1. ПӘн туралы жалпы мәліметтер: Пән оқытушысы



бет14/53
Дата11.05.2022
өлшемі5,04 Mb.
#141800
түріҚұрамы
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   53
Байланысты:
Утвержденный Силлабус Оптика
9 klass kaz, Хирургиядаң емтиханға арналған сұрақтар тізімі, cedrik, идеялар фабрикасы, Адал, Tanbaeva.presentation1, дурсталган
Бекіту сұрақтары

  1. Көзді оптикалық жүйе ретінде қалай қарастыруға болады?

  2. Көз қарашығы қайда орналасқан?

  3. Көздің жарық сезгіш бөлігі қалай аталады?

  4. Көздің тереңдігі дегеніміз не?

  5. Аккомодация деп нені айтамыз?

  6. Көздің жақыннан және алыстан көргіштік кемшіліктерін түсіндіріңізанық көру қашықтығы нешеге тең?

  7. Қандай приборлар визуаль оптикалық приборлар деп аталады?

  8. Лупа дегеніміз не? Оның бұрыштық ұлғайтуы қалай анықталады?

  9. Микроскоптың дегенімізне және оның құрылысы қандай?

  10. Микроскоптың ұлғайтуы қалай анықталады?

  11. Көру трубалары дегеніміз не?

  12. Телескоптың ажырату күші неге тәуелді?

  13. Микроскоптың ажырату күші қандай параметрлерге тәуелді болады?

Әдебиет

  1. Қоразов Т.А. Оптика: оқу құралы. -Ақтөбе: Қ. Жұбанов ат. АӨМУ БО,2017.

  2. Жуманов К.Б. Оптика негіздері. 1,2-бөлімдер. - Алматы: Қазақ университеті, 2007.

  3. Шункеев К.Ш. Оптика. -Актобе: АГПИ, 2012.

  4. Құлбекұлы М. Электромагниттік тербелістер мен толқындар. Оптика: оқу құралы. -Алматы: Қарасай, 2010. РМЭБ



5 дәріс
Тақырыбы:Жарық интерференциясы.
Сағат саны: 1
Тақырыптың негізгі сұрақтары/ жоспары:Жарық толқындарының когеренттігі және монохроматтығы. Жарық интерференциясы және оны бақылау әдістері: Юнг тәжірибесі, Френель тәжірибелері. Жарықтың жұқа пленкаларда интерференциялану. Оптикалық жол айырымы. Шағылған және өткінші жарықтағы интерференцияның максимум және минимум шарттары. Бірдей қалыңдық жолақтары. Ньютон сақиналары. Бірдей көлбеулік жолақтары. Интерферометрлер. Жарық интерференциясының қолданылуы. Көпсәулелі интерференция.
Дәріс тезисі
Ж арықтың толқындық теориясы Гюйгенс приципіне негізделген. Ол былай тұжырымдалады: толқын таралғанда жететін нүкте келесі (екінші ретті) толқындардың көзі болады. Ал осы толқындардың таралғанда пайда болатын беті толқындық фронт деп аталады.
Гюйгенс принципін пайдалана отырып, жарықтың шағылу және сыну заңдары қорытып шығаруға болады.
Айталық, екі ортаның бөліну шегарасына I бойымен бағытталған жазық толқын түссін (АВ – жазық толқын). (t - уақытында) жарық фронты ВС қашықтығын жүрсе, екінші ретті толқындардың фронты А нүктесінен АD қашықтығын жүреді. Жарық шағылғанда: , сәйкесінше .
Жарық сынғанда: t – уақытында түскен толқынның фронты ВС=v1t жол жүреді, ал сынған толқынның фронты - AD=v2 t.
қатынасынан келесі қатынастар шығады:



Бірнеше тербелмелі немесе толқындық үрдістердің уақыт және кеңістік бойынша үйлесімді (өзара байланысты) өтуі когеренттілік деп аталады.


Жиілігі белгілі бір мәнге тең және тұрақты болатын толқындар монохромат толқындар деп аталады. Монохромат толқындар – когерентті толқындар болып табылады.
Табиғи жарық көздері монохромат жарық шығармайды, сондықтан кез келген бір-бірінен тәуелсіз жарық көздері шығаратын толқындар әрқашан когерентті бола бермейді. Жарық көзінде атомдар жарық шығарады, ал олардың әрқайсысы өте аз ≈10-8с уақыт аралығында жарық шығарады.
Тек осы уақыт аралығында ғана атом шығаратын толқындардың амплитудасы мен тербелу фазасы тұрақты болады.
Монохромат емес жарық көзін атомдар шығаратын бір - бірін алмастыратын қысқа гормониялық импулсьтердің жиынтығы ретінде қарастыруға болады. Осы жиынтық толқындық цуг деп аталады.
Бір цугтың орташа жалғасу уақыты когеренттілік уақыты деп аталады.
Егер толқын бір текті ортада таралатын болса, онда тербелу фазасы кеңістіктің белгілі бір нүктесінде тек когеренттілік уақытында ғана сақталады. Бұл уақыт аралығында толқын вакуумда жол жүреді, осы жүрген жол когеренттілік ұзындығы (немесе цугтың ұзындығы) деп аталады. Сол себепті жарық интерференциясын, пайдаланып отырған жарық көзі үшін, тек когеренттілік ұзындығынан аз оптикалық жол айырымдарда бақылау мүмкін.
Уақыттық когеренттілік - толқынның монохроматтық дәрежесімен анықталатын тербелістердің когеренттілігі. Осы тербелістер кеңістіктің белгілі бір нүктесінде орын алады. Уақыттық когеренттілік тек толқынның фазалық айырмасы берілген нүктеде π-ге тең болғанша жалғасады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   53




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет