жүрдім. Әдетте бөлмеме
ешкім кірмейтін еді, онлайн сабақта
түрімді көрсетіп, орамал тағып отыратын едім, бір күні ағам кіріп
қалып, маған:
- Біреу айтты ма саған осылай оран деп? - деді.
- Жоқ, өзім, - дедім. Ағам:
- Жындысың ба? - деп ұрысып берді, үндемедім. Ертесіне ағам
орамалымның барлығын өртеп жіберіпті. Қатты жыладым. Мен
оларды қалада жүргенімде
ақшамды құртпай, жинап аған едім
ғой.
«Мейлі» деп, сабаққа анамның орамалдарымен қатысып жүрдім.
Бір күні анам магазинге жұмсады. Мен:
- Оранбасам, бармаймын, - дедім. Анам:
- Бұрын да көріп жүр еді ғой сені орамалсыз, - деп қатты ұрысты.
- Онда бара алмаймын, інімді жіберіңіз, - деп едім, анам ренжіп
қалды.
Анам басында жай сөзбен алдыма келіп:
- Қызым, ақылың бар ғой, шешші орамалыңды, - деп жылайтын.
Менің жүрегім ауырып кететын еді.
- Мама, қойшы, - дейтінмін жылап. Ауылда тұрған соң ба, бәрі
мені «Жат дінге кіріп кеткен, қалаға барып, біреуге еріп кеткен»
деп ойлайтын, соған анамның жүрегі ауыратын. Бір рет анам
қатты жылап, алдыма келіп:
- Күнәңді өзім көтерем қызым, шешші, мені дұшпандарыма
жығып бердің ғой. Өз қызым маған қарсы шықты ғой. Бір жігіт
үшін солай жасап жатырсың ба? - деп ұрысты (бір еркектер мені
алдап дінге кіргізген деп ойлап, солай дейтін). Орамалымды
жұлып алған кездері де болды, мойныма түйрегіш кіріп, жара да
болып қалған.
Үнемі дұғада болдым, ата-анама иман сұрайтынмын Алладан.
Алайда қанша жақсы көрсек те, Аллаһ Тағала қаламайынша, біз
қалаған адамдарымызды дінге, иманға шақыра алмайды екенбіз..
Анам жүрегі ауырып, жылап жүрді. «Бірақ ертең олар Алланың
алдында мен үшін жауап бермейді ғой» деп айтатынмын. Анам:
- Сендей қызым жоқ, киімдеріңді жина, кет, - деп те айтқан, мен
шыдап жүретінмін. Ағам сүре тыңдап отырғанымда
телефонымды лақтырып тастаған кездері де болды. Мен үшін өте
қиын кездер еді…
Ол кезде орамалым жоқ, өртеп жіберген, анамдікін тағып жүрмін.
Мойныма жетпесе де, 2 орамалды қабаттап амалдап жүрдім.
Сосын стипендиям түсе салысымен үйден шықтым да, дүкенге
барып Құран кітап пен жайнамаз, орамал сатып алдым. Ол заттар
қымбат еді, ақшамның бәрі сонымен-ақ таусылды. Бірақ осы
заттар мен үшін құнды еді. Үйге келдім де, анама:
- Қараңыз! - деп, «Нұр» сүресінің 31-ші аятын көрсеттім. Онда
оранудың парыз екендігі жайлы Алланың бұйрығы тұр еді. Сол
сәттен бері анам да, ағам да үндемейді, Аллаға шүкір. Әкем кейде
«Дінге олай қатты кірме» деп сөгеді, бірақ мен ата-анамның
намазға келетініне сенемін, әрі Алладан да соны сұраймын.
Достарыңызбен бөлісу: