1. Сапалық белгілер арасындағы байланысты зерттеу. Сапалық деректер



Pdf көрінісі
бет8/18
Дата18.09.2022
өлшемі1,1 Mb.
#149855
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   18
Байланысты:
Биосттт

Дисперсиялық талдау 
– бҧл екіден артық топтардың орта мәндерін салыстыру 
ҥшін, яғни бірнеше тәуелсіз топтардың бір бас жиынтыққа жататындығын 
немесе жатпайтындығын анықтау ҥшін қолданылатын талдау әдісі. Орта 
мәндердің арасындағы айырмашылықтарды анықтау ҥшін 
дисперсиялар 
қолданылады.
Дисперсиялық талдау бірнеше деңгейлермен сипатталатын факторлардың 
ықпалын оқып ҥйрену ҥшін қолданылады.
Дисперсиялық талдау негізіне зерттеліп отырған жиынтықтың барлық 
элементтерінің орта мәннен ауытқуын талдау жатады. Ауытқу ӛлшемі ретінде 
ауытқулардың орта квадраты – 
дисперсия 
алынады.
Айталық, бізде бірнеше қалыпты таралған және дисперсиялары бірдей К бас 
жиынтықтары бар және берілген α мәнділік деңгейі бойынша олардың орта 
мәндерінің теңдігі жӛніндегі нӛлдік жорамалды тексеру қажет болсын. Ол ҥшін 
әрбір бас жиынтықтан таңдама ала отырып, алынған К таңдама орта мәндер 
арасындағы айырмашылықтың мәнді немесе мәнді еместігін анықтау қажет.
Барлық К бас жиынтықтары бір – бірімен ҧқсас, яғни олардың дисперсиялары 
ғана емес, орта мәндері де бірдей деп ойлауға болады. Алайда бас 
жиынтықтардың әрқайсысы тәжірибеге енетін бір немесе бірнеше сапалы 
факторлардың ықпалына ҧшырайды және соның нәтижесінде орта мәндер 
ӛзгеруі мҥмкін. 
Бір фактордың ықпалы тексерілетін дисперсиялық талдау 
бірфакторлы 
деп 
аталады (ANOVA). Екі немесе одан да кӛп факторлардың ықпалын зерттеу ҥшін 
кӛпфакторлы 
дисперсиялық талдау (MANOVA – Multivariate ANOVA) 
қолданылады.
Дисперсиялық талдаудың негізгі идеясы 
таңдама дисперсияны екі 
компонентке (қҧрамдас бӛлікке) бӛлуге негізделген, олардың біреуі орта 
мәндердің ӛзгергіштігіне фактордың ықпал етуіне сәйкес келеді (факторлық 
дисперсия), ал екіншісі кездейсоқ себептерден туған және орта мәндердің 
ӛзгергіштігіне ықпал етпейтін дисперсия (қалдық дисперсия).
Топаралық дисперсия - фактордың таңдама орта мәндердің ӛзгергіштігіне ықпал 
етуінен туған дисперсия, оны 
факторлық дисперсия 
деп атайды және MSфактор 
(Mean Sqare) арқылы белгілейді.
Топішілік дисперсия – кездейсоқ себептерден туған және орта мәндердің 
ӛзгергіштігіне ықпал етпейтін дисперсия, оны 
қалдық дисперсия 
деп атайды 
және MSқалдық арқылы белгілейді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   18




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет