1 ші Аралық бақылау сұрақтары Спортшылардағы жүрек-тамыр жүйесінің ерекшеліктері


Спортшыларды клиникалық тексеру, міндеттері мен маңызы



бет4/5
Дата07.02.2022
өлшемі25,62 Kb.
#85361
1   2   3   4   5
Байланысты:
ГЗЖ рубежка жауап

5.Спортшыларды клиникалық тексеру, міндеттері мен маңызы.
Спортшыларды, спортпен және дене шынықтырумен шұғылданатын тұлғаларды медициналық қарап тексеру (тереңдетілген, кезеңді)
Спорттық дәрігердің қарап тексеруі:
Спортшының жалпы жағдайын бағалау. Сырттай қарап тексеру: тері жабындыларының, тері асты-май жасұнықтардың, бұлшықеттің, сүйек-буын жүйесінің, лимфа жүйесінің жағдайы.
Тыныс алу, жүрек – тамыр жүйелерін (қан айналымының көрсеткіштері – күретамыр қысымын өлшеу, жай күйдегі және физикалық жүктемеден дейінгі ЖЖЖ, ТАЖ), ас қорыту, зәр шығару, эндокриндік жүйелерді зерттеу.
Физикалық дамуды бағалауға арналған антропометрия.
Спортшының жалпы физикалық жұмысқа қабілеттілігін, функциналдық жағдайын бағалау үшін Карпманмен түрлендірілген (велоэргометрде), эргоспирометрия, Мартинэ сынамасы, 3 минуттық көлеңкемен күрес, бір орында мықынын жоғары көтеру арқылы 3 минуттық жүгіру және т.б. PWC 170 тестілеу жүргізіледі.
Спортшыларға және дене шынықтырумен шұғылданатын тұлғаларға ағымдағы кезеңде тереңдетілген медициналық қарап тексеру нәтижелері бойынша қорытынды беріледі:
денсаулық жағдайы бойынша қорытынды;
физикалық дамуын бағалау;
функционалдық жағдайын, жалпы физикалық жұмысқа қабілеттілігін бағалау;
жыныстық жетілуін бағалау (жеткіншектердің);
белгілі спорт түрімен айналысуға жіберілуі үшін жастық кезеңінің сәйкес келуі;
ауру-сырқаушылығының және патологиялық жағдайының болуы;
патологияның даму тәуекелдерінің факторларын анықтау;
берілетін жүктеменің спортшы ағзасының функционалдық мүмкіндіктерімен сәйкес келуі;
денсаулық жағдайын болжау;
спортпен айналысуға және жарыстарға қатысуға жіберу туралы шешім қабылдау;
жаттығу процесін жоспарлау және түзету, емдеу, қалпына келтіру іс-шаралары бойынша ұсынымдар беру




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет