1. ПӘн туралы жалпы мәліметтер: Пән оқытушысы


ПӘНДІ ӨТКІЗУ ФОРМАТЫ ЖӘНЕ ТЕХНИКАЛЫҚ ТАЛАПТАР



бет12/53
Дата11.05.2022
өлшемі5,04 Mb.
#141800
түріҚұрамы
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   53
Байланысты:
Утвержденный Силлабус Оптика
9 klass kaz, Хирургиядаң емтиханға арналған сұрақтар тізімі, cedrik, идеялар фабрикасы, Адал, Tanbaeva.presentation1, дурсталган
7.ПӘНДІ ӨТКІЗУ ФОРМАТЫ ЖӘНЕ ТЕХНИКАЛЫҚ ТАЛАПТАР:
Оқу сабақтарында (дәріс, практикалық сабақтар) қолданылатын әдіс-тәсілдер: интерактивті дискуссия, тренинг, есептер шығару, топтық жұмыс, жеке жұмыс және оқу процесін ұйымдастыру мен сүйемелдеудің ақпараттық-телекоммуникациялық технологиялары немесе бағдарламалық қамтамасыз етуге арналған техникалық талаптар:Мoodule, ZOOM, YouTube, Excel.


8. ОСӨЖ, СӨЖ кестесі:



ОСӨЖ / СӨЖ тапсырмасы

Тапсырма түрі



Тапсырманың берілу және орындалу мерзімі
(апта күні мен уақыты)

Берілген мерзімі

Берілген мерзімі




ОСӨЖ тапсырмалары


Жарықтың сфералық бетте сынуы мен шағылуы

Конспект

1-ші апта

1-ші апта


Жарық шамаларын өлшеу (Үш жақты призмалы фотометр, Люммер-Бродхун фотометрі).

Конспект

1-ші апта

2-ші апта


Оптикалық центрленген жүйе. Лагранж-Гельмгольц теоремасы

Конспект

1-ші апта

3-ші апта


Оптикалық жүйенің аберрациялары

Презентация

1-ші апта

4-ші апта


Электрондық оптика элементтері

Конспект

1-ші апта

5-ші апта


Когерентті толқын алу жолдары. Френель тәжірибелері, Ллойд айнасы

Конспект

1-ші апта

6-шы апта


Интерферометрлер (Рэлей, Жамен, Майкельсон, Линник, Фабри-Перо, Рождественский интерферометрлері)

Презентация

1-ші апта

7-ші апта


Рентген сәулелерінің дифракциясы

Презентация

1-ші апта

8-ші апта


Голография

Презентация

1-ші апта

9-шы апта


Анизотропты орта және оның қасиеттері

Презентация

1-ші апта

10-шы апта


Эфирге қатысты Физо және Майкельсон тәжірибелері

Конспект

1-ші апта

11-ші апта


Призмалы спектрлік приборлар

Презентация

1-ші апта

12-ші апта


Жарықтың комбинациялық шашырауы

Презентация

1-ші апта

13-ші апта


Оптикалық пирометрия

Презентация

1-ші апта

14-ші апта


Лазерлер

Конспект

1-ші апта

15-ші апта

СӨЖ тапсырмалары


Фотометрия

есептер шығару

1-ші апта

1-ші апта


Геометриялық оптиканың негізгі заңдары мен принциптері

есептер шығару

1-ші апта

2-ші апта


Жұқа линзада кескін алу

есептер шығару

1-ші апта

3-ші апта


Жарық интерференциясы

есептер шығару

1-ші апта

4-ші, 5-ші апта


Жарық поляризациясы

есептер шығару

1-ші апта

6-шы апта


Жарық дифракциясы

есептер шығару

1-ші апта

7-ші апта


Жарық дисперсиясы

есептер шығару

1-ші апта

9-шы апта


Жарықтың шашырауы. Жарықтың жұтылуы

есептер шығару

1-ші апта

10-шы,
11-ші апта


Жылулық сәуле шығару заңдары

есептер шығару

1-ші апта

12-ші, 13-ші апта


Жарықтың әсерлері

есептер шығару

1-ші апта

14-ші апта


ЕСКЕРТУ! ОСӨЖ сабақ кестесінен тыс бекітілген арнайы кестеге сәйкес, СӨЖ тапсырмаларын орындау пән оқытушысының жеке кестесіне сәйкес анықталады.

9. КУРСТЫҢ ТАҚЫРЫПТЫҚ ЖОСПАРЫ
9.1 Дәрістер
1 дәріс
Тақырыбы: Энергетикалық және жарықтық өлшем бірліктері.
Сағат саны: 1
Тақырыптың негізгі сұрақтары/ жоспары:Кіріспе. Физика пәнінде оптиканың орны және басқа пәндермен байланысы. Жарықтың электромагниттік табиғаты. Энергетикалық және фотометриялық ұғымдар мен шамалар: сәуле қуаты, сәуленің энергетикалық күші, энергетикалық жарықтылық, энергетикалық жарқырау, энергетикалық жарықталу, жарық күші, жарық ағыны, жарықталыну, жарықтылық. жарық бірліктері. Жарық шамаларын өлшеу
Дәріс тезисі
Фотометрия – оптикалық сәулеленудің әнергетикалық сипаттамаларын, жарық шығару, таралу және затпен әсерлесу үрдістерін қарастыратын оптиканың бөлімі.
Фотометриядағы әнергетикалық шамалар - оптикалық сәулеленудің әнергетикалық параметрлерін сипаттайды. Мұнда сәулеленудің ерекшеліктері мен қабылдағыштарға әсері ескерілмейді.
Жарық ағыны - W жарық әнергиясының жарық шығарылу уақытына қатынасы арқылы анықталатнын шама (жарық шығару, жарық қуаты ). Жарық ағыныныңөлшем бірлігіватт(Вт).
Ә нергетикалық жарқырау шамасы (сәуле шығарғыштығы) – жарық ағынының жарық шығаратын беттің S ауданына қатынасымен анықталатын шама (жарық ағынының беттік тығыздығы).Жарқырау шамасыныңөлшем бірлігіватт бөлінген метрдің шаршысы (Вт/м2).
Ж арықтың әнергетикалық күші (жарық күші) – нүктелік жарық көзінің жарық ағынының осы жарық таралатын денелік бұрышқа қатынасымен анықталатын шама. Жарық күшініңөлшем бірлігі - ватт бөлінген стерадин (Вт/ср).
Энергетикалық жарықтылық шамасы - жарық шығарушы бет әлементінің жарық күшінің осы әлементтің жазықтыққа проекциясының ауданына қатынасы арқылы анықталады, бұл жағдайда жазықтық бақылау бағытына перпендикуляр орналасқан. Жарықтылықтыңөлшем бірлігі- ватт бөлінген стерадиан метрдің шаршысы (Вт/ср·м2).
Энергетикалық жарықталу шамасы - жарық ағынының бірлік ауданға түсуі арқылы сипатталатын шама. Жарықталудың өлшем бірлігі - ватт бөлінген метрдің шаршысы (Вт/м2).
Оптикалық өлшеулерде пайдаланылатын әр түрлі қабылдағыштардың таңдау (сұрыптау, ажырату) қабілеті бар. Олардың әрқайсысы түрлі толқын ұзындықтарының әнергиясын сезу қисығымен сипатталады.
Жарық өлшеулері субъективті және объективті әнергетикалық өлшеулерден өзгеше болғандықтан, олар үшін тек көрінетін жарықты сипаттауға арналған жарық бірліктері енгізіледі.
Халықаралық бірліктер (СИ) жүйесінде I жарық күші негізгі бірлік болып табылады. Оның өлшем бірлігі кандела (кд) – жиілігі 540·1012 герц монохромат жарық шығаратын жарық көзінің берілген бағытындағы жарық күші. Ал оның осы бағыттағы әнергетикалық жарық күші 1/683 Вт/ср.
Жарық ағынының Ф (оптикалық жарықтың қуаты) өлшем бірлігілюмен (лм): 1лм дегеніміз – 1 ср денелік бұрыштың ішінде жатқан жарық күші 1 кд-ға тең нүктелік жарық көзінен шыққан жарық ағыны (1лм=1кд·ср).
Ж арқырау шамасы R – ауданы S жарық бетінен шығатын толық жарық ағыны. Жарқырау шамасыныңөлшем бірлігілюмен бөлінген метрдің шаршысы (лм/м2).
Ж арық көзінің В жарықтылығы деп жарық көзінен берілген бағытта денелік бұрыш ішінде таралған жарық ағынының сол бұрышқа және жарық көзінің көрінер бетіне қатынасы айтылады.Жарықтылық шамасыныңөлшем бірлігі - канделла бөлінген метрдің шаршысы (кд/м2).
Ж арықталу шамасы E деп жарық түскен S беттің бірлік ауданына келетін жарық ағынын айтады. Жарықталу шамасының өлшем бірлігілюкс (лк): 1лк – бетінің ауданы бір шаршы метрге түсетін 1лм жарық ағыны (1лк=1лм/м2).
Бекіту сұрақтары

  1. Оптика сөзінің мағынасы қандай?

  2. Жарықтың электромагниттік табиғаты туралы болжамды қай ғалым айтқан?

  3. Жарықтың екіжақтылық (дуализмдік) қасиеті дегеніміз не?

  4. Оптикалық сәулелердің шекарасы қандай аймақты қамтиды?

  5. Оптика шартты түрде нешеге бөлінеді?

  6. Фотометрия немен шұғылданады?

  7. Ерте замандағы оптиканың немен шұғылданды?

  8. Орта ғасыр дәуіріндегі оптика дамуы?

  9. XVII-XVIII ғ.ғ. Оптиканың дамуы?

  10. XIX ғ. Оптиканың дамуы?

  11. XX ғ. Оптиканың даму тарихы?

  12. Энергетикалық шамаларды атаңыз.

  13. Фотометриялық шамаларды атаңыз.

  14. Жарық күші дегеніміз не? Өлшем бірлігі қандай?

  15. Жарықталыну дегеніміз не? Өлшем бірлігі қандай?

  16. Жарқырау дегеніміз не? Өлшем бірлігі қандай?

  17. Жарықтылық дегеніміз не? Өлшем бірлігі қандай?

Әдебиет

  1. Қоразов Т.А. Оптика: оқу құралы. -Ақтөбе: Қ. Жұбанов ат. АӨМУ БО,2017.

  2. Жуманов К.Б. Оптика негіздері. 1,2-бөлімдер. - Алматы: Қазақ университеті, 2007.

  3. Шункеев К.Ш. Оптика. -Актобе: АГПИ, 2012.

  4. Құлбекұлы М. Электромагниттік тербелістер мен толқындар. Оптика: оқу құралы. -Алматы: Қарасай, 2010. РМЭБ



2 дәріс
Тақырыбы: Геометриялық оптиканың негізгі принциптері мен заңдары.
Сағат саны: 1
Тақырыптың негізгі сұрақтары/ жоспары:Геометриялық оптиканың негізгі заңдары: жарықтың түзу сызықты таралу заңы, жарық шоқтарының тәуелсіздік заңы, жарықтың шағылу және сыну заңдары. Жарықтың жазық бетте шағылуы және сынуы: жарықтың жазық айнадан шағылуы, жарықтың жазық-параллель пластинкадан өтуі, жарықтың призмадан өтуі. Толық ішкі шағылу құбылысы және шекті бұрыш
Дәріс тезисі
Жарықтың табиғаты толық анықталғанға дейін төменде келтірілген заңдар белгілі болған:
Жарықтың түзу сызық бойымен таралу заңы – жарық сәулелері оптикалық біртекті ортада түзу сызық бойымен таралады.
Жарық сәулесі – бойынан жарық әнергиясы тасымалданатын сызық.
Біртекті ортада жарық сәулелері түзу сызықтар сияқты болады.
Жарық шоқтарының тәуелсіздік заңы – жарықтың бір шоғыныңың тудыратын әсері басқа шоқтардың әсерлеріне тәуелді емес, яғни жарық шоқтары бір - біріне ықпалын тигізбейді.
Шағылу заңы – тегіс бетке түскен сәуле, шағылған сәуле және екі ортаның бөліну шекарасындағы түсу нүктесі арқылы жүргізілген нормаль бір жазықтықта жатады; шағылу бұрышы түсу бұрышына тең:
Сыну заңы – түскен сәуле, сынған сәуле және екі ортаның бөліну шекарасындағы түсу нүктесі арқылы жүргізілген нормаль бір жазықтықта жатады, түсу бұрышының синусының сыну бұрышы синусына қатынасы берілген екі орта үшін тұрақты шама болып табылады, мұндағы n21 – екінші ортаның бірінші ортаға қарағандағы салыстырмалы сыну көрсеткіші. Ол е кі ортаның абсолют сыну көрсеткіштерінің қатынасына тең.
Сәйкесінше, сыну заңы былай өрнектеледі:
Ортаның абсолют сыну көрсеткіші дегеніміз әлектромагниттік толқындардың вакуумдағы жылдамдығының олардың ортадағы фазалық жылдамдығына қатынасына тең болатын физикалық шама n.
болғандықтан, онда , мұндағы және - сәйкесінше ортаның әлектрлік және магниттік өтімділіктері.
Егер жарық n1 сыну көрсеткіші көбірек ортадан (оптикалық тығыздығы жоғары) n2сыну көрсеткіші азырақ (оптикалық тығыздығы төмен) ортаға таралатын болса (n1>n2) (мысалы, шыныдан ауаға немесе судан ауаға), онда

Осының нәтижесінде сыну бұрышы түсу бұрышынан үлкен болады. Түсу бұрышын үлкейте отырып, қандай да бір шекті бұрышта сыну бұрышы тең болады. Түсу бұрыштары болғанда түскен жарықтың бәрі толығымен шағылады.
Түсу бұрыштарының мәндері тең болғанда, сәуле сынбай толығымен бірінші ортаға шағылады. Бұл жағдайда шағылған және түскен сәулелердің қарқындылығы бірдей болады.
Бұл құбылыс жарықтың толық ішкі шағылуы деп аталады.
Шекті бұрыш төменде келтірілген қатынас арқылы анықталады:

Бекіту сұрақтары

  1. Геометриялық оптиканың негізгі принциптері мен заңдарын айтыңыз

  2. Жарықтың сыну және шағылу заңдары қалай тұжырымдалады?

  3. Түсу бұрышы дегеніміз не?

  4. Сыну бұрышы қалай анықталады?

  5. Шағылу бұрышы дегеніміз не?

  6. Жарықтың жазық айнадан шағылуын сипаттаңыз

  7. Жарықтың жазық-параллель пластинкадан өту құбылысын түсіндіріңіз

  8. Жарықтың призмадан өту жолдарын сипаттаңыз

  9. Призманың сыну көрсеткіші қалай анықталады?

  10. Сындыру бұрышы дегеніміз не?

  11. Бұрылу бұрышы дегеніміз не?

  12. Толық ішкі шағылу құбылысын түсіндіріңіз

  13. Толық ішкі шағылудың шекті бұрышы қалай анықталады?

  14. Ферма принципі.



Әдебиет

  1. Қоразов Т.А. Оптика: оқу құралы. -Ақтөбе: Қ. Жұбанов ат. АӨМУ БО,2017.

  2. Жуманов К.Б. Оптика негіздері. 1,2-бөлімдер. - Алматы: Қазақ университеті, 2007.

  3. Шункеев К.Ш. Оптика. -Актобе: АГПИ, 2012.

  4. Құлбекұлы М. Электромагниттік тербелістер мен толқындар. Оптика: оқу құралы. -Алматы: Қарасай, 2010. РМЭБ



3 дәріс
Тақырыбы: Оптикалық жүйе. Линза.
Сағат саны: 1
Тақырыптың негізгі сұрақтары/ жоспары:Орталықтандырылған оптикалық жүйе, жүйенің ұлы оптикалық осі, ұлы жазықтықтар. Сфералық айна. Линза және оның түрлері. Жұқа линза формулалары. Жұқа линзадағы нәрсенің кескіні. Линзаның ұлғайтуы
Дәріс тезисі
Е кі жағы қисықсызықты бетпен шектелген мөлдір дене линза деп аталады (дербес жағдайда екі беттің біреуі жазық болады). Сыртқы пішініне қарай линзалар
1) екі жағы дөңес (дөңес);
2) бір жағы дөңес, екінші жағы жазық (дөңес жазық);
3) екі жағы ойыс (ойыс);
4) бір жағы ойыс, екінші жағы жазық (ойыс жазық);
5 ) бір жағы дөңес, екінші жағы ойыс (дөңес ойыс) болып бөлінеді.
Л инзаның қалыңдығы екі бетінің R1 және R2 қисықтық радиустарынан әлдеқайда аз болса, онда мұндай линза жұқа линза деп аталады. Оптикалық схемаларда линзалар жоғары – төмен бағытталған бағдармен белгіленеді.
Дөңес бет үшін қисықтық радиус R>0; ойыс бет үшін R<0. Линза беттерінің қисықтықтарының центрлерінен өтетін түзу бас оптикалық ось деп аталады.
Бас оптикалық осьте орналасқан және одан сәулелер өткенде сынбайтын қасиеті бар нүкте линзаның оптикалық центрі деп аталады (әдетте оны О деп белгілейді).
Линзаның оптикалық центрінен өтетін бірақ бас оптикалық осьпен сәйкес келмейтін түзулер жорамал оптикалықосьтер деп аталады.
Бас оптикалық оське параллель таралатын жарық шоғының сәулелері қиылысатын F нүкте линзаның фокусы деп аталады. Линзаның фокусы бас оптикалық ось бойында жатады.
Линзаның фокусы арқылы өтетін және бас оптикалық оське перпендикуляр орналасқан жазықтық фокалдық жазықтық деп аталады.
Линзаның оптикалық центрі O мен фокустың F арасындағы қашықтық фокустық қашықтық f деп аталады:




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   53




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет