1. Педагогикалық психологияның пәні мен құрылымы


Оқу іс-әрекеті субъекттерінің жас ерекшелік сипаттамалары



бет16/25
Дата26.12.2022
өлшемі66,42 Kb.
#164491
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   25
Байланысты:
Педпсих сессия (копия)

33. Оқу іс-әрекеті субъекттерінің жас ерекшелік сипаттамалары
Кез келген білім беру жүйесінде білім алушы адам үренуші болып табылады. Осы түсінікте адамның өзі басқалардың көмегімен оқитыны атап көрсетіледі, яғни ол білім беру процесінің белсенді субъекті бола тұрып, барлық қарастырылған субъектілік сапалармен, қырлармен сипатталады. Әр үйренуші (оқушы) жеке тұлғалық және іс-әрекеттік ерекшеліктерге, яғни тума қабілеттердің (жеке-типологиялық алғышарттарына), интеллектуалдық іс-әрекеттің, когнитивті стильдің, талап қою деңгейінің, өзін-өзі бағалаудың, жұмысқа қабілеттілік ерекшеліктеріне; іс-әрекетті орындау ерекшеліктеріне (жоспарлау, ұйымдастыру, дәлдік және т.б.) ие. Әр үйренуші өз іс-әрекетінің, соның ішінде оқу іс-әрекетінің стилімен, оған деген қатынасымен, оқытылуға жарамдылығымен сипатталады. Сонымен бірге, барлық үйренушілер білім беру жұйесінің белгілі бір сатысында бастапқы жалпы және тек оларға тән ерекшеліктермен, қырлармен сипатталады. Бұл, әр білім беру сатысы, әдетте, адам өмірінің белгілі бір кезеңімен теңестірілуімен түсіндіріледі. Мысалы, дүние жүзінде бастауыш мектепте 10 жасқа дейінгі балалар оқиды (алайда, экстремалды әлеуметтік ситуацияларда, мысалы, сауатсыздықты жоюда бұл сатыға үлкендер де кіреді).
Жас ерекшеліктік кезеңдерге бөлу психологиядағы күрделі және бір жақты шешілмейтін проблемалардың бірі болып келеді (А. Валон, Ж. Пиаже, В. Штерн, П.П. Блонский, Л.С. Выготский және т.б.). Білім берудің және ең алдымен мектептік жұйенің түрлі сатыларындағы типтік субъектті анықтау үшін бастапқы болып табылатын, жас ерекшеліктік кезеңдерге бөлу деген келістерді қарастырайық.
Л.С. Выготский, П.П. Блонскийдан кейін, белгілі бір дәуірлерді, сатыларды, фазаларды даму өгерістері немесе дағдарыстарының жалпы схемасында қарастырады. Бұл жерде оларды шектеу өлшемдері ретінде, біріншіден, әр жастың мәнін сипаттайтын жаңа құрылымдар болады.
34. Кіші мектеп оқушысы оқу іс-әрекетінің субъекті ретінде.
Кіші мектеп оқушысы – бұл адамның іс-әрекет, берілген жағдайда оқу іс-әрекетінің субъекті ретіндегі қоғамдық болмысының бастауы. Осы сапада кіші мектеп оқушысы ең алдымен, оған дайындығымен сипатталады. Бұл оқу мүмкіндігін қамтамасыз ететін физиологиялық, (анатомиялық-морфологиялық) және психикалық, ең алдымен интеллектуалдық даму деңгейімен анықталады. Л.И. Божовичтің , Д.Б. Элькониннің , Н.Г. Салминаның , Н.И. Гуткинаның зерттеулерінде баланың мектепке дайындығының негізгі көрсеткіштері суреттелген: оның ішкі позициясының, семиотикалық функциясының, ырықтылығының қалыптасуы, ережелер жүйесіне бағдарлану іскерлігі және т.б. Мектепте оқуға дайындық мектепке, оқуға, танымға деген жаңаны ашуға қуану, жаңа дүниеге, үлкендер дүниесіне ену ретіндегі қатынасын білдіреді. Бұл жаңа міндеттерге, мектеп, мұғалімдер, сынып алдындағы жауапкершілікке дайындық. Жаңаны тосу, оған қызығу кіші мектеп оқушысының мотивациясының негізінде жатыр. Дәл осы қызығушылыққа танымдық қажеттілікті эмоционалдық бастан кешіру ретінде, яғни кіші мектеп оқушысының танымдық қажеттілігі осы қажеттілікке жауап беретін оқыту мазмұнымен «кездескен» кезде оқу іс-әрекетінің ішкі мотивациясы негізделеді. Тосулар (экспектациялар) жүйесі, түсініктік, ғылыми ойлау алғышарттарының қалыптасқандығы сияқты дайындық негізінде жатыр. Бұл дайындық бұкіл алдыңғы психикалық дамудың қорытындысы ретінде, отбасындағы және бала бақшадағы тәрбиелеу мен оқытудың бүкіл жүйесінің нәтижесі ретінде түсініледі. Баланың мектепке дайындығы бірқатар талаптардың қанағаттандырылуымен анықталады. Оларға жататындар: баланың жалпы физикалық дамуы, жеткілікті білімдер көлемінің болуы, өзін-өзі күтудің, мінез-құлық мәдениетінің, қарым-қатынастың, қарапайым еңбектің, «тұрмыстық» дағдыларының болуы; тілдің дамуы; жазудың алғышарттарының болуы (қол саусақтарының ұсақ бұлшық еттерінің дамуы); ынтымақтастық іскерлігі; оқуға ниеттену. Оқу іс-әрекетінің субъекті ретінде оқушыға қажетті интеллектуалдық, тұлғалық, іс-әрекеттік сапалар тіпті дүниеге келген сәттен бастап қалыптасады. Олардың қалыптасқандық деңгейінен елеулі мөлшерде баланың мектеп өміріне енуі, оның мектепке деген қатынасы және оқудың табыстылығы, оқу іс-әрекетіне қосылғандығы тәуелді . Бастауыш мектепте кіші мектеп оқушысында осы кезеңдегі жетекші іс-әрекеттің негізгі элементтері, қажетті оқу дағдылары мен іскерліктері қалыптасады. Осы кезеңде ойлау формалары дамиды, олар ары қарайғы ғылыми білімдер жүйесін меңгеруді, ғылыми, теоретикалық ойлаудың дамуын қамтамасыз етеді. Мұндай оқуда, күнделікті өмірде өз бетінше бағдарланудың алғышарттары қалыптасады. Осы кезеңде «баладан тек елеулі ақыл-ой жұмсауды ғана емес, сондай-ақ үлкен физикалық төзімділікті талап ететін» психологиялық қайта құру жүреді . Зерттеушілер кіші мектеп оқушысы, яғни жаңа позицияға, субъект ретінде оқушы позициясына ие болғанда кездесетін бірқатар қиындықтарды анықтайды. Бұл жаңа тәртіп қиындықтары, мұғаліммен жаңа қатынастар қиындықтары . Осы кезде бастапқы мектеппен танысу қуанышы жиі осы қиындықтардан өту дәрменсіздігінен туындайтын енжарлықпен, селқостықпен алмасады. Кіші мектеп оқушысының оқу іс-әрекетінде жазу, оқу, компьютермен жұмыс істеу, таңдамалы іс-әрекет түрлері қалыптасады. Кіші мектеп оқушысы оқу іс-әрекетінің субъекті ретінде өзі де осы іс-әрекетте дамиды және қалыптасады, талдаудың, синтездің, жалпылауды, жіктеудің жаңа тәсілдерін меңгереді. Кіші мектеп оқушысының оқу іс әрекетінде өзіне, дүниеге, қоғамға, басқа адамдарға деген қатынасы қалыптасады және ең бастысы бұл қатынас, оқытудың мазмұны мен әдісіне, мұғалімге, сыныпқа, мектепке және т.б. деген қатынас ретінде негізінен осы іс-әрекет арқылы жҥзеге асырылады. Өмір жағдайының өзгеруімін, отбасынан немесе бала бақшадан мектепке ауысумен байланысты кіші мектеп оқушысында үстем беделдері біршама өзгереді. Ата-ана беделімен қатар мұғалім беделі де пайда болады. «Ал мұғалім былай айтты» - деп бала шешесінің айтқанына қарсы шығады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   25




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет