1. Педагогикалық психология пәні, мақсаты, міндеттері


Педагогикалық психологияның құрылымы



бет2/57
Дата08.12.2023
өлшемі375,48 Kb.
#195604
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   57
Байланысты:
1. Педагогикалық психология пәні, мақсаты, міндеттері-emirsaba.org
англ ответы, ссссс, психология 7 лекция
2.Педагогикалық психологияның құрылымы.
Педагогикалық психология құрылымы:
•Оқыту психологиясы;
•Оқу психологиясы;
•Тәрбие және өзін-өзі тәрбиелеу психологиясы;
•Педагогикалық іс-әрекет және ұстаз тұлғасы психологиясы.
•1) Оқыту психологиясы Пәні: Жүйелі оқыту (білім беру) жағдайында танымдық сфераның дамуы.
Негізгі міндеттері:
•Әр түрлі дидактикалық жүйе жағдайында танымдық әрекеттің ерекшелігін ажырататын сыртқы және ішкі факторлардың өзара байланысын ашу;
•Оқыту жағдайында мотивациялық жіне тұлғалық дамудың өзара байланысын зерттеу;
•Баланың дамуы мен оқыту процесін басқару мүмкіндіктерін ашу;
•Оқыту тиімділігінің психологиялық – педагогикалық критерийлерін бөліп алу.
• 2) Тәрбие психологиясы
Пәні: Бала мен ұжым іс-әрекеттерін мақсатты үйымдастыру жағдайында жеке тұлғаның дамуы.
Негізгі міндеттері:
•Оқушының мотивациялық сферасы мазмұнын, оның бағытын,адамгершілігін,т.б, зерттеу;
•Әр түрлі жағдайда тәрбиеленіп жатқан тәрбиеленушілердің өзіндік санасының ерекшелігін анықтау;
•Балалар мен жасөспірімдер ұжымының құрылымы мен олардың жеке тұлғаның қалыптасуына әсерін зерттеу.
• 3) Педагогикалық іс – әрекет және ұстаз психологиясы

Пәні ; Кәсіптік педагогикалық іс-әрекеттің қалыптасуының психологиялық аспектілері, сондай-ақ осы әрекеттің қарқынды дамуына немесе тежелуіне әсер ететін жеке тұлғалық ерекшеліктер.


Негізгі міндеттері:
• Педагогтың шығармашылық әлеуетін және олар арқылы педагогикалық стереотиптерді жою мүмкіндіктерін анықтау;
• Ұстаздың эмоционалдық тұрақтылығын зерттеу;
• Ұстаз бен оқушы қарым – қатынасы даралық стилінің оңды ерекшеліктерін анықтау.
3.Педагогикалықпсихологияныңқалыптасу тарихы, оқыту теориялары, олардың қазіргі уақыттағы білім беруді ұйымдастырудағы маңызы;
I кезең. XVIIғ.ортасы – XIX ғ.аяғы (жалпы дидактикалық) Ян- Амос- Коменский (1592-1670), Жан – Жак-Руссо (1713-1778), Генрих Песталоцци (1746-1827), Иоганн Гербарт (1776-1841); Адольф Дистервег (1790-1866), П.Ф.Каптерев (1849-1922). Қарастырылған проблемалар даму,оқыту және тәрбие ұғымдарының өзара байланысы,оқушының шығармашылық белсенділігі,баланың қабілеттілігі және оны дамыту,мұғалімнің рөлі,оқытуды ұйымдастыру.Демек, аталған ұғымдардың мәнін ғылыми тұрғыдан түсіндіруге алғашқы әрекеттердің жасалуы.
II кезең. XIX ғасырдың аяғы мен ХХғ.ортасы.Бұл кезеңде педагогикалық психология алдыңғы кезең ғалымдарының педагогикалық ойларының жетістіктерін пайдаланып, психологиялық , психофизиологиялық, эксприменталдық зерттеулердің нәтижелеріне бағытталып, дербес сала болып қалыптаса бастады.А.П.Нечаев, А.Бине (1896-1990) мен француз психологы Бергсон Анри (1859-1941),М.Оффнер, Э.Мейман,В.А.Лай,Г.Эббингауз, Женевадағы генетикалық психология мектебінің негізін салушы швейцар психологы Ж.Пиаже (1886-1980), француз психологы Анри Валлон (1872-1962), Дж.Дьюи (1859-1952), С.Фрэне өз зерттеулерінде есте сақтау ерекшеліктері, тіл дамыту,интеллектіні дамыту,дағды қалыптастыру ерекшеліктері және т.б. мәселелерді қарастырды.
ІІІ кезең. ХХғ. 50-60-90 жылдары.Б.Ф.Скиннер, Л.Н.Ланда, В.Оконь, М.М.Махмутов, П.Я.Гальперин, Н.Ф.Талызина, Д.Б.Эльконин, В.В.Давыдов және т.б.
Оқытудың психологиялық теорияларының, яғни педагогикалық психологияның теориялық негізін қалау кезеңінде 1954 жылы Б.Ф.Скиннер бағдарламалық оқыту идеясын ұсынса, 60-жылдары Л.Н.Ланда алгоритмдеу теориясын ұсынды, 70-80 жылдары В.Оконь, М.М.Махмутовтар проблемалық оқытудың тұтастай жүйесін құрды. Ол бір жағынан Дж.Дьюидің оқыту проблеманы шешу арқылы жүргізілуі қажет деген жүйесін жалғастырушы болса, екінші жағынан – О.Зельц, К.Дункер, С.Л.Рубейнштейн, А.М.Матюшкиндердің ойлаудың проблемалық сипатының, оның кезеңдерінің, проблемалық жағдайда әрбір ойдың пайда болу мүмкіндігі туралы көзқарастармен байланыста болды.
Қазақстанда педагогикалық психологиядан тұғғыш рет еңбектер жазып, педагогикалық, психологиялық ғылымдар саласында ғылыми қызметкерлер даярлауға үлес қосқан қазақтың тұңғыш психолог-ғалымы, жоғары және арнаулы орта білім Министрлігінің педагогика және психология саласындағы ғылыми – әдістемелік кеңестің төрағасы болған және т.б. қоғамдық жұмыстар атқарған, Қазақ ССР Ғылым Академиясының академигі, профессорТ.Т.Тәжібаев (1910-1964).




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   57




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет