1. ПӘн туралы жалпы мәліметтер: Пән оқытушысы


Сағат саны:2 Тақырыптың негізгі жоспары



бет7/59
Дата02.01.2022
өлшемі1,09 Mb.
#108109
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   59
Байланысты:
Силлабус 1 (2), 1 (3)Жеңіл атлетика оқыту әдістемесімен

Сағат саны:2

Тақырыптың негізгі жоспары 1. Секірудің фазалары. 2. Жүгiру мен серпiлiу. 3. Ұшу және қону кезендері. 4. Биіктікке секіру. 5. Секiрушінің арнайы жаттығулары.

Дәріс тезисіСекіру — орында тұрып және жүгіріп келіп ұзындыққа секіру, биіктікке және сырықпен секіру, үш аттап секіру.Секіру бөлшектері – екпіндеп жүгіру, серпіліске дайындық, серпіліс, ұшу және қону.

Серпіліс механизмі-серпілістің тиімділігіне аяқ пен қолдың және дененің түзелуі қозғалысының маңыздылығы. Екпіндеп жүгіру мен серпілістегі жылдамдықты жоғарылату. Серпілу кезіндегі серпіліс бұрышы мен ұшу бұрышы. Бастапқы ұшу жылдамдығы. Дене салмағының орта нүктесінен ұшу кезіндегі жолы. Секірушінің ұшу кезіндегі қозғалысы және оның маңызы. Әр түрлі секіру кезіндегі қону міндеттері. Серпіліс пен қонудағы динамикалық жүктемелер. Бастапқы оқыту кезiнде секiрудiң қолайлы түрi «аяқты бүгiп» секiру. Екпiндеп жүгiруге серпiлуге, ұшуға , қонуға үйрету. Негiзгi секiру фазаларын бiртұтасқа бiрiктiру. Толық және бөлшектеп оқыту әдiсiн қолдану. Негiзгi қателер және оны түзету, ескерту.

Серпiлiс, екпiндеп жүгiру, қону техникасына үйрету. Ұшу фазасы техникасын игеру. Ұзындыққа секiру тәсiлдерi. Ұзындыққа секiрудi дұрыс қолдану үшiн арнайы жаттығуларды үйрету. Тәжiрибелiк және техникалық көрсеткiштерді тапсыру үшiн жаттығу.

Ұзындыққа секiруге студенттерге оқыту әдiстерiн үйрету. Секiру фазаларын дамыту бiлiмдерiне үйрету, қателердi көрсету оны түзету.

Биіктіктен секіру үшін спортшы ең әуелі сілтейтін және итерілетін аяқты анықтап алады. Шамамен 7-9 м жүгіретін жерін белгілейді. Әдетте, биіктікке секіретін спортшы кермеден секіруге жүгірген кезде аса жоғары жылдамдықпен бастағанымен, кермеге жақындаған кезде жылдамдық төмендейді. Себебі, спортшы секіруге дайындалады.Бүгінде биіктікке секірудің бүкіл әлемге тараған үш түрлі жаттығуы бар. Біріншісі — «аттап» секіру, екіншісі -алдыға қарай «аунап» секіру, үшіншісі — «шалқадан жатып өту». Қазір әлем бойынша ең жоғарғы көрсеткішті -«шалқадан жатып өту» әдісімен орындап отыр. Оқу процесінде қолданылатын секірудің ең қарапайым түрі «аттап» секіру. Сабақта биіктікке секіруді осы «аттап» секіруден бастайды. Секірудің негізгі айла-тәсілін үйрену үшін ең әуелі дұрыс жүгіріп келгенде сілтейтін аяқ дәл шығу керек. Сілтейтін аяқты кермеге қарай созғанда тізе бүгілмеуі керек. Екіншіден, итерілетін аяқ нақтылы өз орнына түсуі керек. Яғни, негізгі мақсат — итерілетін аяқтың қозғалысы дұрыс орындалуы керек. Сонда ғана жаттығудың орындалуы нәтижелі болады. Жаттығуды орындаушы жерге сілтеген аяғымен түседі. Кермеден сілтеген аяқ, өткеннен кейін итерілетін аяң мүмкіндік болғанша жоғары көтеріледі.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   59




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет