2 ПРАКТИКА БАЗАСЫНЫҢ СИПАТТАМАСЫ
«Мурат Фарм» ЖШС, дәрі-дәрмек зертханасы 2003 жылы құрылды. «Мурат Фарм» ЖШС компаниясының жалпы ауданы 1200 метр квадратты құрайды.
«Мурат Фарм» ЖШС, дәрі дәрмек зертханасы 2008 жылы ашылып, өз жұмысын штрих-кодтаудан бастады. Одан әрі компания өз жұмысын кеңейтіп Қазақстан аумағында нарық жүйесіне байланысты бірнеше қоймаларын ашты. 2015 жылдың сәуір айында «AТAMIRAS.S» ЖШС компаниясымен бірлесіп бөлшек сауда қоймасы ашылды.
Компанияның міндеті: Дамудың жоғары қарқынын және қызмет көрсетудің үздік стандарттарын белгілей отырып, отандық дәріхана желілерінің деңгейін жоғары әлемдік стандарттарға дейін көтеру.
Компанияның мақсаты: Біздің түпкілікті стратегиялық мақсатымыз – дәрі-дәрмек пен парафармация өнімдерін бөлшек саудамен қамтамасыз ететін компаниялар арасында лайықты орынға қол жеткізу
Murat Pharm бренді:
• Фармацевтикалық нарықта 15 жыл және жоғары беделді Дәріханалар форматы – фармамаркет – ашық сауда алаңында тауарлардың кең ассортиментін ұсына отырып, сапалы қызмет көрсету брендтердің бірі;
• Түркістан облысындағы ірі аймақтық дистрибьютор болып табылады;
• Бизнестің бірнеше бағыттары бар;
• 200-ден астам қызметкер жұмыс жасайды;
• Шымкент қаласында 27 дәріхана, Жетісайда 6 дәріхана, Астанада 3 дәріханасы бар.
«Мурат-Фарм» ЖШС компаниясының артықшылықтары:
1. Бөлшек сауда желісі
2. Дамыған инфрақұрылым
3. Ұсынылатын дәрілердің ең кең ассортименті
4. Достық қызмет, әрбір клиентке жеке көзқарас
5. Сатып алушылар үшін тұрақты акцияларды өткізу
6. Бәсекеге қабілетті бағалар
«Мурат Фарм» дәріханасы - өз денсаулығына мұқият қарайтын барлық тұтынушылардың қажеттіліктерін қамтамасыз ететін дәріханалар жиынтығы.
Дәріханалар форматы – фармамаркет – ашық сауда алаңында дәрілік заттардың кең ассортиментін ұсына отырып, сапалы қызмет көрсету болып табылады. Ашық сауда алаңы сатып алушыға дәрілік затты көруге және нұсқаулықпен танысуға мүмкіндік береді.
03.06.2024 күні университеттегі практика жетекшісі Сеитманбетова Айман Омиртаевна 07.05.2024 ж аралығында практика өтетін «Мурат-Фарм» ЖШС, дәрі-дәрмек зертханасына алып барып, кәсіпорын практика жетекшісі Тажбенова Нуржамал Асановнамен таныстырды [2].
Сурет 1 - «Мурат Фарм» ЖШС дәріханасы
Сурет 2 – «Мурат Фарм» ЖШС, дәрі-дәрмек зертханасы
03.06.2024 күні «Мурат Фарм» ЖШС Мангелдина, 40 мекенжайында орналасқан №3 дәріханасына барып, дәріханадағы жұмыстың жүргізілу барысымен таныстыра отырып, іс-тәжірибеге жіберді. Дәріхана жетекшісі Ганиева Наргиза Сабировна дәріхана жайлы, дәрілік заттар және олардың түрлері туралы, дәрілік заттардың орналасу реті бойынша көптеген мәліметтер айтып өтті. Практика барысында провизордың келушімен сөйлесу алгоритмін үйретті. Алгоритм:
1.Амандасу;
2.Қажеттіліктерді анықтау үшін сұрақтар қою;
3.Жауапкершілікті өзіңізден алып тастау;
4.Ұсыныс кезінде кем дегенде 3 қажеттілікке назар аудару;
5.Клиентті сіздің ұсынысыңыздың дұрыстығына 3 «иә» техникасымен сендіру.
Сонымен қатар дәріхана функциялары мен дәріхана бөлімдерін келесідей топтарға бөліп қарастырды;
Дәріхана келесі функцияларды орындайды: логистикалық (қабылдау, сақтау және тауар қорларын басқару); өндірістік (рецептілерді қабылдау, дайындау, дәрігердің рецептері); өткізу (өткізу рецептуралық және рецептісіз демалыс тауарлары); ақпараттық; маркетингтік (оның ішінде ассортименттік және баға саясатын жүзеге асыру); әлеуметтік; медициналық(қажет болған жағдайда дәрігерге дейінгі алғашқы көмек көрсету).
Осы функцияларды жүзеге асыру үшін дәріханада келесі бөлімдер құрылуы мүмкін:
рецептуралық-өндірістік,
дайын дәрілік нысандар,
дәрі-дәрмектерді рецептсіз босату,
парафармацевтикалық өнімдер, оптика, қорлар бөлімі, әлеуметтік және т. Б [3].
Сурет 3 - Дәріханадағы дәрілердің орналасуымен танысу
Cурет 4 – Дәріханадағы дәрі-дәрмек сақтау бөлімі
Cурет 5 – Итмұрынның гүлдену кезеңі
Достарыңызбен бөлісу: |