79.Мемлекет басқару формалары және мемлекеттің құрылымы.
Мемлекеттік басқару формасы — мемлекеттiк билiк ұйымын, жоғарғы мемлекеттiк органдардың жүйесiн мiнездейтін мемлекет формаларының элементерінің бірі[1].
Басқару формасы, тар мағынада — мемлекеттік биліктің жоғарғы органдарының ұйымы дегенді білдіреді.
Ал ауқымды мағынада алғанда, басқару формасы — бұл мемлекеттің бүкіл органдарының өзара әрекет етуі және ұйымдасу әдісі.
Үкімет түрін, яғни басқару формасын мемлекеттік құрылым түрлерімен және мемлекеттiң саяси тәртiбiмен шатыстырмау қажет. Бұл үшеуі біріге отырып, бір-бірін толықтыра отырып мемлекет формасын құрайды.
Басқару формасы мемлекеттің келесі сипаттамаларын көрсетеді:
мемлекеттің жоғарғы билік органдарының құрылуын,
құрылымын,
мемлекеттік органдардың арасындағы өзара әрекет етуінде жатқан принциптерін,
жоғарғы билік пен қатардағы азаматтарды арасындағы өзара қарым-қатынастың құрылуын,
Мемлекеттік құрылым -кең мағынада мемлекеттің жалпы құрылымын, яғни мемлекеттің әлеуметтік, экономикалық және саяси негіздерін, оның азаматтарының құқықтық мәртебесінің негіздерін, мемлекеттік аймақтық құрылысын, мемлекеттік органдар жүйесін тұтас қамтитын ұғым; тар мағынада: мемлекеттік биліктің аумақтарға немесе ұлттық аймақтарға бөлінуі, яғни мемлекет аумағының ішкі бөлінісі. Ішкі бөлініс сипатына қарай мемлекеттер унитарлық, федеративтік және конфедеративтік болып жіктеледі. Унитарлық мемлекет әкімшілік аймақтарға ғана бөлініп, бүкіл ел бір орталықтан жергілікті органдар арқылы басқарылады. Конституциясы, ел басшысы, үкіметі біреу болады. Бірақ унитарлық мемлекетте де автономиялық мемлекеттік құрылым мәртебесіндегі аймақ болуы мүмкін. Федерация - бірнеше бәлек мемлекеттерден құрылған одақ. Одақтың ортақ конституциясы, басшысы, органдары, әскері болады. Федерация ұлттық, аумақтық не аралас (ұлттық-аумақтық) негізде құрылады. Конфедерация - екі немесе одан да көп мемлекеттердің өз саяси тәуелсіздіктерін сақтай отырып, қандай да бір (мысалы, экономикалық) мақсаттарды көздей отырып, мерзімді шарт бойынша одақтасуы. Конфедерация мүшесінің кез келген уақытта одақтан шығуға құқы бар.
80.Саяси тәртіп теориялары мен модельдері.
Саяси тәртіп - саяси билікті жүзеге асырудың, қоғамды басқарудың әдіс-тәсілдер жиынтығы. Оған демократиялық құқық пен еркіндіктің жағдайын білдіретін саяси тәртіп жатады. Зерттеушілердің көбі бұл тәртіпті айқындағанда оның көрсеткіші, өлшеуіші ретінде демократиялық даму деңгейін, қоғам мүшелерінің белсенділігін айтады. Осыған байланысты қазіргі саяси тәртіптерді демократиялық және демократияға қарсы деп екіге бөледі.
Қоғамды басқарудың әдіс-тәсілдер жиынтығын, азаматтардың құқықтары мен еркіндіктерінің демократиялық дәрежесін айтады.Қазіргі саяси тәртіптерді демократиялық және демократияға қарсы (антидемократиялық) деп үлкен екі топка бөледі, төменде біз оларға тереңдегідей сипаттама береміз.Демократиялық тәртіпке халықты биліктің қайнар көзі деп санап, оған мемлекеттік істерді шешуге құқық берілген және ол үшін қажетті жағдайлар жасалған биліктің түрі, қоғамның мемлекеттік-саяси құрылысы жатады. Мұндай тәртіпте азаматтардың негізгі құқықтары мен еркіндіктеріне кепілдік беріледі, әр түрлі әлеуметтік топтардың мүдделерін көздеуші саяси партиялар, ұйымдар, мекемелер кедергісіз жұмыс істейді. Саяси өмір демократиялық негізде кең өріс алады. Саясат мәселелері ашық талқыланады, биліктің шектен тыс шоғырлануына жол берілмейтіндей тетік жасалады, азаматтарға колайлы құқықтар мен еркіндіктер, олардың саяси көңілін білдіру түрлері айқындалады, жалпыға бірдей сайлау құқығы орнатылады.
Саясаттану сұрақтары.
81.Дүниежүзілік саясаттың жаһандық факторлары.Жаһанданудың саяси процесске әсері.
Достарыңызбен бөлісу: |