1 сабақ Тақырыбы: Жүйке жүйесінің патофизиологиясы


Бағалау әдістері (тестілеу, жағдайлық есептерді шешу, ауру тарихын толтыру және т.б.)



бет3/31
Дата09.02.2023
өлшемі143,23 Kb.
#168127
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   31
Байланысты:
1 саба Та ырыбы Ж йке ж йесіні патофизиологиясы
Сын жет портфолиосы(1), Нея клммен презентация, 4-15 (1), Силлабус фронтальный, 1-практика (1)
6. Бағалау әдістері (тестілеу, жағдайлық есептерді шешу, ауру тарихын толтыру және т.б.): чек-парағы.
7. Әдебиет: № 1 қосымшаны қараңыз.
8. Бақылау (сұрақтар,тесттер,есептер және т. б.)):
Сұрақтар
1. Жүйке жүйесінің бұзылысының этиопатогенезі.
2. Нейродистрофиялық үдеріс.
3. Нейронның патологиясы.
4. Патологиялық күшейтілген қозу генераторы.
5. Патологиялық детерминант.
6. Патологиялық жүйе.
7. Қозғалыстың нейрогендік бұзылыстары.
8. Сезімталдықтың нейрогендік бұзылыстары.
9. Ауырсыну.
10. Антиноцицептивті жүйе.
11. Невроз.
12. Жүйке жүйесінің бұзылуының алдын алу және емдеудің патофизиологиялық принциптері. 13. Балалардағы жүйке жүйесі бұзылысының даму ерекшеліктері.
14. Балалардағы невроздың даму ерекшеліктері.
Тесттер
1. Балаларда нейрон ішілік қосындылар түзетін вирустар
A) цитомегаловирустар
B) энтеровирустар
C) құтыру вирустары
D) ұшық вирусы
E) полиомиелит вирусы
2. Жүйке жүйесінің бүлінісін туындататын сыртқы этиологиялық жайт
A) әлкогөлдік уыттану
B) нейрондардың бауырлық комада зақымдануы
C) ми ишемиясы
D) гипогликемия
E) уремия кезінде нейрондар зақымдануы
3. Жүйке жүйесінің төзімділігін қамтамасыз етеді
A) қарсы жүйелер
B) аэрогемдік тосқауыл
C) нейрондардың төмен дәрежедегі жасушаішілік регенерациясы
D) жайылмалы қозу
E) глиалдық жасушалардың төмен белсенділігі
4. Денервациялық синдром – бұл:
A) трофогендер тасымалдануының бұзылуы және патотрофогендердің түзілуі
B) нейронға афференттік серпіндер түсуінің азаюы
C) ОЖЖ төменгі бөліктерінің ОЖЖ жоғарғы бөліктерінің бақылауынан шығуы
D) постсинапстық құрылымдарға жүйкелік ықпалдардың төмендеуі
E) белсенділігі жоғары нейрондар тобы
5. Тежелудің алғашқы тапшылығы дамиды
A) жүйке жүйесі тым артық түрткіленгенде
B) тежегіш нейрондардың құрылымы мен қызметі бұзылғанда
C) қоздырғыш түйіспелердің құрылымы мен қызметі бұзылғанда
D) қоздырғыш дәнекерлер түзілуі артқанда
E) жүйке жүйесінің бөліктері зақымданғанда төмен бағытталған тежеуші ықпалдардың артықтығында
Жағдайлық есеп
Мед.қызметкер Д., 59 жаста, ауруханаға түсердің алдында, таңертең төсектен тұрған кезде тепе-теңдігін ұстай алмай үнемі солға қарай құлай беретіндігін байқаған. Оған төсекке жатуға көмектескеннен кейін ол қатты бас айналу мен жүрек айнуын сезген. Екінші рет көмекке шақырғанда, ол өзінде афония (а) дамығанына көңіл аударды. Бір сағат өткеннен соң ол денесінің оң жақ жартысында парестезия (б) (жалған сезім) дамығанын байқаған. Сұйық тамақ ішу барысында (жүрек айнуына байланысты қатты тағамды қабылдамаған) жиі регургитация (кері лықсу) (в) дамыған.
Неврологиялық зерттеу барысында: сол жақ жұмсақ таңдайдың парезі(шала салдану) (г); жанына қарағанда — көлденең нистагм (д), әсіресе сол жаққа қарағанда айқын байқалады; сол жақ беттің және дененің гемигипестезиясы (е); сол жақ аяқ-қолдың — бұлшықеттік гипотониясы (ж) мен гипорефлексиясы (з); саусақ-мұрындық және табан-тізелік, сол жақ аяқ-қолдың дірілі (и). АҚ 195/106 мм с.б.б., сол жақ жүрек шекараларының 1,5 см кеңеюі, пульсі 90 екендігі анықталды.
Сұрақтар
1. Науқаста патологияның қандай түрі дамыды?
2. Оның мүмкіндік себебі қандай? Пирамидалық және экстрапирамидалық жүйенің бұзылыстарының көріністері бар ма?
3. Әріптермен белгіленген әйгіленімдерді сәйкес медициналық сөздермен сипаттаңыз. Осы әйгіленімдердің пайда болуының мүмкіндік себептері қандай?
2 сабақ


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   31




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет