1. Педагогикалық психологияның пәні мен құрылымы


Жоғары мектеп оқушысы оқу іс-әрекеті субъектісі ретінде



бет18/25
Дата26.12.2022
өлшемі66,42 Kb.
#164491
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   25
Байланысты:
Педпсих сессия (копия)

36. Жоғары мектеп оқушысы оқу іс-әрекеті субъектісі ретінде
Жоғары мектеп оқушысы оқу іс-әрекеті субъектісі ретінде – бұл оқуды жалғастыруды таңдаған (немесе өзі үшін референтті ортаға бағынған) адам. Жоғарғы сынып оқушысы (ерте жастық шақ кезеңі 14-15-тен 17 жасқа дейін) орта буыннан жоғарғы сыныпқа немесе жаңа оқу орындарына – гимназияларға, колледждерге, училищелерге өткен кезде бірден дамудың жаңа әлеуметтік ситуациясына атайды. Бұл ситуацияны тек жаңа ұжымдар ғана емес, сондай-ақ ең бастысы, болашаққа бағыттылық сипаттайды: өмір сүру қалыбын, мамандықты, референтті адамдар тобын таңдауға бағыттылық. Таңдау жасауға өмірлік ситуация мәжбүр етеді, ата-аналар тарапына ынталандырады және оқу орны бағыттайды. Осы кезеңде құндылық-бағдар белсенділігі негізгі мәнге ие болады.. Осы жаста достық, сенімді қатынастар өте маңызды. Көбінесе махаббаттың бүкіл сан алуандығымен толықтырыла, кейде алмаса отырып, достық бозбалалар мен бойжеткендер үшін қатынастардың маңызды формаларының бірі болып келеді. «Осы кезеңде жоғары сынып оқушылары өмірлік жоспарлар құрып, мамандық таңдау жайлы саналы түрде ойлана бастайды. Бұл таңдау тек, адам өзін дәрігер, педагог, зерттеуші ретінде басқалар үшін максималды пайдалы сезінетін іс-әрекет саласына бейімділікке, өмірлік талаптарға бағадарланудан ғана емес, сондай-ақ берілген мамандықтың елдің қоғамдық дамуының нақты ситуациясындағы конъюнктурасынан, пайдасынан, практикалық құндылығынан туындайды. «Маған математика қызықсыз, мен ешқашан математикамен, физикамен айналыспаймын, мен тарихты ұнатамын, және де оқуды жалғастыруда маған тарих ғана қажет болады», – деп, көбінесе жоғары сынып оқушылары тұжырымдайды. Жоғарғы сынып оқушысы оқу іс-әрекеті субъекті ретінде өзі орналасқан дамудың әлеуметтік ситуациясының ерекшелігіне сай, осы іс-әрекеттің сапалық жаңа мазмұнымен сипатталады. Біріншіден, тұлғалық мәнді құндылықтары бар оқу пәндеріндегі білімдерді игеруге деген ішкі танымдық мотивтермен қатар кең әлеуметтік және сырттық жеке тұлғалық мотивтер де көрінеді, олардың ішінде жетістікке жету мотиві бірінші орын алады. Жоғары сынып оқушысында оқу іс-әрекетінің ерекше формасы қалыптасады. Ол, саналы түсінілген немесе әлі де түсініліп жатқандар контексінде зерттеулер, талдау элементтерін кәсіби бағыттылыққа, тұлғалық өзін-өзі анықтауға қажетті ретінде жүргізуді қамтиды. Берілген жас кезеңінің аса маңызды психологиялық жаңа құрылымы – оқушының өмірлік жоспарлар құру, оларды жүзеге асыру құралдарын іздеу, оның оқу іс-әрекетінің мазмұнының өзгешелігін анықтайды (Д.И. Фельдштейн). Оқу іс-әрекетінің мазмұнының өзі біртіндеп жетекші ісәрекет жағдайынан «кетіп», осы жоспарларды жүзеге асыру тәсіліне айналады. Маңыздысы, егер жеткіншек үшін мұғалімдер мен ата-ана беделі қатарластарының беделі толықтырыла отырып теңестірілгендей болса, ал жоғары сынып оқушысы үшін жеке пәнгер-мұғалім беделі мектеп беделінен жеке ынғайланады. Жоғары сынып оқушысының тұлғалық өзін-өзі анықтауына қатысатын ата-ана беделі өседі. Сонымен бірге автор жоғары сынып оқушыларының саяси және құндылық бағдарларының олардың қоғамдағы, әлеуметтік-мәрелік жағдайымен, олардың отбасының экономикалық және білімдік мәртебесімен шартталған. Жоғарғы сынып оқушысы жетекші іс-әрекеттің жаңа түріне енеді – оқу-кәсіптік, оның дұрыс ұйымдастырылуы көп жағынан оқушының келесі еңбек іс-әрекетінде субъект ретіндегі қалыптасуын, оның еңбекке деген қатынасын анықтайды. Бұл одан да жоғары дәрежеде оқу ісәрекетін неғұрлым маңызды мақсатқа бағындыратындай – болашақ кәсіби немесе кәсіби бағдарланған іс-әрекетке.
37. Студент оқу іс-әрекетінің субъекті ретінде
Студенттік жас (18-25 жас) адам өміріндегі ерекше кезең болып табылады, себебі «жалпы мәні бойынша және негізгі заңдылықтары бойынша 1-ден 25-ке дейінгі жас, балалық даму кезеңдері қатарындағы ақырғыдан гөрі, кемелді жас кезеңдерінің қатарында бастапқы буын болып табылады Студенттік проблемасын ерекше әлеуметтік-психологиялық және жас ерекшелік категориялар ретінде қою еңбегі Б.Г. Ананьевтің психологиялық метебінікі. Студенттік кез – бұл ерекше әлеуметтік категория, жоғарғы білім беру институтымен ұйымдастырыла біріктірілген адамдардың ерекше қауымдастығы. Бұл әлеуметтік-кәсіби категория ХІ–ХІІ ғғ. алғашқы университеттер пайда болғаннан бері тарихи құрылған. Студенттік шақ білімдер мен кәсіби іскерліктерді мақсатты, жүйелі игеруші, ұйғарылғандай, табанды оқу еңбегімен айналысатын адамдарды қамтиды. Әлеуметтік топ ретінде кәсіби бағыттылығымен, болашақ мамандыққа тұрақты қатынастың қалыптасқандығымен сипатталады, бұның өзі кәсіби таңдаудың дұрыстығының, студенттің таңдап алған мамандық жайлы ойының барабарлығы мен толықтығының мәні болып табылады. Соңғысы мамандық қоятын талаптар мен кәсіби іс әрекеттерін білуді қамтиды. Зерттеулер нәтижелерінің көрсетуінше, студенттердің мамандық жайлы елестетулері деңгейі (біркелкі және біркелкі емес) оның оқуға деген қатынасының деңгейімен теңестіріледі: студент мамандық жайлы неғұрлым аз білсе, соғұрлым оның оқуға деген қатынасы жағымсыз болады. Сонымен бірге студенттердің көпшілігі оқуға жағымды қатынаста екені көрсетілген. Әлеуметтік – психологиялық аспектіде студенттік кезең басқа топтармен салыстырғанда, білімділіктің неғұрлым жоғары деңгейімен және танымдық мотивацияның жоғары деңгейімен ерекшеленеді. Сонымен бірге студенттік шақ – әлеуметтік қауым, яғни ол аса жоғары әлеуметтік белсенділік пен интеллектуалдық және әлеуметтік кемелділіктің жеткілікті үйлесімді арақатынасымен сипатталады. Студенттік кездің осы ерекшелігін есепке алу оқытушының әр студентке педагогикалық қарым-қатынас партнері ретінде, оқытушы үшін қызықты тұлға ретіндегі қатынастарының негізінде жатыр.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   25




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет