СӨЖ тапсырмалары
1
|
Жеңіл атлетика түрлеріндегі жас ерекшелік кезеңдері.
|
Мәнжазба
|
№2 Апта
|
№3 Апта
|
2
|
Жүру мен жүгіру техникасының негіздері.
|
Конспект
|
№3 Апта
|
№4 Апта
|
3
|
Жақын ара қашықтыққа жүгірудің техникасын талдау және үйрету әдіст-сі.
|
Практикал
|
№4 Апта
|
№5 Апта
|
4
|
Секіру техникасының негіздері.
|
Слайд
|
№5 Апта
|
№6 Апта
|
5
|
Граната лақтыру ер.-700г,әйелдер-500г
|
Мәнжазба
|
№7 Апта
|
№9 Апта
|
6
|
Эстафеталық жүгiру 4х100м
|
Конспект
|
№9 Апта
|
№10 Апта
|
7
|
Секіру тех-н талдау және оқыту әдістемесі
|
Слайд
|
№10 Апта
|
№11 Апта
|
8
|
Әр түрлі жылдамдықта төзімділікке жүгіру техникасын оқыту.
|
Мәнжазба
|
№11 Апта
|
№12 Апта
|
9
|
Ұзындыққа секiрудiң жаттығу әдiстемесi.
|
Мәнжазба
|
№12 Апта
|
№13 Апта
|
10
|
Қысқа қашықтыққа жүгіру техн-н оқыту.
|
Конспект
|
№12 Апта
|
№13 Апта
|
11
|
Жарысты ұйымдастыру және өткізу
|
Практика
|
№13 Апта
|
№14 Апта
|
9. КУРСТЫҢ ТАҚЫРЫПТЫҚ ЖОСПАРЫ
9.1 Дәрістер
Тақырыбы: Ж.атл. Жүру мен жүгіру техникасының негіздері.
Сағат саны:2
Тақырыптың негізгі жоспары1. Жеңіл атлетикада жүру мен жүгіру түрлері. 2. Қозғалыс фазалары. 3.Ара қашықтыққа жүгіру жылдамдықтары.
Дәріс тезисі Жеңіл атлетика, спорттың ең көп тараған түрі. Оған әр түрлі қашықтықта жүгіру мен жүру, ұзындық пен биіктікке секіру, спорттық снарядтарды лақтыру, жеңіл атлетикалық көпсайыстар енеді. Жеңіл атлетикалық жарыстар ашық және жабық (манеж) алаңдарда өтетін жеке, командалық және эстафеталық жарыстар болып бөлінеді. Халықаралық әуесқойлық жеңіл атлетика федерациясы (ИААФ) 1912 жылы құрылған. Оған қазір 200-ге жуық ұлттық ассоциациялар біріккен. Олимпиялық ойындар 1896 жылдан (1-Олимпиялық ойын), дүниежүзілік чемпионат 1983 жылдан өткізіліп келеді. Жеңіл атлетика ойындары өте көнеден белгілі. Ол ежелгі Олимпия ойындарының бағдарламасына енген.
Жеңіл атлетика дене тәрбиесінің ең негізгі бір құрамы болып табылады. Жеңіл атлетикасыз дене тәрбиесінің бірде-бір сабағы өткізілмейді десек те болады. Сондықтан ол өзінің сан салалығына және кең ауқымдылығына байланысты «спорт падишасы» деп аталады. Бұл өте дұрыс қойылған атау, өйткені жеңіл атлетиканың элементтері спорттың барлық түрлерінде қолданылады. Жеңіл атлетика – бүгінгі таңда тек біздің елде ғана емес, дүние жүзінде кең таралған спорт түрі. Жеңіл атлетиканың негізгі жаттығулары – тегіс жерде жүгіру, бедерлі жерде жүгіру, жүру, кедергілермен жүгіру, ұзындыққа және биіктікке секіру, лақтыру, жеңіл атлетикалық көпсайыс.
Жүру мен жүгіру – адамның ең қарапайым негізгі қозғалыс түрі. Жүру циклі, екі қадам кезеңіндегі аяқ қозғалысының фазалары. Жалғыз тірек, қос тірек кезеңі, сыртқы және ішкі күштердің жұмыс кезіндегі әрекеттері. Спорттық жүрудегі дене салмағын жалпы орта нүктесінен қозғалыс жолы. Жүру кезіндегі қадам ұзындығы мен жиілігі, қозғалу жылдамдығы. Шартты ара қашықтық бөлінуі: сөре, сөрелік жылдамдық, ара қашықтықта жүгіру, мәрелік күш. Дене мен бастың қалпы. Тыныс алу жүйесi. Негiзгi бұрыштардың параметрi.
Жүру. Адам баласының табиғи жүруі бар. Екінші — жүрудің спорттық түрі бар. Әрине, екеуінің айырмашылығы жер мен көктей. Спорттық жүрістің негізгі ережесі, әрбір аттаған сайын, яғни, алдыға аттаған аяқтың өкшесі жерге тимейінше итерілетін аяқты жерден көтеруге болмайды. Демек, адамның екі аяғы да жерге тимейтіндей көтеріліп кететін фазасы болмауы керек. Бұл жағдайға кез келген спортшы қалыптасып үйрене бермейді. Табиғи жүрісте көтеріліп кететін фазасы болады. Яғни, жүгірудің алғы шарты орындалады. Спорттың жүріспен жарысқа қатысқан спортшы жүгіріп кетпес үшін көтеріліп кететін фазасын төрешілер мұқият қадағалайды
Жүгiрудiң жүруден ерекше айырмашылығы. Тiрек пен ұшу кезеңдерiнiң қайталануы. Iшкi және сыртқы күштердiң әрекетi. Инерция мағынасы. Қолдың жұмысы. Ұшу фазасындағы жүгiрушiнiң қозғалысы. Табанды жерге қоюдың негiзгi түрлерi: тiк қою, серпiлiс. Дене салмағы орта нүктесiнiң қозғалыс жолы. Дене мен бастың қалпы. Тыныс алу жүйесi.
Жүгiру техникасының бөлшектерi: сөре, сөреден шығу, қашық-тыққа жүгiру, мәреден өту, мәреден өткеннен кейiн тоқтау.
Достарыңызбен бөлісу: |