1-сабақтың тақырыбы: Атом құрылысының заманауи теориясы. Атомдағы электрондар куйі мен қозғалысы


Молекулалық орбитальдар әдісінің негізгі қағидалары



бет40/56
Дата07.02.2022
өлшемі496,67 Kb.
#87865
түріСабақ
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   56
Байланысты:
himiya-pnnen-10-synypa-arnalan-ysa-merzmd-zhosparlar-toptamasy



3.4 Молекулалық орбитальдар әдісінің негізгі қағидалары:





1. Молекула - біртұтас жүйе, ондағы барлық электрондар сол молекулаға ортақ.
2.Молекуладағы электрон атомдағыдай бір ядроның өрісінде емес, молекула құрамындағы барлық ядролар өрісінде болады.
3. Молекуладағы әрбір электронға молекулалық орбиталь сәйкес келеді.
4.Молекулалық орбитальдарға электрондардың орналасуы орбитальдардың энергиясы өсуіне қарай Паули принципі және Хунд ережесіне сәйкес жүзеге асырылады.


Байланыстыратын және босаң орбитальдар.
Молекулалық орбитальдар атом орбитальдарының қосылуы немесе алынуы арқылы түзіледі. Атом орбитальдары қосылғанда, жаңадан түзілген молекулалық орбитальдың энергиясы төмен болады - бұл байланыстыратын орбиталь.
Атом орбитальдарының функциялары бір-бірінен алынғанда түзілген молекулалық орбитальдың энергиясы жоғары болады - бұл босаң орбиталь.






Байланыс саны (Б.С.).
Б.С. = 
Б.С. неғұрлым жоғары болса, соғұрлым байланыс берік болады.



3.5 Гибридтену
Кейбір молекулалар түзілгенде олардың құрамындағы орбитальдардың бастапқы энергиялары мен кейінгі энергиялары бірдей болмайды.
Осындай құбылысты түсіндіру үшін Полинг “гибридтену” деген түсінік енгізді. Полингтің пікірі бойынша, s және р-орбитальдар байланыс түзердің алдында өзара араласады, басқаша айтқанда, гибридтенеді. Гибридтену әртүрлі жолмен жүреді.
7 - кесте
Гибридтену типтері



Период

s-орби-таль саны

р-орби-таль саны

Гибридтену типі

Валенттік бұрыш

Геометриялық түрі

Молекула

ІІ
ІІІ
ІV

1
1
1

1
2
3

sp
sp2
sp3

1800
1200
1090



түзу
сызық

тең қабырғалы үшбұрыш


тетраэдр


MgF2
CaF2
BeF2

BF3


AlF3
GaF3

d-орбитальдары бар элементтерде dsр2 - гибридтену болады, оның геометриялық түрі - жазық квадрат (900), d23 - октаэдр – мысалы, SF6 молекуласы үшін. Сонымен, гибридтену деп орбитальдардың өзара араласып, бір пішіндес және тең энергиялы орбитальдарға айналуын айтады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   56




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет