1. ПӘн туралы жалпы мәліметтер: Пән оқытушысы



бет15/53
Дата11.05.2022
өлшемі5,04 Mb.
#141800
түріҚұрамы
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   53
Байланысты:
Утвержденный Силлабус Оптика
9 klass kaz, Хирургиядаң емтиханға арналған сұрақтар тізімі, cedrik, идеялар фабрикасы, Адал, Tanbaeva.presentation1, дурсталган
Когерентілік ұзындығы - когеренттілік уақыт аралығында толқынның жүріп өткен жолы.
Толқынның цугы таралу бағытына перпендикуляр жазықтықта екі нүктенің арасындағы фазалық айырымның кездейсоқ өзгерісі осы нүктелердің арақашықтығының өсуімен бірге өседі.
Кеңістіктік когеренттілік - тербелістердің бір уақыт мезетіндегі, бірақ осындай жазықтықтың әр түрлі нүктелеріндегі когеренттілік.Егер осы нүктелерде фазалардың айырмасы π -ге тең болса,кеңістіктік когеренттілік жоғалады.
Кеңістіктік когеренттіліктің ұзындығы (когеренттілік радиусы):

мұндағы λ - толқын ұзындығы, –фазалар айырмасы.
Жарық интерфренциясын бақылау үшін жарық көздері шығаратын толқындар кеңістіктік когерентті болу керек.
Екі немесе одан да көп когерентті жарық толқындарының кеңістікте қабаттасуынан пайда болатын құбылыс жарық интерференциясы деп аталады. Жарық толқындарының кеңістікте қабаттасуының нәтижесінде кеңістіктің әр түрлі нүктелерінде қорытқы толқынның амплитудасы күшейеді немесе әлсірейді.
Айталық, берілген M нүктесінде циклдік жиілігі екі монохромат толқын екі тербеліс тудырсын және М нүктесіне дейін бір толқын сыну көрсеткіші n1 ортадан фазалық жылдамдықпен s1 жол жүрсін, ал екінші толқын n2 ортадан фазалық жылдамдықпен s2 жолын жүрсін:



Қорытқы тербелістің амплитудасы:
Қорытқы толқынның интенсивтілігі :

М нүктесінде пайда болған тербелістердің фазаларының айырмасы төмендегі өрнекпен анықталады:

(мұндағы ; - толқынның вакуумдағы ұзындығы).
Жарық толқынының берілген ортадағы s жолының геометриялық ұзындығының осы ортаның n сыну көрсеткішіне көбейтіндісі жолдың оптикалық ұзындығы деп аталады:
Толқындардың жүрген жолдарының оптикалық ұзындықтарының айырмасы жолдың оптикалық айырмасы деп аталады.
Интерференцияның максимум шарты.
Егер оптикалық жол айырмасы вакуумдағы толқын ұзындықтарының бүтін санына тең болса (жарты толқынның жұп санына):

Онда және М нүктесінде пайда болған тербелістер бірдей фазада таралады.
Интерференцияның минимум шарты.
Егер оптикалық жол айырмасы жарты толқынның тақ санына тең болса,

Онда және М нүктесінде пайда болған тербелістер бір-біріне қарама-қарсы фазада таралады.
Бекіту сұрақтары

  1. Жарықтың интерфенциясы құбылысын түсіндіріңіз

  2. Когерент толқындар дегеніміз не?

  3. Юнг тәжірибесін түсіндіріңіз

  4. Когерент толқындарды қандай тәсілдермен алуға болады?

  5. Интерферометрлер дегеніміз не? Қандай түрлерін білесіз?

  6. Френель тәжірибелерін түсіндіріңіз

  7. Интерференцияның максимум және минимум шарттары?

  8. Ньютон сақиналарын қалай бақылауға болады?

  9. Ньютон сақиналарының радиустары қалай анықталады?

  10. Жарық интерференциясының қоданылуы?

Әдебиет

  1. Қоразов Т.А. Оптика: оқу құралы. -Ақтөбе: Қ. Жұбанов ат. АӨМУ БО,2017.

  2. Жуманов К.Б. Оптика негіздері. 1,2-бөлімдер. - Алматы: Қазақ университеті, 2007.

  3. Шункеев К.Ш. Оптика. -Актобе: АГПИ, 2012.

  4. Құлбекұлы М. Электромагниттік тербелістер мен толқындар. Оптика: оқу құралы. -Алматы: Қарасай, 2010. РМЭБ



6 дәріс
Тақырыбы:Жарық поляризациясы
Сағат саны: 1
Тақырыптың негізгі сұрақтары/ жоспары:Табиғи және поляризацияланған жарық. Поляроид. Малюс заңы. Жарықтың шағылу және сыну кезінде поляризациялануы. Брюстер заңы. Жарық сәулесінің қосарланып сынуы. Поляризациялық аспаптар: николь призмасы, исланд шпаты, турмалин. Жарықтың эллипстік және дөңгелек поляризациясы. Керр эффекті, Коттон-Мутон эффекті. Поляризацияланған жарықтың тербеліс жазықтығының бұрылуы. Фарадей эффекті.
Дәріс тезисі
Жарық денеге әсер еткенде жарық толқынның әлектромагниттік өрісінің әлектрлік құраушысының мәні өте зор, себебі әлектр өрісі заттың атомдарындағы әлектрондарға үлкен ықпал етеді. Сол себепті, поляризацияның заңдылықтарын сипаттау үшін біз тек жарық векторы - оның ішінде әлектр өрісі кернеулігінің векторын қарастырамыз.
Жарық көптеген тәуелсіз жарық шығаратын атомдардың әлектромагниттік сәулелерінің қосындысы болып келеді. Осыған байланысты, векторының барлық ориентациялары тең ықтималды болады. Осындай жарық табиғи жарық деп аталады (сурет (а)).
Поляризацияланған жарық деп векторының тербеліс бағыты реттелген жарықты айтады.
Аздап поляризацияланған жарық деп (сурет (б)) негізінен векторының тербеліс бағытымен сипатталатын жарық.
Жазық поляризацияланған жарық деп – векторы тек сәуле өтетін бір жазықтықта тербелетін жарықты айтады (жоғарғы суреттегі (в) және төменгі суреттегі (а) және (б)). Бұл жазықтық - поляризация жазықтығы деп аталады.
Е гер векторының ұштары уақыт өте сәулеге перпендикуляр жазықтықта шеңберді немесе әллипсті бейнелесе (сурет (в)), онда жарық циркулярлы немесе әллипстіполяризацилянған деп аталады.
П оляризациялану дәрежесі деп Р шамасы аталады:

мұндағыImax және Imin – сәйкесінше поляризацияланған жарықтың максимал және минимал интенсивтіліктері. Табиғи жарық үшін Imax =Imin және Р=0, жазық поляризацияланған жарық үшін Imin=0 және Р=1.


Табиғи жарықты, тек белгілі бір бағыттағы тербелістерді өткізетін, поляризаторлар деп аталатын затты пайдалана отырып, жазық поляризацияланған жарыққа түрлендіруге болады. Поляризатор ретінде векторының тербелуіне қатысты анизатропты орталар қолданылады.
Интенсивтілігі Iтабиғи табиғи жарықты Т1поляризаторынан өткізелік. Поляризатор жазықтығымен φ бұрыш жасайтын жазықтықта тербелетін А тербеліс амплитудасын А||=Acosφ және A_|_=A sinφ екі тербеліске жіктеуге болады. Өткен толқынның интенсивтілігі А2||=A2cos2φ пропорционал. Табиғи ж арықтаφ –дің барлық мәні тең ықтималды, осыған байланысты поляризатордан өткен жарықтың бір бөлігі орташа мәніне тең болады, ал бірінші Т1поляризатордан өткен жазық поляризацияланған жарықтың интенсивтілігі:
Ж азық поляризацияланған жарықтың жолына бірінші поляризаторға ψ бұрыш жасайтындай етіп екінші Т2 поляризаторды (анализатор) қоялық. Анализатордан өткен жарықтың I интенсивтілігі ψ бұрышқа тәуелді өзгереді – Малюс заңы бойынша :


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   53




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет