның қажетті көлемін үлкен кедергімен толтырады. Тыныштық жағдайда инспираторлы ентікпе айқындала түседі: ұзақ ішке тыныс алу қиындайды, онымен сыртқа қатты, қысқа тыныс шығару арасындағы үзіліс толық жойылады. Тыныс алу бұдан гөрі сирейді. Көкірек клеткасының иілгіш жерлерінің ішке қарай тартылуы, стридор (шулы тыныс алыс), тері жабындысының бозаруы байқалады. Науқас өзіне ыңғайлы қалып алуға мәжбүр болады, басын артқа жіберіп, қолымен төсекті тірей отырады. Акроцианоз байқалады. Дыбыс саңылауының ара қашықтығы 4-5мм.
Достарыңызбен бөлісу: |