1. Саясаттану ғылым ретінде. Саяси ғылымның обьектісі мен қалыптасуы кезеңдері



бет29/57
Дата08.09.2022
өлшемі1,98 Mb.
#148998
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   57
Байланысты:
1. Ñàÿñàòòàíó ?ûëûì ðåò³íäå. Ñàÿñè ?ûëûìíû? îáüåêò³ñ³ ìåí ?àëûïò

Саяси технологиялар - нақты субъектінің белгілі бір уақыт пен белгілі бір жерде мақсаттары мен міндеттерін оңтайлы және тиімді жүзеге асыруға бағытталған, бірінен соң бірі қолданылатын процедуралар, қызмет әдістері мен тәсілдер жиынтығы. Саяси технологиялар мақсатты бағытталған қызметтің әдіс-тәсілдерінің жиынтығы ретінде мақсатқа қол жеткізу құралдарын реттеп қана қоймайды, ол іс- әрекеттің кезектілігін бекітіп, соған сай субъектінің мінез-құлық алгоритмін дайындайды.
Саяси технологияның сан алуан түрлері бар. Олардың маңыздылары: саяси маркетинг, саяси жарнама, қоғаммен байланыс орнату (қоғаммен қарым-қатынас), саяси консалтинг

Саяси технологиялар- бұл әлеуметтік технологиялардың әр түрлілігі ғана емес саяси технологоялар ұғымы мақсаттылықтың бірізділіктің қажетті ойластырылған саяси нәтижелерге негізделген белгілі тиімді іс-әрекеттердің жүйесі екендігі де сөзсіз.


Саяси технологиялардың құрылымы аналитикалық мақсатты жорамалдаудың және одан арғы жерде оның қызметін жекелеген кезеңдерге сатыларға операцияларға бөлудің сондай-ақ балама тиімді әдістері жүзеге асырылатын мақсатқа байланысты олардың құралдары мен қолданылуын іріктеп таңдап алудың көмегімен жүзеге асырылады.Көптеген жағдайлара осы заманғы саяси ортаның проблемалық алаңы саяси технологияларды талдап жасап іске асырудың бірқатар кезеңдерінің болуымен анықталады.Олардың қатарына жататындар мыналар әлеуметтік саяси жағдайлардың диагностикасы мен мониторингі нақты саяси технологиялардың көмегімен қол жеткізілетін мақсаттар мен міндеттердің алға қойылуы алға қойылған мақсаттарды жүзеге асырудың мүмкін варианттарын салыстырмалы талдау
73.Саяси процесстің анықтамасы және құрылымы. Саяси процесстің ресурстары және түрлері.
Саяси процесс
1) қоғамның саяси жүйесінің, құбылыстарының уақыт пен кеңістікте даму барысы, өзгеруі;
2) түпкілікті нақты нәтижеге жеткен белгілі бір көлемдегі процесс. Мысалы, қайсыбір партия не қозғалыстың қалыптасуы, сайлаудың өткізілуі, т.с.с.
Саяси процесс - күрделі құбылыс. Ол күнделікті озгерістерден бастап, қоғамның саяси жүйесінің түбегейлі өзгерісіне дейінгі аралықты қамтиды. әлеуметтік субъектілер (топтар, таптар, жеке адамдар, т.б.) қызметінің жиынтығы. Осыған байланысты қоғамда әртұрлі өзгерістер болып отырады. Саяси жүйені тұтас алсақ, оның даму процесін 4 сатыға, кезеңге белуге болады:
1. Саяси жүйені конституциялық тұрғыдан айқындау. Ескі саяси жүйенің орнына жаңасы келгенде, ол бұрынғы мемлекеттік билікті ауыстыруы немесе оған дейінгі саяси-құқықтық құрылымды жаңарған жағдайға бейімдеуі мүмкін;
2. Саяси жүйенің өзін-өзі жаңартуы. Жеңіске жектен жүйе, бір жағынан, ескінің орныққан элементтерін, ұйымдарын қайта жұмыс істетеді, екінші жағынан, жаңартып, өзгертеді;
3. Саяси-басқарушылық шешімдерді қабылдау және жүзеге асыру. Билеуші элиталар, партиялар өздерінің оппозициялық қарсыластарымен тіл табысып, бұл қайшылықтарды дер кезінде байқап, асқындырмай, реттеп, халықтың талап-тілектері мен мүдделерін үйлестіріп, қоғамның тұтастығын, тыныштығын, тұрақтылығын сақтап, соған жағдай жасауы керек;
4. Саяси жүйенің жағдайы мен іс-әрекетін бақылау. Оған саяси жүйе мен саяси процеске қатысушылардың, элиталардың жүмысында алға қойған бағдар, мақсат-мүддеден ауытқушылықты түзету, қорытынды жасау кіреді.

74.Биліктің легитимдігі: түрлері және саяси өмірдегі маңызы.


Билік саяси және мемлекеттік болып екіге бөлінеді.Саяси билік таптық топтық және жеке адамның саясатта тұжырымдалған өз еркін жүргізуге мүмкіндігін білдіреді.
Ал мемлекеттік билікке барлық адамдарға міндетті заңдарды шығаруға жеке құқығы бар заңдар мен ұйымдарды сақтау үшін ерекше күштеу аппаратына сүйенетін саяси биліктің түрі жатады.Мемлекеттік биліктің заңдылығы оның лиглитимділігінен білінеді.Лиглитимділік латын тілінен заңдылық шындық деген мағынаны білдіреді дегеніміз халықтың үстемдік етіп отырған саяси билікті мойындауы оның заңдылығы мен шешімлерін растауы.
Демократиялық жағдайда мемлекеттік билік лиглитимді болуы үшін мынандай екі шарт керек
1.Ол халықтың қалауы бойынша қалыптасы және көпшіліктің еркіне қарай орындалуы керек.Яғни мемлекеттік биліктің басшысын белгілі бір мезгілге тура немесе жанама түрде халық сайлауы керек және оның жұмысын бақылап отыруға мүмкіндік болуы тиіс.Немістің көрнекті ғалымы Макс Вебер билік басына келудегі лиглитимділігтің үш үлгісін көрсетті
1.Әдет-ғұрыптың лигитимділік халықтың санасына сіңген әбден бойларына үйреніп дұрыс деп тапқан салт-дәстүрлерге сүйенеді
2.Харизматикалық легитимділік ерекше батырлығымен адалдығымен немесе басқа үлгі қабілет қасиеттерімен көзге түскен адамды басшы етіп жариялап соның соңымен ереді
3.Ақыл-парасаттың құқықтың легитимділігі қазіргі саяси құрылым орнатқан құқықтық ережелерге тәртіптің ақыл-ой сыйымдылығына негізделеді
75.Қазақстан Республикасының саяси жүйесі:негізгі бағыттары, тенденциялары.
Конститутцияның қабылдануына байланысты республикада биліктің жаңа жүйесі қалыптасты.Саясаттағы шешуші буын мемлекеттік биліктің құрылымы Мемлекет саяси жүйенің қоғамдыұ өмірдің басты құралы оны нығайту дамыту саясаттың мақсаты .Қазақстан халқы мемлекеттік үкімет билігін тікелей және өз өкілдері арқылы жүзеге асырады.Конституцияның 2 бабында ҚР президеттік басқару нысанындағы біртұтас мемлекет деп көрсетілген.Мемлекеттік құрылымға жаңаша сипат беретін бұл қағида Конституцияның ең басты жаңалығы.Конституциядағы басты мәселенің бірі жоғары мемлекеттік органдар жүйесіндегі Президенттің орны рөлі мен мәні.Дүние жүзіндегі алдыңғы қатарлы елдерде басқарудың Президенттік жүйесі көптен бері қолданылып келеді.
76.Мемлекеттің пайда болуы туралы теориялары, фукциялары.
Мемлекет деген ұғым бірнеше мағынады қолданылады. Біріншіден қоғамды басқаратын аппарат Себебі үкімет деген ұғымға сай екіншіден қоғам мүшелеріненң ассоциациясы мұнда халық ел қоғам сөздеріне сәйкес.Мемлекет саяси жүйенің негізгі бөлігі болып саналады.Мемлекет алғашқы қауымда болған жоқ.Себебі алғашқы қауымдық құрылыста теңсіздік болған жоқ.Құл иеленушілік құрылыста мемлекет пайда болды,себебі өмірге басқарушылар мен бағынушылар келді.Мемлекеттің пайда болуы туралы әр түрлі анықтамалар бар.
Қорыта келе мемлекет деп белгілі бір аумақ шеңберінде адамдардың әлеуметтік топтар таптар мен бірлестіктердің қатынастары мен қызметтерін ұйымдастыратын бақылайтын қоғамның саяси жүйесінің негізгі элементін айтамыз
77.Саяси модернизация түсінігі мен мәні және олардың ерекшеліктері.
Саяси модернизация теориясы, басқаша айтқанда, саяси даму теориясы саясатты талдаудың дербес бағыты ретінде өткен ғасырдың 50-жылдарында ғана айналысқа енді. Ол дәстүрлі саяси жүйенің жаңа заманға, жаңа жағдайларға бейімделу үрдістерін, мемлекеттік жүйе мен қоғамды өзгертуге сеп болатын саяси өзгерістердің ішкі механизмдерін зерттеді. Әртүрлі қоғамдық бағыттылық пен әлеіметтік және саяси лектегі жүйеге негізделген оқиғаларды қандай да бір концептуалды әдісемелік сызбалар немесе себеп-салдарлық байланыс деңгейінде қарастырып түсіндіру мүмкін емес. Саяси модернизация - аумақты кеңейту және әкімгершілік-саяси шекараны реттеуұлттық немесе федеративтік мемлекеттердің құрылуы, орталық (заң шығарушы, атқарушы) биліктің күшеюі, сонымен бірге билік бөлінісі;екіншіден, мемлекеттің қоғамның ішкі бірлігін және тұрақтылығын сақтай отырып экономика, саясат және әлеуметтік салалардағы құрылымдық өзгерістерге дайындығы;үшіншіден, саяси үрдіске түрғындардың кеңінен қосылуы;төртіншіден, саяси демократияның орнауы немесе билікті заңдастыру тәсілдерін өзгерту.Саяси модернизация теориялары - ХХ ғ. 50-60 жж. модернизация теориясы қоғамдық-тарихи даму теорияларының бір бағыты ретінде қалыптасты. Бұл теорияның басты белгісі - универсалдық, яғни, қоғам дамуын барлық елдер мен халықтар үшін ортақ заңдылықтары мен кезеңдері бар жалпы (универсалды) процесс ретінде қарастыру.

78.Саясат және дін. Діни экстремизмнің мәселелері:себеп- салдарлары, шешу жолдары.


Жалпы экстремизм мәселесі, оның түрлі көріністерінде, әлем бойынша өзекті тақырыпқа айналып отыр. Әлемдік тәжірибеде экстремизм әлеуметтік, экономикалық, саяси және діни, экологиялық және басқа да өзекті мәселелерді шешу барысында әрбір қоғамда, мемлекетте жанданады. Қарап отырсақ, экстремизм экономикалық жақтан дамыған және саяси тұрақты елдерде де белең алады. «Экстремизмнің бірінші белгісі адамның надандыққа, көрсоқырлыққа негізделген өз көзқарасы, пікірінің орындалуын табанды түрде талап етуі. Мұндай адамдар басқа көпшіліктің қажеттіліктері мен ақиқи жағдайын түсінбейді немесе түсінгісі келмейді. Экстремистердің екінші себебі, олардың ешбір қажеті болмаса да әр істе шектен тыс шығып кетуге бейім тұруы. Басқаларды да осыған итермелейді. Нәтижесінде адамдар арасындағы қалыпты қарым-қатынас бұзылып, қоғамдағы үйлесімді тіршілік арнасынан ауытқып, әлеуметтік толқулардың тууына себеп болады. Экстремистік көріністің үшінші түрі, сырт көзге байқалмайтын, адамдарға деген күдік пен сенімсіздіктен туады» [3, 45 б.]. Қазіргі уақытта ел мен ел, мемлекет пен мемлекет, адамдар арасындағы араздасу, бүліктердің туындау себебі жалған діндердің орын алуы басты себеп болып отыр. Діни экстремизм – діни фанатизмнің шектен шыққан түрі. Кез келген экстремизмнің мәні – олардың пікірлеріне қосылмағандарға зорлық-зомбылықтарын көрсету. «Діни экстремизм» әлемді өздерінің шектен шыққан көзқарастарына сәйкес қайта құруға ұмтылады. «Діни экстремизм» – террористік іс-әрекеттердің туындауына себеп болатын саяси құрал.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   57




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет