1-сабақтың тақырыбы: Атом құрылысының заманауи теориясы. Атомдағы электрондар куйі мен қозғалысы



бет38/56
Дата07.02.2022
өлшемі496,67 Kb.
#87865
түріСабақ
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   56
Байланысты:
himiya-pnnen-10-synypa-arnalan-ysa-merzmd-zhosparlar-toptamasy
843375, 843375, 843375, 843375



3.2 Химиялық байланыстың түрлері


Химиялық байланыстың негізгі түрлері: иондық, коваленттік, металдық,сутектік.





Иондық байланыс.
Химиялық қасиеттері әртүрлі екі элементтің арасында электрстатикалық тартылу арқылы болатын байланысты иондық байланыс дейді.
Негізгі қағидалары.
1. Сыртқы қабатында 2 немесе 8 электроны бар инертті газдар химиялық жағынан өте инертті, олардың сыртқы электрон қабаты өте тұрақты.
2. Атомдар молекулаға біріккенде, электрон беру немесе қосып алу арқылы сыртқы қабаттарын инертті газдардың сыртқы қабаттарына ұқсатқысы келеді.
3. Әрекеттесуші атомдардың электронын беріп жібергені оң зарядты ион- катионға айналады, ал электрон қосып алғаны - теріс зарядты ион - анионға айналады.
4. Иондық байланыс түзілгенде, бір атомның электрон бұлты екінші атомға толық ауысады. Иондық байланыс негізінде І және VІІ топтың элементтері арасында түзіледі.
Na → Cl
5. Иондық байланыс түзілу үшін 1-атомның иондану энергиясы 2- атомның электрон тартқыштығынан аз болу керек.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   56




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет