1. ПӘн туралы жалпы мәліметтер: Пән оқытушысы



бет16/53
Дата11.05.2022
өлшемі5,04 Mb.
#141800
түріҚұрамы
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   53
Байланысты:
Утвержденный Силлабус Оптика
9 klass kaz, Хирургиядаң емтиханға арналған сұрақтар тізімі, cedrik, идеялар фабрикасы, Адал, Tanbaeva.presentation1, дурсталган
I=I0cos2ψ
С әйкесінше екі поляризатордан өткен жарықтың интенсивтілігі:
О сыдан поляризаторлар параллель болғанда, поляризаторлар бір-біріне ψ=900бұрыш жасағандаImin=0.


Бекіту сұрақтары

  1. Табиғи жарық дегеніміз не?

  2. Жарықтың поляризация құбылысын қалай түсінесіздер?

  3. Малюс заңы

  4. Брюстер заңы

  5. Жарық сәулелерінің қосарланып сынуын түсіндіріңіз

  6. Николь призмасы, поляроид дегеніміз не?

  7. Жарықтың эллипстік және дөңгелектік поляризациясын қалай түсінесіздер?

  8. Керр эффектісін түсіндіріңіз

  9. Фарадей эффектін түсіндіріңіз

Әдебиет

  1. Қоразов Т.А. Оптика: оқу құралы. -Ақтөбе: Қ. Жұбанов ат. АӨМУ БО,2017.

  2. Жуманов К.Б. Оптика негіздері. 1,2-бөлімдер. - Алматы: Қазақ университеті, 2007.

  3. Шункеев К.Ш. Оптика. -Актобе: АГПИ, 2012.

  4. Құлбекұлы М. Электромагниттік тербелістер мен толқындар. Оптика: оқу құралы. -Алматы: Қарасай, 2010. РМЭБ

7 дәріс
Тақырыбы: Жарық дифракциясы
Сағат саны: 1
Тақырыптың негізгі сұрақтары/ жоспары:Дифракция құбылысы. Гюйгенс принципі. Гюйгенс-Френель принципі. Жарықтың түзу сызықты таралуы. Френель зоналары. Френельдің зоналық пластинкасы. Френель дифракциясы немесе тоғысатын сәулелер дифракциясы. Дөңгелек кішкене тесіктен өткен жарықтың және дөңгелек кішкене экран шетінен жарықтың дифракциясы. Фраунгофер дифракциясы немесе параллель сәулелер дифракциясы. Параллель сәулелердің тар саңылаудан өткенде және кішкене дөңгелек тесіктен өткенде дифракциялануы. Дифракциялық торлар. Дифракциялық тор дисперсиясы мен ажырату қабілеті. Дифракциялық тордың негізгі сипаттамалары және оның бұрыштық дисперсиясы
Дәріс тезисі
Толқындардың жолдарында кездесетін кедергілер мен бөгеттерді орап, айналып өту құбылысы дифракция деп аталады. Кең мағынада, дифракция деп жарықтың түзу сызықты жолдан бұрылу құбылысы айтылады. Яғни, толқынның түзу сызықты таралуынан, геометриялық оптиканың заңдарынан ауытқуы дифракция деп аталады.
Дифракцияны Гюйгенс принципі түсіндіреді - екінші ретті толқындар бірінші ретті толқындардың алдындағы кедергілер мен бөгеттерден бұралып айналып өтеді.
Френель Гюйгенс принципін екінші ретті толқындардың когерентті болуымен және олардың интерференциясымен толықтырды.
Гюйгенс – Френель принципі бойынша S жарық көзінен шыққан жарық толқыны екінші ретті когерентті толқындардың суперпозициясы (қосындысы) ретінде өрнектеледі, екінші ретті толқындар болса, екінші ретті жарық көздерінен таралады. Ал, екінші ретті жарық көздері дегеніміз S жарық көзін қамтып жататын кез келген тұйық беттің шексіз аз әлементері.
Б іртекті ортада S нүктелік жарық көзінен таралатын жарық толқынының амплитудасын кез келген М нүктесінде қарастыралық. Гюйгенс – Френель принципі бойынша жарық көзінің әсерін жорамал жарық көздермен алмастырайық. Бұл жорамал жарық көздері S жарық көзінен шығатын толқын фронтының беті болып табылатын ойша алынған Ф беттінде (центрі S сфералық бетте) орналасады. Осы Ф толқындық бетін ойша сақина тәрізді зоналарға бөлеміз. Ол үшін М –ді центр деп алып, көршілес сақиналардың радиустарының бір-бірінен айырмаларын жарты толқын ұзындығына тең деп аламыз. Сонда, 1, 2,… m-ші зоналардың тербеліс амплитудаларын А1 , А2 , ... Аm (бұл жағдайда ) арқылы белгілеп қорытқы тербелістің амплитудасын аламыз:
А= А1 + А2 – А3 + А4 ...
Толқындық бетті осылайша зоналарға бөлгенде, m-ші зонаның тербеліс амплитудасы Аmосы зонаға көршілес жатқан зоналардың тербеліс амплитудаларының арифметикалық орташа мәніне тең болады:
.
Онда М нүктесіндегі қорытқы амплитуда:



тең болады, себебі m>>1, А1>>Аm. Барлық Френель зоналарының ауданы
-ге тең, мұдағыa – SP0 кесіндісінің ұзындығы немесе Ф сфераның радиусы, b –PM0 кесіндісінің ұзындығы. m-ші Френель зонасының сыртқы бөлігінің радиусы
.
Егер a=b=10см және λ=500нм болғанда, бірінші зонаның радиусы r1=0,158мм болатын еді. Осының салдарынан жарықтың S- тен М- ге қарай таралуы жарық ағынының өте жіңішке каналдың ішіненбойымен, яғни түзу сызық бойымен таралғандай болады.
Демек, Гюйгенс – Френель принципі жарықтың біртекті ортада түзу сызық бойымен таралуын түсіндіруге мүмкіндік береді.
Бекіту сұрақтары

  1. Жарықтың дифракция құбылысы дегеніміз не?

  2. Гюйгенс принципі қалай тұжырымдалады?

  3. Гюйгенс-Френель принципін түсіндіріңіздер

  4. Зоналық пластинка дегеніміз не?

  5. Френельдің зоналар әдісін түсіндіріңіз

  6. Тоғысатын сәулелер дифракциясын қалай түсінесіздер

  7. Фраунгофер дифракциясы

  8. Дифракциялық тор дегеніміз не? Тор тұрақтысы қандай шамаларға тәуелді?

  9. Дифракциялық тордың дисперсиясы мен ажырату қабілеті қалай анықталады?

  10. Дифракциялық тордың негізгі сипаттамаларын атаңыздар

  11. Бұрыштық дисперсия дегеніміз не?

Әдебиет

  1. Қоразов Т.А. Оптика: оқу құралы. -Ақтөбе: Қ. Жұбанов ат. АӨМУ БО,2017.

  2. Жуманов К.Б. Оптика негіздері. 1,2-бөлімдер. - Алматы: Қазақ университеті, 2007.

  3. Шункеев К.Ш. Оптика. -Актобе: АГПИ, 2012.

  4. Құлбекұлы М. Электромагниттік тербелістер мен толқындар. Оптика: оқу құралы. -Алматы: Қарасай, 2010. РМЭБ





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   53




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет