Исабаев Қалмұқан – жазушы. 1979 жылы 22 шілдеде Германиядағы Габельбах қаласындағы Гете музейіне неміс ақынының адамзат пен табиғат тұтастығын көркем бейнелеген әлемге әйгілі «Қараңғы түнде тау қалғып» өлеңінің Абай аударған нұсқасы жазылған ескерткіш тақта орнатты. Бұл өлеңге қазақ ақыны шығарған кең тынысты, нәзік әуенді ән жазылған магнитофон таспасын, әннің нотасын сыйға тартты. 1980 ж. 13 маусымда Исабаев өзі салған Абайдың портретін және қақпағына орыс және неміс тілдерінде: «Гетенің Азиядағы тұңғыш аудармашысы, ақын және композитор «Түнгі көз- бе» өлеңіне арналған әуенін осындай ұлт аспабының сүйемелдеуімен шығарған» деген сөз жазылған домбыраны осы музейге табыс етті. Сондай-ақ Исабаев мерзімдік баспасөзде жоғарыдағы жолсапарлары туралы «Ильминауға тағы да жол түскенде», «Ұлылықпен жарасар тек ұлылық» және Абай мен Е.П.Михаэлистің шынайы достығы жайында «Михаэлис зиратының басында» атты мақалалар жазды.
44-жаттығу С.Торайғыровтың шәкірттік кезеңдегі өлеңдері (1907-1911) көркемдік тұрғыдан кемшін түсіп жатқанымен, жас ақынның қоғамдық құбылыстар мәнін түсінуге деген ұмтылысы мен өлең тілімен сурет салуға бағытталған талабын танытады. Ол қоғамдағы әділетсіздік пен әйелдердің ауыр тағдыры, діни оқудың схоластикалық сипаты жайлы жазды. Байлық пен кедейліктің теке-тіресін бай мен кедей ұлының өмірі арқылы көрсетуге тырысқанымен, бұл талпынысы биік ақындық талант пен саяси көзқарасты таныта алмады. Торайғыров 1912 жылдан бастау алатын шығармашылығының жаңа кезеңінде Абай, Ыбырай негізін қалаған ағартушылыққа бет бұрды, жастарды оқу-білімге шақырды. “Туған айдай болып туып, күнді алуға бел буады”, тұрмысты жеңуде жігерленіп, ақиқатты табу жолында талмай ізденуді мұрат тұтады. Алғашқы үгіт мәндес өлеңдерінен кейін ақын лириканың өрісін кеңейтіп, лирикалық кейіпкердің жан сырын, іс-әрекетін суреттеуге ұмтылады. Оның жырларынан тағдырға мойынсұнбай, қасарыса алға ұмтылатын, ауыртпалыққа қарсы тұрар өжет мінез көрінеді. Осы кезден бастап ақын шығармаларында ескіні сынау бой көтерді. Ол қазақ арасында көп кезігетін келеңсіз мінездер мен кертартпа әдет-ғұрып салтына қарсы күреседі. Табиғат, махаббат тақырыбына жазған өлеңдерінде ақын адам сезімін қоғамдық көзқараспен, әлеумет өмірімен байланыста қарайды. Ескіге қарсы көзқарас оны қоғамдағы әділетсіздікпен қақтығысқа алып келеді (“Осы да әділдік пе?”, “Бір адамға”, т.б.). Ол өмір шындығын көркем бейнелей келе, қазақ өлеңінің мазмұнын кеңейтті, сырға толы лирикалық жырлар туындатты. Көптеген әңгіме, очерктер, әдеби-сын мақалалар жазды, екі роман (“Қамар сұлу”, “Кім жазықты?”), төрт поэмасын “Таныстыру” (1917 – 18), “Адасқан өмір” (1918), “Кедей” (1919), “Айтыс” жариялады. Торайғыров “Қамар сұлуда” әйел теңсіздігі мәселесін көтере отырып, дәуір шындығын әлеуметтік тұрғыда талдаса, “Кім жазықты?” романында ауыл өмірінің шындығын жан-жақты суреттей келе, қазақ халқының шаруашылық тұрғыдан дамымағанын, талапсыздық пен шаруаға қырсыздықты, жалқаулықты, алауыздықты сынайды.