«А» және «В» факторларының өзара әсерлері үшін болжам:
Н0: «А» және «В» факторлары «Y» нәтижесіне тиімді ӛзара әсері болмайды.
Н1: «А» және «В» факторлары «Y» нәтижесіне тиімді ӛзара әсері болады.
2) «Statistica 10» бағдарламасының кӛмегімен екі факторлы дисперсиялық
талдау жүргізу.
3) Қорытынды:
Температура режимі химиялық синтез нәтижесінің орташа қорытындысына әсер
етеді (қызыл түспен ерекшеленген).
Катализатор түрі химиялық синтез нәтижесінің орташа қорытындысына әсер
етпейді.
Температура мен катализатор бірігіп химиялық синтез нәтижесінің орташа
қорытындысына әсер етпейді.
5.Корреляциялық талдау әдісі.
(18) 1. Корреляциялық талдаудың негізі.
Корреляциялық байланыс
- бір белгінің бір сандық мәніне екінші белгінің
бірнеше мәні (таралуы) сәйкес келетін тәуелділікті айтады. Мысалы, адамның
бойының ұзындығы мен дене салмағының арасында оң байланыс бар екендігі
белгілі, алайда бұл белгілердің мәндерінің арасында толық сәйкестік жоқ.
Корреляциялық талдаудың міндеті
құбылмалы белгілердің арасындағы
байланыстың бағытын (оң немесе теріс), түрін (сызықты, сызықты емес)
анықтау, оның күшін (тығыздығын) ӛлшеу және корреляциялық таңдама
кӛрсеткіштерінің шынайылығын бағалау болып табылады.
Корреляциялық тәуелділіктерді зерттеу
Достарыңызбен бөлісу: