22
5. Көпмәдениетті тұлғаны тәрбиелеудегі отбасы мен мектептің ролі.
6. Білім беру ұйымдарында көпмәдениетті орта құрудың алғышарттары.
Дәріс тезисі:
Көпмәдениетті тұлға –
бұл индивид, өз мәдениеті
арқылы өзге мәдениеттерді
игеруге бағытталады.
Туған тілін, жалпы мәдениетін терең білу –
бұл өзге мәдениеттерге
қызығушылық қатынастың негізі, көптеген ұлттық, көркем мәдениеттермен танысу рухани баюға
және дамуға негіз болады.
Көпмәдениетті тұлға қалыптастыру бағытындағы жұмыстарды жүзеге асыруда мынадай мақсаттар
қойылады:
1)
жан-жақты, үйлесімді дамыған, ұлттық салт-дәстүрлер, қазақы
құндылықтар мен әлемдік
мәдениеттің негізінде шығармашылықпен өзін-өзі дамытуға қабілетті және этномәдениеттілік пен
азаматтық позициясын анықтап, оны іске асыра алатын тұлғаны қалыптастыру;
2) мектеп пен жоғары оқу орны түлектерін қазіргі өркениет
пен көпұлтты еліміздің өмір
жағдайына тиімді дайындау, өзін-өзі жетілдіру мүмкіндіктерін кеңейту, әлеуметтік өсуі мен өмір
сапаларын арттыру;
3) еліміздің білімдік және кәсібилік
деңгейі дәрежесін арттыру,
жастарды ашық көпмәдениетті
және көптілді әлемде жауапкершілікті және зиялы етіп дайындау, белсенді ұйымдастырушы етіп
тәрбиелеу.
Сондықтан да көпмәдениетті тұлға:
*өмір сүру жағдайларына бейімделген әрі өзге адамдармен әріптестік қатынас орната білетін;
*жеке, өзіне ғана тән ойы бар және өзге мәдени қоғамдар туралы көзқарастарын талдай алатын;
*дербес, өз ойын үнемі білдіре алатын, тәуелсіз болуы тиіс.
Көптілде оқыту – заман талабы десек, оның негізгі мақсаты, бірнеше тілді меңгерген, әлеуметтік
және кәсіптік бағдарға қабілетті, мәдениетті тұлғаны дамыту және қалыптастыру.
Достарыңызбен бөлісу: