1 сабақ Тақырыбы: Жүйке жүйесінің патофизиологиясы



бет23/31
Дата09.02.2023
өлшемі143,23 Kb.
#168127
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   31
Байланысты:
1 саба Та ырыбы Ж йке ж йесіні патофизиологиясы

Жағдайлық есеп
14 жастағы науқас К., ауруханаға әлсіздік, бас айналу, дене қызымының көтерілуі, жұтынғанда ауыру сезіміне шағымданып түсті. Ауру тарихынан науқас уытқорлықпен ауыратындығы, соңғы үш айда бензолдың буымен дем алғандығы анықталды. Терісінің бозарғаны, ұсақ нүктелі және дақтыкөптеген қанқұйылулар, ауызы мен көмейінде некроздық жаралар, бауыры мен көкбауыры ұлғаймаған. Қан сараптамасы:
гемаглобин – 60 г/л; эритроциттер – 2,7х1012/л; ретикулоцит – 0%;
тромбоцит - 28 х109 ; лейкоцит -1,5 х109/л;
нейтрофилдер: метамиелоцит -0%; таяқшаядролылар - 0%; бөлшектенген ядролылар-15%эозинофил -0%; базофил – 0%; лимфоцит – 82%; моноцит – 3%; ЭТЖ- 45мм/сағ.
Қызыл сүйек кемігі: қызыл сүйек кемігінің айқын босап қалғандығы және аздаған қантүзу ошақтары көрінеді.

  1. анемия дамуының механизмі қандай?

  2. гематологиялық диагноз қандай обьективті мәліметті тұжырымдайды?

13 сабақ
1. Тақырыбы: Лейкоциттердің патологиясы. Гемостаздың бұзылулары.
2.Мақсаты:Лейкоцитоздар мен лейкопениялардың, миело- және лимфопролиферациялық синдромның жалпы этиологиясы мен патогенезін меңгеру.
3. Оқыту міндеттері:

  • миело- және лимфопролиферациялық сидромның себептерін сипаттауды

  • лейкоцитоздар мен лейкоцитопениялар және лейкоздың жіктелуін

  • лейкоцитоздар мен лейкопениялардың, миело- және лимфопролиферациялық синдромның даму тетіктерін түсіндіруді

  • лейкоцитоздар мен лейкопениялардың, миело- және лимфопролиферациялық синдромның гемограммаларын сараптауды

4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:
1. Лейкоциттердің сандық және сапалық өзгерістері.
2. Лейкоздар.
3. Гемостаздың бұзылуы.
4. Балалардағы лейкоз және гемостаздық бұзылулардың ерекшеліктері.
5. Оқыту және оқыту әдістері:
тәжірибелік жұмысты орындау, жағдайлық есептерді шешу, клиника-зертханалық зерттеулердің нәтижелерін талдау, тақырыптың негізгі сұрақтарын талқылау, тест тапсырмаларын орындау;
● қашықтан оқыту кезінде – оf-line режимінде Platonus АИС «Тапсырма» модулінде көрсетілген тапсырмаларын орындау бойынша және оn-line режимінде Platonus АИС «Тапсырма» модулі мен «Оқу аудиториясы» бөлімінің чатында, сонымен бірге Zoom, Webex платформаларында және Wathsapp арқылы тақырыпты талқылау бойынша жеке және топтық жұмыс.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   31




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет