82.Қоғамның партиялық жүйесі.Қазіргі партиялық жүйесінің типологиясы: Партиялар типологиясы
Партиялар қазіргі таңдағы демократиялық қоғамның саяси жүйесінің ажырамас бөлігі болып табылады. “Партия” этимологиясы саяси жүйенің “бөлімі”, “бөлшегі”, элементі дегенді білдіреді.
Партия - бұл билік немесе билік жүргізу үшін күресетін саяси қоғамдық ұйым. Беделді жанұялар немесе аса танымал лидерлер қарамағында біріккен саяси топтар бәсекесі көптеген ғасырлар бойы саяси тарихтың негізгі мәселесі болыр отырған. Бірақ, біз саяси партиялар деп атайтын ұйымдар ХIХ ғасырдың басында АҚШ пен Еуропада пайда болған екен.
Саяси партиялардың негізін анықтау үшін түрлі жолдарды қарастырайық:
1) Партияны бір идеологиялық доктринаны ұстанатын адамдар тобы деп түсіну (Б.Констан).
2) Белгілі бір таптардың мүдделерін білдіретін саяси топ (марксизм).
3) Партияның институционалды түсінігі: мемлекет жүйесінде қызмет ететін ұйым (М.Дюверже).
Партияны анықтаудың басқа да жолдары:
• партия – идеологияның ұстанушысы ;
• партия – адамдардың көп уақытқа бірігуі;
• партия мақсаты – билікті жаулап алу және оны жүргізу;
• партия әрқашан халық қолдауын қалайды.
Партиялар мен басқа да саяси бірлестіктер арасындағы шектер анық емес болып келеді және көп уақытта есептелмейді.
Партиялардың құрылуы ұзақ, әрі қиын үрдіс болды. Алғашқы кезде партиялар тек сайлау кезеңдерінде ғана белсенді жұмыс атқарды, олардың тұрақты ұйымдары болған жоқ, съездер мен конференцияларды ретсіз өткізді, партия жақтаушылары партиялық тәртіппен байланысқан емес.
Алғашқы ауқымды және тұрақты жұмыс атқаратын партия – Англияның либерал партиясы болды (1861 жылдан бастап). Ауқымды саяси партиялардың пайда болуының негізгі себебі – жалпы сайлау құқығының тарауы болды.
Әрбір партия халықтың белгілі бір тобының мүдделерін қорғау үшін құралған еді.
83.Мемлекеттік билікті ұйымдастыру және жүзеге асыру(түрлері,денгейлер): Мемлекеттік билік - тiкелей мемлекеттің өзі жүргiзетiн немесе өзiнiң атынан жүргiзуге өкiлеттiлiк берiп, өз жәрдемiмен өзге бiр ұйым, мекеме арқылы жүргiзетiн қоғамдық биліктің бір турі, мемлекеттік басқару органдарының жиынтығы. Мемлекеттік билік ез кырын өзгелерге тану ушiн мәжбүрлеу күштеріне арқа суйейді. Мәжбүрлеу жок жерде Мемлекеттік билік те жок, мәжбүрлеу тек тарихи жағдайға және билік болмысына қарай басқа мазмунда, әр түрлi нысанда көрініс береді. Сондай-ақ, Мемлекеттік билік қатынастары ырык жургізу сипатында болады және өз құрылысына орай устемдiк пен бағыныштылык әрi жетекшiлiк пен мойынұсынушылықтан құрылады.