1. Психологиялық тренинг туралы жалпы түсінік, пайда болу тарихы



бет3/97
Дата29.12.2021
өлшемі0,74 Mb.
#128979
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   97
Байланысты:
тренинг билеттер түгел

Психологиялық тренинг – қоршаған ортаны тануға, адамдардың өмірлік тәжірибесі арқылы және қарым-қатынас барысында түрлі жаттығулар мен пікірталас барсында сезінеді. Мұндай әдістер жасөспірім шақта ерекше маңызды болып келеді, себебі қоршаған ортада болып жатқан оқиғалар мен адамдармен қарым-қатынасының шиеленісуі, жасөспірімнің осы проблемаларды шешуге деген ынтасы және өмірлік тәжірибенің аздығының әсеріне байланысты.  Тренинг бір жағынан барынша «жинақылыққа», екінші психологиялық жағынан түсіндіру, яғни тұлғаның ішкі қарама-қайшылығын шешуге бағытталған.

Тренинг әдісі ретінде  қатысушылардың қандай да бір іс-әрекетті үйренуге бағытталған? Адамның нақты іс-әрекеті: 1) белгілі бір әрекетті істеуге деген ынтасы 2) іс-әрекетті қалай орындау керек екенін білу 3) іс-әрекетті жүзеге асыру.

Психологиялық тренингтің түрлілігі. «Психологиялық тренинг», «әлеуметтік-психологиялық тренинг» терминдері бірмәнді ұйғарымға келмейді. Кең мағынада әлеуметтік-психологиялық тренинг – адамдардағы психологиялық сипаттағы мәселерді жою, қылықты түзеп немесе денсаулығын жақсарту үшін оларға психотерапевттік немесе психокоррекциялық әсер ету, яғни танымдық процесстер – зейін, ес, ойлау және т.б.

Әлеуметтік- психологиялық тренингтің негізгі мақсаты:

қарым-қатынастағы құзыреттілікті арттыру (арнайы құрылған түрлі формадағы тапсырмалармен нақтылануы мүмкін).

  Тренинг – білімді дамыту немесе адамды оқытуда жоспарланған жағдайға жүйелі күш салу арқылы орындау. Жұмыс жағдайында тренинг адамның бір немесе бірнеше әрекет түрлерін нәтижелі орындауынан білім мен дағдыны меңгеру мүмкіншілігіне бағытталады. Тренингтік жаттығулар кейбір жағдайларда тұлғалық өзгеруге түрткі қызметін атқарады. Өзіндік сана тұлғаның даму процесін жанама түрде және мазмұндау арқылы  қарым-қатынас үйлесімділігін орнатып және қарым-қатынастағы қиындықтардың себебін ұғыну динамикасына ықпал жасайды. Тренинг барысында мынандай жағдайларға да дайын болуы тиіс, олар: ыза, қатты дауыс, дөрекілік, өзімшілдік, қатыспаушылық, қажетсіз күлкі, ынтасыздық, шыдамсыздық немесе «сөзге керісу», қажетсіз сөзге араласу; тыныштық, селсоқтық; қылжақтық және т.б.

Жетекші, жаттықтырушы, ұйымдастырушы немесе жүргізуші мына төмендегі мақсаттарды негіз етіп алуы жүктелінді:

– жеке тұлғаны дамыту;

– қатысушылардың әлеуметтік – психологиялық компетентілігін, білімін көтеру;

– қатысушылардың белсенді әлеуметтік позициясын көтеру, қалыптастыру;

– өзінің және қоршаған адамдардың өмірінде маңызды өзгерістер жасау мүмкіндіктерін дамыту;

– өзін-өзі және басқаларды толық тану;

– жеке тұлға құндылықтарын ашу, білімдерін көтеру, бәсекелестікті жоюға әсер ету. Зерттеу жұмысының нәтижелілігі тренингке қатысқаннан кейін тұлғалардың қарым-қатынас барысында өздерін ұстауы, жүріс-тұрысының өзгергендігін, сөйлеу мәнері мен мәдениетінің жоғарылағандығын аңғартады.





  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   97




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет