1. Саясаттану ғылым ретінде. Саяси ғылымның обьектісі мен қалыптасуы кезеңдері


Құқықтық мемлекет:анықтамасы, манызы,функциялары.Мемлекет және азаматтық қоғам



бет33/57
Дата08.09.2022
өлшемі1,98 Mb.
#148998
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   57
Байланысты:
1. Ñàÿñàòòàíó ?ûëûì ðåò³íäå. Ñàÿñè ?ûëûìíû? îáüåêò³ñ³ ìåí ?àëûïò
8 сынып БЖБ 4 ТОҚ №1, С Ж 1 Та ырыбы Д ниетану туралы жалпы т сінік Тапсырма, Жаратылыстану п ніні міндеті, СӨЖ 1-5 БС АКТ оқытудың әдістемесі, СӨЖ 1-5 БС АКТ , қазақстанда ресейдің, СӨЖ1-5 менеджмент , 6.СӨЖ , Қазақ тілі OKВ22018, 13 сабақ ҮЖ, 261-357-1-SM, 123-126 қазақ тілі
85.Құқықтық мемлекет:анықтамасы, манызы,функциялары.Мемлекет және азаматтық қоғам
Құқықтық мемлекеттің мәнін қарастыруда оның негізгі екі жағын (екі негізгі кағиданы) бөліп қарастыруға болады:
1) мазмұнды жағы - адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарын мейлінше толық көлемде қамтамасыз етуден тұлға үшін құкықтық ынталандыру режимін орнықтырудан көрінеді;
2) формальды-заңды жағы - мемлекеттік билікті құқықпен байланыстырудан, мемлекеттік құрылымдар үшін құқықтық шектеу режимін орнықтырудан көрінеді.
Сонымен қатар, құқықтық мемлекеттің кағидасына мыналар да жатады:
- билікті заңсыз пайдалануды болдырмау мақсатында оны заңшығарушылық, атқарушылық және сот тармақтарына бөлу;
- заңның үстемдігі, яғни, биліктің жоғары органымен барлық конституциялық тәртіптерді сақтай отырып қабылданған заң атқарушылық билік актілерімен жоққа шығарылуы, өзгертілуі және тоқтатылуы мүмкін емес;
- мемлекет пен тұлғаның өзара жауапкершілігі;
- қоғамдағы құқықтық сана мен құқықтық мәдениеттің жоғары деңгейі;
- азаматтық қоғамның болуы және тарапынан құқық субъектілерінің заңдарды орындауына бақылау жүргізілуі
Мемлекет пен қоғамның өзара қатынасы. Қоғам - бұл, кең мағынада, адамдардың бірлескен қызметінің тарихи қалыптасқан нысандарының жиынтығы немесе, тар мағынада, әлеуметтік жүйенің тарихи нақты типі, қоғамдық қатынастардың белгілі бір нысаны. Мемлекет - бұл саяси биліктің саяси-аумақтық, егеменді түрде ұйымдастырылуы. Қоғам мен мемлекет - әртүрлі түсініктер. Біріншісі екіншісіне қарағанда кең болып келеді, себебі, қоғамда мемлекетпен қатар мемлекеттік емес құрылымдар да (саяси партиялар, саяси қозғалыстар, қоғамдық ұйымдар мен бірлестіктер, еңбек ұжымдары және т.б.) болады. Мемлекет қоғамның саяси бөлігі, элементі болып табылады. Мемлекет қоғамда орталық орынды және басты рөлді иеленген. Мемлекеттің сипаты бойынша бүкіл қоғамға. Оның мәніне сипаттама беруге болады. Мемлекет қоғамға қатысты оның істерін шешу, басқару құралы рөлін атқарады. Қоғам мен мемлекеттің хронологиялық шектері де әртүрлі болып келеді: біріншісі екіншісіне қарағанда ерте пайда болған және бай даму тарихына ие. Дамыған қоғамның негізінде пайда болған мемлекет оған қатысты салыстырмалы түрдегі дербестікті иеленеді.
Азаматтық қоғамның түсінігі жәнс құрылымы. «Азаматтық қоғам» түсінігін Аристотель, Цицерон, Гроций, Т. Гоббс, Дж. Локк, Гегель, Маркс және т.б. ойшылдар қалыптастырған. Барлық ғалымдар азаматтық қоғамдағы негізгі идея ретінде адам идеясын таниды. Азаматтық қоғам - адамгершілік, діни, ұлттық, әлеуметтік-экономикалық, отбасы инсти-туттары мен қатынастарының жиынтығы, солардың көмегімен жеке тұлғалар мен топтардың мүдделері қанағаттандырылатын.
Азаматтық қоғамның құрылымына мыналар кіреді:
1) мемлекеттік емес, әлеуметгік-экономикалық қатынастар мен институттар (меншік, еңбек, кәсіпкерлік);
2) мемлекеттен тәуелсіз өндірушілердің жиынтығы (жеке фирмалар және т.б.);
3) қоғамдық ұйымдар мен бірлестіктер;
4) саяси партиялар мен қозғалыстар;
5) тәрбиелеу мен мемлекеттік емес білім беру саласы;
6) мемлекеттік емес бұқаралық ақпарат құралдарының жүйесі;
7) отбасы;
8) шіркеу және т.б.
Азаматтық қоғамның белгілері:
- адам мен азаматтың құқықтар мен бостандықтарының мейлінше толық қамтамасыз етілуі;
- өзін-өзі басқару;
- оның құрылымдары мен адамдардың әртүрлі топтарының бәсекелестігі;
- еркін түрде қалыптасатын қоғамдық көзқарас пен плюрализм;
- жалпы ақпараттану мен адамның ақпаратпен танысу құқығының шын мәнінде жүзеге асырылуы;
- өмір сүру координация қағидасына негізделеді (мемлекеттік аппарат кезінде субординация қағидасы үстемдік құрады);
- экономиканың көпжақтылығы;
- биліктің заңды және демократиялық сипаты;
- кұқықтық мемлекет;
- адамдардың жақсы өмір сүру жағдайын қамтамасыз ететін мемлекеттің күшті әлеуметтік саясаты және т.б.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   57




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет