Ауыз бен асқазан
Деп асқазан күндейді.
Нағыз
Жалмауыз,
Жеуден басқа білмейді.
Күнде осылай өкпелі,
Тигізіп тұр сөз ұшын.
Осы ауыздан өткеннің,
Бәрі сонда өзі үшін.
М.Жаманбалинов
15-САБАҚ
ӨЗДІК ЖҰМЫС
37-жаттығу. 1.Төменде берілген сөздер есімдіктің қай түріне жатады?
Әлдеқайда, күллі, ештеңе, сол, осы, маған, өзімен-өзі, бірнеше, ешқайда, барша, нешеу? мынау, кейбіреу
2. Жіктеу есімдігі қандай сөз табының орнына жүреді?
3. Есімдікті негізге ала отырып, ребус құрастыр немесе модульге түсір.
16-САБАҚ
ЕТІСТІК, ОНЫҢ ТҮРЛЕРІН АЖЫРАТУ
38-жаттығу
Ертіс
Бұрқамай ағу жоқ мұнда,
Биіктен төмен құлаған.
Көнбейді ол сенің ырқыңа,
Сонысы-ақ маған ұнаған.
Түнерген бұлтты бір тіліп
Найзағай көктен аққандай;
Зулайды Ертіс жұлқынып,
Батырлар жауға шапқандай.
Осы бір асу мінезі
Керек-ақ кейде маған да.
Айқасқа салсаң бір өзі
Жүлде алар еді ғаламда!
Д.Әбілев
Тапсырма: 1.Өлеңді мәнерлеп оқы. 2. Дара, күрделі етістіктерді баған бойынша бөліп жаз. 3. Қазақстанның өзендері жайлы мағлұмат жинастыр.
39-жаттығу
Қорлығайын
«Жұма өтті, Маралдыда Қорлан қалды,
Жолықты қасіретке жазған жарлы.
Қабыштай төрт түлігім түгел болса,
Алар ем үсті-үстіне төлеп малды. -
Дегендей: - кетпе, қалқам, күдер үзіп,
Қолында Қорлан берген күміс жүзік.
Алыстап неге кетіп мен барамын,
Кетер ме махаббаттың қылын үзіп?» -
Деп Естай күңіреніп әнге басқан,
Арманды ар, ащы қайғы көп адасқан.
Қорланды бір көруге ынтығады,
Жадына қонбай қойды одан басқаң.
Қорлан мен Естай жайын шамалаған,
Боп шықты Қабыш мырза жаман адам.
Ақыры махаббатты қызғаныпты,
Дұрыс па құрбы көңілін қаралаған?
Ал Естай әсте мұндай ойда емес-ті,
Сондағы дүдамалын бүгін шешті.
Қорланнан саған Естай бұлт жуық,
О жағын ойға алма, - деп бір-ақ кесті.
Не өнер болғаныңмен байға кекті,
Ұрсысты, ерегесті, қайтып кетті,
«Бір қыз бар Маралдыда Қорлығайын»
Ауылына дейтін әнді айтып кепті.
Е.Беркімбаев
Тапсырма: 1.Мәтінді түсініп оқы. 2.Салт, сабақты етістіктерді ажырат. 3.-ды, -ді, -ты, -ті омоним қосымшаларының ерекшелігі неде? 4.Естай бабамыз неге өкінді? (ойтүйін жаз)
Достарыңызбен бөлісу: |