Диареяда қолданылатын өсімдіктер: Қаражидек/ Черника- Vaccinium myrtillus, Мойыл/ Черемуха- Padus racemosa, Емен/ Дуб- Qercus pedunculata, Сұр қандыағаш/ Ольха- Alnus incana, Қандыағаш/ Кровохлебка- Sanguisorba officinalis, анар қабығы қайнатпасы, күріш тұнбасы.
№52Эритропоэзға және лейкопоэзға әсер ететін дәрілер, фармакодинамикасы, қолданылуы
Эротропоэзді күшейтетін дәрілер әртүрлі анемияларда қолданылады.
Анемия гипохромды және гиперхромды болады. Гипохромды анемия ағзада гемоглобиннің түзілуіне қажетті темірдің жетіспеушілігінен болады.
А) Гипохромды (теміржетіспеушілік) анемияда құрамында темірі бар дәрілер қолданылады: Сорбифер, ферроплекс, Феркайл, актиферрин, феррум-лек, гемофер, Космофер, тардиферон, Тотема, темір лактаты, гемостимулин.
Б) Гиперхромды анемия екі түрлі болады:
1) пернициозды анемия
2) макроцитарлы анемия.
Пернициозды анемиядаэритроциттердің саны азайып,В12витаминінің жетіспеушілігінен дамитындықтан Цианокобаламин (витамин В12) витамині қолданылады.
Макроцитарлы анемияда эритроциттер азайып, көлемі ұлғайып, фолий қышқылының жетіспеушілігі болатындықтан Фолий қышқылы (Вит Вс). қолданылады.
Лейкопоэзды күшейтетін дәрілер: Натрий нуклеинат, Пентоксил, Метилурацил.
Әсері: сүйектің милы қабатынан лейкоцит өндірілуін жылдамдатады. Қолданылады: қабынуға қарсы, регенерацияны күшейтуге.
№53Гемостаз жүйесіне ететін дәрілер, классификациясы, фармакодинамикасы, қолданылуы
1. Тромб агрегациясына әсер ететін дәрілер:
1.Антиагреганттар-тромб агрегациясын(агрегация- тұну)төмендететін дәрілер: Аспирин, Курантил (Дипиридамол), ТромбоАСС, Тромбокард, Кардиомагнил, Плавикс, Пентоксифиллин (Трентал). Бұл дәрілер тромбтың пайда болу қаупінде алдын алу және қанды сұйылту үшін қолданылады.
2. Агреганттар-тромб агрегациясын(тұнуын)жоғарылататын дәрілер: Дицинон (Этамзилат), Адроксон (жергілікті). Бұл дәрілер қан тоқтату үшін қолданылады.
Дицинон – тамыр өткізгіштігін қалпына келтіріп, микроциркуляцияны жақсартады, қанды қоюландырады.
2. Қанның ұюына әсер ететін дәрілер:
1. Антикоагулянттар (коагуляция- жабысу) - қанның ұюын төмендететін дәрілер:
Достарыңызбен бөлісу: |