1 сабақ Тақырыбы: Жүйке жүйесінің патофизиологиясы



бет6/31
Дата09.02.2023
өлшемі143,23 Kb.
#168127
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   31
Байланысты:
1 саба Та ырыбы Ж йке ж йесіні патофизиологиясы
Сын жет портфолиосы(1), Нея клммен презентация, 4-15 (1), Силлабус фронтальный, 1-практика (1)
Жағдайлық есеп
1 есеп
24 жасар науқас клиникаға төмендегі шағымдармен түсті: ентігу, физикалық жүктемені орындағаннан кейін жүректің қағуы, жүрек тұсының сыздап ауырсынуы. Қатты ентігу кезінде қан араласқан аз мөлшердегі қақырық бөліне бастайды. Науқастың көрсетілген шағымдары және зерттеулер негізінде митральді стеноз нәтижесінде өкпелік қанайналым бұзылыстары дамиды деген болжам жасалынды. ТЖ – 20 рет минутына спирометрия мәліметтері: ӨӨС 81 % қажетті мөлшерінен, ЖӨС 76 % қажетті мөлшерінен, ФӨӨС1/ӨӨС 80%.
Сұрақтар
1. Науқаста өкпелік перфузия бұзылыстарының қандай түрі дамыған? Жауапты негіздеңіз.
2. Науқаста ӨӨС және ЖӨС төмендеу механизмдерін түсіндіріңіз.
3. Науқаста альвеолалық вентиляция бұзылыстарының обструкциялық түрі анықталады ма? Жауапты негіздеңіз.
4 сабақ
1. Тақырыбы: Жүректің патофизиологиясы. Туа біткен және жүре пайда болған жүрек ақаулары.
2. Мақсаты: Жүрек ақаулары кезінде организмдегі өзгерістердің патофизиологиялық тетіктері туралы түсініктерді қалыптастыру.
3. Оқыту міндеттері:

  • Жүрек ақаулары кезінде қанайналымның өзгерістерін түсіндіруді

  • Туа пайда болған жүрек ақауларының этиопатогенезін түсіндіруді

  • Жүре пайда болған жүрек ақауларының этиопатогенезін түсіндіруді

4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:
1. Жүре пайда болған жүрек ақауларының «ақ» түрі.
2. Жүре пайда болған жүрек ақауларының «ақ» түрі.
3. Туа пайда болған жүрек ақаулары.
5. Оқыту және оқыту әдістері:
тәжірибелік жұмысты орындау, жағдайлық есептерді шешу, клиника-зертханалық зерттеулердің нәтижелерін талдау, тақырыптың негізгі сұрақтарын талқылау, тест тапсырмаларын орындау;
● қашықтан оқыту кезінде – оf-line режимінде Platonus АИС «Тапсырма» модулінде көрсетілген тапсырмаларын орындау бойынша және оn-line режимінде Platonus АИС «Тапсырма» модулі мен «Оқу аудиториясы» бөлімінің чатында, сонымен бірге Zoom, Webex платформаларында және Wathsapp арқылы тақырыпты талқылау бойынша жеке және топтық жұмыс.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   31




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет