2. Рroperty Enabled: Boolean - TQRBand компонентінде бар ақпарат басылап жатыр ма (True) жоқ па (False) екенін көрсетеді.
3. Рroperty ForceNewPage: Boolean - TQRBand құрамындағы ақпарат үнемі жаңа беттен басылып шығу керек пе (True) жоқ па (False) соны көрсетеді.
TQRBand компанентасының келесідей оқиғасы бар.
Рroperty BeforePrint: TQRBeforePrintEvent - TQRBand компонентының аймағында орналасқан ақпараттың басылымы алдында шығады.
5.2. TQuickRep және TQRBand компоненттері көмегімен
қарапайым есепті құру әдісі.
TQuickRep және TQRBand компоненттері ешқандай топтық ақпараты сақталмаған қарапайым есепті құру үшін минималды қажеттенген болып табылады.
Prihod.DB кестесінде қоймаға әкелінген материалдар туралы мәліметтер сақталады. МҚК құрамына кіретін МҚ келесі өрістер кіреді:
N_Prih - материалдың келу оқиғасының уникалды номері;
DataPrih – әкелінген күні;
MATERIAL – материалдың аты;
KOLVO – әкелінген материалдың жалпы саны.
№6 формаға TTable (аты Table1) компонентасын орналастырайық, Prihod.DB МҚ кестесімен байланыстырайық және оны ашайық (Active = True). Формаға компоненттер политрасының QReport бетінен TQuickRep (аты QuickRep1) компонентасын орналастрайық. Есептің DataSet қасиетіне Table1 мәнін қоямыз. Есепке TQRBand (аты QRBand1) компонентасын қосайық. QRBand1 компонентінің BandType қасиетіне rbTitle мәнін қоямыз. Есептің QRBand1 компонентасы орналасқан кеңістікте QRLabel1 атымен TQRLabel (статикалық мәтін) компонентасын орналастырайық.. Осы компоненттің Caption қасиетіне ' Қоймаға әкелінген материалдар ' мәнін қояйық, Font қасиетіне қалың қисайған биіктігі 16 пунктті қаріпті қояйық. (36-сурет).
36-сурет – Есеп беруде тек оның тақырыпшасы ғана анықталған
Енді Prihod кестесінің жазбасына сәйкес есепке мәліметтерді орналастырайық. Ол үшін есепке TQRBand (аты QRBand2) жаңа компонентін орналастырайық және оның BandType қасиетіне rbDetail мәнін қояйық. Одан кейін топта QRDBText1 ... QRDBText4 атымен TQRDBText төрт компонентасын орналастырайық. Берілген компоненттерді сәйкесінше МЖ өрісімен байланыстырайық - N_Prih, MATERIAL, DataPrih, KOLVO. Ол үшін әр бір QRDBText компонеттің DataSet қасиетіне Table1 мәнін қоямыз, ал DataField қасиетіне сәйкес өрістің атының мәнін қоямыз. (37-сурет).
37-сурет –. Есеп берудің бөлшектенген ақпараттың тақырыпшасы және тобы
Шыққан есепті көру үшін оның үстінен тышқанның оң жақ батырмасын басып және шыққан мәзірден Preview элементін таңдаймыз. Есепті алдын-ала қарау терезесі ашылады (38-сурет).
38-сурет – Алдын-ала қарау тереземіндегі есеп берудің құрамы.
Алдын-ала қарау терезесін ашу №4 формадан «Просмотр» батырмасын басу арқылы жүзеге асырылады.
Ол үшін №4 формаға TButton компонентін қосамыз. Бұл батырманың тақырыпшасын объектілер инспекторын қолданумен «Просмотр» деп өзгертеміз,. OnClick батырмасына оқиғаларды өңдеу анықтайық:
Form6. QuickRep1.Preview;
TQRBand компоненті көмегімен бағандардың тақырыпшаларын көрсету.
TQRBand компоненті BandType қасиетінде rbColumnHeader мәні қойылған бағандар тақырыпшаларын көрсету үшін қолданылады. Бағандардың тақырыпшалары TQRLabel компоненті көмегімен анықталады.
Есепке TQRBand (аты QRBand3) компонетасын қосайық және BandType қасиетіне rbColumnHeader мәнін қоямыз. QRBand3 деп анықталатын есеп беру кеңістігінде TQRLabel (аттары QRLabel2 ... QRLabel5) төрт компонентін орналастырайық және бұл компонентттердің Caption қасиетіне сәйкесінше «Әкелу №», «Материалдың аты», «Күні», «Саны» мәндерін қоямыз. Берілген компоненттердің Font қасиетіне асты сызылған шрифт режимін орнатамыз және шрифттің өзін көлденең деп анықтаймыз.
Есептің алдын-ала қарау терезесіне кірейік. Есептің әр бір бетіне беттің жоғарғы бөлігінде бағандардың аттары шығады(39-сурет).
39-сурет – Есеп беруде бағандардың тақырыпшалары шығады
TQRBand компоненті көмегімен есептің тақырыпшаларын және подвалдарын безендіру.
BandType қасиетінде rbPageHeader мәні қойылған TQRBand компоненті беттің тақырыпшасын көрсету үшін қолданылады. Ол әр бір жаңа бет үшін басқа ақпарат шығар алдында шығады. BandType қасиетінде rbPageFooter мәні қойылған TQRBand компоненті беттің подвалын көрсету үшін қолданылады. Ол әрбір жаңа бет үшін кез келген басқа ақпарат шыққаннан кейін шығады.
Есепке TQRBand (аты QRBand4) компонентін орналастырамыз және оның BandType қасиетіне rbPageHeader мәнін қоямыз. Беттің тақырыпшасына ешқандай мәтін орналастырмаймыз, тек беттің жоғарғы бөлігіне сызық сыза саламыз. Ол үшін Frame. DrawTop компонентінің беттің тақырыпшасы қасиетіне True мәнін қоямыз. Ол жоғары бойынша орналасқан сызықты сызады.
Дәл сондай тәсілмен есептегі парақ подвалын (аты QRBand5) анықтаймыз және BandType қасиетін rbPageFooter мәніне, ал Frame. DrawBottom қасиетін Тrue деп орналастырамыз. Ол сызықты төменгі жағында орналасуын қамтамасыз етеді.
Алдын-ала қарау режиміне кірген кезде біз әрбір беттің басында және аяғында сызық бар екенін көреміз.
TQRSysData компоненті көмегімен есепте
қосымша және жүйелі ақпараттың көрсетілуі.
TQRSysData компоненті қосымша және жүйелік ақпараттың көрсетілуі үшін қолданылады. Көрсетілген ақпараттың түрі келесі қасиеттермен анықталады:
property Data : TQRSysDataType;
Бұл қасиеттің мүмкін болатын мәндері келесідей:
qrsColumnNo - есеп берудің ағымдағы бағанның номері (бірбағандық есеп беру үшін үнемі 1).
qrsDate – ағымдағы мерзім.
qrsDate Time – ағымдағы мерзім мен уақыт.
qrsDetailCount - МЖ-да жазылатын жазулардың саны;
qrsDetaUNo - МЖ-да ағымдағы жазылатын жазулардың номері
qrsPageNumber - есептің ағымдағы беттің номері;
qrsPageCount - есеп беттерінің жалпы саны;
qrsReport Title – есептің тақырыпшасы.
qrsTime – ағымдағы уақыт.
Есептің QRBand5 подвалының компонентасына екі TQRSysData (аттары QRSysDatal... QRSysData2) компонентін орналастырамыз. Оның Data қасиетінің біріншісіне qrsDate (ағымдағы күн) мәнін орналастырамыз, ал екіншісіне qrsPageNumber(есептің ағымдағы беттің номері) мәнін орналастырамыз. Есептің нәтижелерін алдын-ала қарау режиміне көрейік. Енді есептің әр беттің соңғы жағында беттің номері және ағымдағы мерзім шығады.
5.3. Есептегі мәліметтерді топтау әдісі
Мәліметтерді топтау үшін TQRGroup компоненті қолданылады. Оның Expression қасиеті өрнекті көрсетеді. Топқа өрнектің шартын қанағаттандыратын МЖ-нің жазбалары кіреді. Өрнектің мәнін өзгерткенде топтар өзгереді. Топтың тақырыпшасы ретінде компонентасының ВапdТуре қасиетінде rbColumnHeader мәні қойылған TQRBand қызмет етеді. Топтың подвалы ретінде ВапdТуре қасиетінде rbGroup Footer мәні қойылған TQRBand компонентасы қызмет етеді.
TQRGroup компонентінің FooterBand қасиеті топтың подвалының компонентіне сілтемесі бар.
Мысалы. Ақпарат материалдың атымен топталатын қоймағақа материалдар келуі туралы жаңа есеп құрастырайық. Ол үшін №7 формада есептің мәліметтер тобын анықтайық (ТТаblе компоненті, аты Table1, TablelName қасиетіне - Prihod.DB, Active - True). МЖ-да Material өрісіне ағымды индексті орнатайық (FieldIndexNames немесе IndexName қасиетінде). Есепте орнастырайық:
есептің тақырыпшасы - TQRBand компоненті QRBand1 атымен, ВапаТуре қасиеті = rbTitle;
бағандар тақырыпшасы - TQRBand компоненті QRBand2 атымен, ВапаТуре қасиеті = rbColumnHeader;
TQRGroup компонеттер-тобы QRGroup1 атымен.
Бөлшектік ақпараттың аймағы - TQRBand компоненті QRBand3 атымен, ВапаТуре қасиеті = rbDetail;
Топ подвалы - TQRBand компонент QRBand4 атымен, ВапаТуре қасиеті= rbGroupFooter.
QRGroup1 компонентасына келесіні орналастырайық:
FooterBand қасиетіне QRBand4 мәнін;
Expression қасиетіне Table1.MATERIAL мәнін, ол формула болып табылады және формулалар редакторында жазылады.
Expression қасиеті өрнектің мәнін визуалдамағандықтан, топта TQRExpr (аты QRExpr1) компонентін орналастырамыз және Expression қасиетін Table1.MATERIAL мәні анықталғандай етіп қоямыз (40-сурет).
40-сурет – Формулаланың құрылуы
QRBand4 топтар подвалының компонентасында Kolvo өрісінде қосындыны (келіп түскен нақты материалдың жалпы санын) есептейміз. Ол үшін топтар подвалында TQRExpr (аты QRExpr2) компонентасын орналастырамыз және оның Expression қасиетін SUM(Table1.KOLVO) формуласын құрайтындай етіп қоямыз.
Бөліктенген ақпараттар тобында мәліметтер тобының N_Prih, Material, DataPrih и Kolvo өрістерімен байланыстырылған (DataSet және DataField қасиеттері) TQRDBText компонентасын орнастырамыз.
41-суретте көрсетілгендей есеп берудің басқа аймағын статикалық мәтінмен толтырамыз.э
41-сурет – Есептің тауар бойынша топтау макет
42-суретте алдын ала қарап шығу режиміндегі есептің бейнесі көрсетілген.
42-сурет – Алдын-ала қарау терезесінде есепті тауар бойынша топтау
Алдын-ала қарау терезесін ашу үшін №4 формасындағы "Топ" батырмасын басу керек. №4 формаға TButton батырмасын қосайық. Оның OnClick оқиғаларды өңдеуді анықтайық:
Form7. QuickRep1.Preview;
42-суретте топтардың бірінің подвалы көрсетілген- ондағы материалдың келуінің соммалық түрі шығарылады.
5.4. Сүзбеуді қолданып есептерді құрылымдау
Filtered қасиетіне True мәнін қоямыз, OnFilterRecord оқиғасының өңдеушісінде шарттары жазылған фильтрацияны орындаймыз. Мысалы, егер МЖ-да фильтр орналастырылса:
begin
Accept := DataSet['KOLVO'] >= 500;
End;
онда Table1Filtered қасиетінде False мәнін қойғанда фильтрацияны орындайды; мәліметтер тобының нәтижесінде тек қана 'KOLVO' өрісіндегі 500 және одан да көп мәндері бар жазбалар көрсетіледі.
Filtered қасиетінің мәнін False мәніне орнатқан кезде, сүзбеу тоқтатылады, оның шарттары OnFilterRecord оқиғасында көрсетілген.
Қосымшаны тестілеу және жөндеу.
Тестілеуден кейін Ввод/Название материала меню пункті жұмыс істемейтінін байқадық. Жаңа материалдарды және оның мінездемесін қосу үшін форма құрайық. Осы формаға TDBGrid компонентасын орналастырайық, DataSource қасиетіне DataSource1 мәнін қоямыз. TButton компонентін орналастырамыз, бұл компонентке CancelBtn (Name қасиеті) атын берейік, батырманың тақырыпшасын "Закрыть" атына (Caption қасиеті) өзгертейік. Батырманы Кодпен байланыстырайық. OnClick бұл оқиғаларды өңдеу процедураларын құру үшін "Закрыть" батырмасына тышқанмен екі рет басу керек. Кодтар редакторінде келесі кодты жазамыз:
Сlose;
Form1.Visible := True;
№ 1 формаға ауысайық және Ввод/Название материала менюінің пункті үшін № 8 форманы шақыратын кодты жазайық:
Form1.Visible := False;
Form8.Visible := True;
Осымен қосымшаның дайындалуы аяқталды деп есептейміз.
Жөндеу №1.
Есеп берутің жаңа формасын құрайық (№9 форма). Формаға TQuickRep (аты QuickRep1) компонентасын орналастырайық, бірақ оған қатынау Query1 арқылы жүзеге асырылсын. Ол үшін DataSet қасиетін DataModule5.Query1 мәнін қоямыз. 43-суретте көрсетілгендей басқа компоненттерді қосайық және есеп беру аймағын статикалық мәтінмен толтырайық.
43-сурет – Есеп берудің нәтижелік макеті
Есептің аяғында барлық әкелінген материалдардың нәтижелік сомасын сөз түрінде қосамыз. Ол үшін QRBand4 аты бар TQRBand компонентін қосамыз, ВапdТуре қасиеті = rbSummary.
QRBand4-ке TQRLabel (аты QRLabel7) компонентін орналастырамыз.
Unit4-ке көшіп және "Итог" батырмасының OnClick оқиға өңдеуіне мына кодты қосамыз:
procedure TForm4.Button5Click(Sender: TObject);
var ss: String;
begin
Str(TempTotal,ss);
Form9.QRLabel7.Caption := SumNumToFull(TempTotal);
Form9.QuickRep1.Preview;
end;
Unit5-те TempTotal айнымалысын анықтаймыз және қоймаға әкелінген TempTotal материалдардың нәтижелік сомасын есептейін кодын қосамыз:
var
DataModule5: TDataModule5;
TempTotal: Integer;
implementation
Объектілер инспекторінде AfterOpen қасиетін тышқанмен 2 рет шертіп, Unit5 ашамыз және келесі кодты қосамыз:
procedure TDataModule5.Query1AfterOpen(DataSet: TDataSet);
begin
Query1.First;
TempTotal := 0; { use temp for efficiency }
while not Query1.EOF do
begin
TempTotal := TempTotal + Query1Stoim.Value;
Query1.Next;
end;
SumNumToFull(TempTotal);
end;
Проектке Writesum.pas жазбасына Project|Add to Project менюін қолданып сандарды ауыстру модулін қосайық.
П2. Writesum.pas модулінің листингі
Unit Writesum;
interface
uses SysUtils;
{ Санмен жазылған сомманы жазбаша жазу функциясы: мысалы, 23.12 -> жиырма үш теңге 12 тиын. 999999999 тенге 99 тиын дейінгі мәндерді аударады. Number параметрінде дұрыс әлде бұрыс мән екенін функция байқамайды. (яғни жүздіктерге дейінгі дәлдікпен дөңгелектелген оң сан) – бұл жөндеуді функцияны шақырғанға дейін жүргізу керек.}
function SumNumToFull(Number:real):string;
implementation
function SumNumToFull(Number:real):string;
var
PartNum, TruncNum, NumTMP, D: integer;
NumStr : string;
i, R : byte;
Flag11 : boolean;
Begin
D:=1000000;
R:=4;
TruncNum:=Trunc(Number); // теңгені белгілейміз
if TruncNum<>0
then
repeat
PartNum:=TruncNum div D;
Dec(R);
D:=D div 1000;
Until PartNum<>0
else
R:=0;
// теңге аударымы
FOR i:=R DOWNTO 1 DO
BEGIN
Flag11:=False;
NumTMP:=PartNum div 100; {сандардың жүздік белгілеуі}
Case NumTMP of
1: NumStr:=NumStr+'СТО ';
2: NumStr:=NumStr+'ДВЕСТИ ';
3: NumStr:=NumStr+'ТРИСТА ';
4: NumStr:=NumStr+'ЧЕТЫРЕСТА ';
5: NumStr:=NumStr+'ПЯТЬСОТ ';
6: NumStr:=NumStr+'ШЕСТЬСОТ ';
7: NumStr:=NumStr+'СЕМЬСОТ ';
8: NumStr:=NumStr+'ВОСЕМЬСОТ ';
9: NumStr:=NumStr+'ДЕВЯТЬСОТ ';
end;
NumTMP:=(PartNum mod 100) div 10; {ондық сандарды белгілеу }
Case NumTMP of
1: begin
NumTMP:=PartNum mod 100;
case NumTMP of
10: NumStr:=NumStr+'ДЕСЯТЬ ';
11: NumStr:=NumStr+'ОДИННАДЦАТЬ ';
12: NumStr:=NumStr+'ДВЕНАДЦАТЬ ';
13: NumStr:=NumStr+'ТРИНАДЦАТЬ ';
14: NumStr:=NumStr+'ЧЕТЫРНАДЦАТЬ ';
15: NumStr:=NumStr+'ПЯТНАДЦАТЬ ';
16: NumStr:=NumStr+'ШЕСТНАДЦАТЬ ';
17: NumStr:=NumStr+'СЕМНАДЦАТЬ ';
18: NumStr:=NumStr+'ВОСЕМНАДЦАТЬ ';
19: NumStr:=NumStr+'ДЕВЯТНАДЦАТЬ ';
end;
case i of
3: NumStr:=NumStr+'МИЛЛИОНОВ ';
2: NumStr:=NumStr+'ТЫСЯЧ ';
1: NumStr:=NumStr+'ТЕНГЕ ';
end;
Flag11:=True;
end;
2: NumStr:=NumStr+'ДВАДЦАТЬ ';
3: NumStr:=NumStr+'ТРИДЦАТЬ ';
4: NumStr:=NumStr+'СОРОК ';
5: NumStr:=NumStr+'ПЯТЬДЕСЯТ ';
6: NumStr:=NumStr+'ШЕСТЬДЕСЯТ ';
7: NumStr:=NumStr+'СЕМЬДЕСЯТ ';
8: NumStr:=NumStr+'ВОСЕМЬДЕСЯТ ';
9: NumStr:=NumStr+'ДЕВЯНОСТО ';
end;
NumTMP:=PartNum mod 10; {бірлік сандарды белгілеу}
if not Flag11 then
begin
case NumTMP of
1: if i=2 then NumStr:=NumStr+'одна ' else NumStr:=NumStr+'ОДИН ';
2: if i=2 then NumStr:=NumStr+'две ' else NumStr:=NumStr+'ДВА ';
3: NumStr:=NumStr+'ТРИ ';
4: NumStr:=NumStr+'ЧЕТЫРЕ ';
5: NumStr:=NumStr+'ПЯТЬ ';
6: NumStr:=NumStr+'ШЕСТЬ ';
7: NumStr:=NumStr+'СЕМЬ ';
8: NumStr:=NumStr+'ВОСЕМЬ ';
9: NumStr:=NumStr+'ДЕВЯТЬ ';
end;
case i of
3: case NumTMP of
1 : NumStr:=NumStr+'МИЛЛИОН ';
2,3,4: NumStr:=NumStr+'МИЛЛИОНА ';
else NumStr:=NumStr+'МИЛЛИОНОВ ';
end;
2: case NumTMP of
1 : NumStr:=NumStr+'ТЫСЯЧА ';
2,3,4: NumStr:=NumStr+'ТЫСЯЧИ ';
else if PartNum<>0 then NumStr:=NumStr+'ТЫСЯЧ ';
end;
1: case NumTMP of
1 : NumStr:=NumStr+'ТЕНГЕ ';
2,3,4: NumStr:=NumStr+'ТЕНГЕ ';
else NumStr:=NumStr+'ТЕНГЕ ';
end;
end;
end;
if i>1 then begin
PartNum:=(TruncNum mod (D*1000)) div D;
D:=D div 1000;
end;
END;
//тиындардың аударымы
PartNum:=Round(Frac(Number)*100);
if PartNum=0 then
begin
SumNumToFull:=NumStr+'00 ТИЫН';
Exit;
End;
NumTMP:=PartNum div 10; {ондық сандарды белгілеу }
if NumTMP=0 then NumStr:=NumStr+'0'+IntToStr(PartNum)+' '
else NumStr:=NumStr+IntToStr(PartNum)+' ';
NumTMP:=PartNum mod 10; {бірлік сандарды белгілеу}
Case NumTMP of
1: if PartNum<>11 then NumStr:=NumStr+'ТИЫН'
else NumStr:=NumStr+'ТИЫН';
2,3,4: if (PartNum<5) or (PartNum>14)
then NumStr:=NumStr+'ТИЫН'
else NumStr:=NumStr+'ТИЫН';
else NumStr:=NumStr+'ТИЫН';
end;
SumNumToFull:=NumStr;
end; //---SumNumToFull
end.
QRBand4 өрісіне TQRLabel (аты QRLabel8) компонентасын қосайық, Caption қасиетіне "Итого:" деп өзгертеміз. Тағы да TQRExpr (аты QRExpr1) компонентін қосайық және ол SUM(Table1.Stoim) формуласы болуы керек оның Expression қасиетінің мәнін анықтаймыз 44-суретте алдын-ала қарау терезесінде есебінің нәтижесі көрсетілген.
44-сурет – Тауардың нәтижелік мәндерінің есеп беруі
№2 жөндетуі
Есепті дайындау үшін, Excel-дің көптеген мүмкіндіктері (графикалық бейнелеулер және т.с.с.) бар.
Сонымен қатар, бизнес-үрдіске Excel ортасында жасау ыңғайлы болып келеді. Сондықтан, осы ресурсты қолдану үшін, OLE процедурасы көмегімен мәліметтерді Excel-ге жіберу керек.
Бақылау сұрақтары
Деректер қорын құрған кезде қандай қосымшалар қолданылады?
Деректердің қандай типтері бар? Әрқайсысының қолданылу ерекшеліктерін атаңыз.
Есепті құрудың қандай әдіс-тәсілдері бар?
Зертханалық жұмыс №2 «Менің әлемім» деректер қорын басқару жүйесін құру
Зертханалық жұмыстың мақсаты: «Менің әлемім» ДҚБЖ алдын ала MS Access-те жобалап, меңгерілген теориялық мәліметтерге сүйеніп Delphi ортасында жүйені құру.
Ms-Access-ке_мәліметтерді_экспорттау'>Зертханалық жұмысты орындаудың тәртібі
1 қадам – Ms-Excel -ден Ms-Access-ке мәліметтерді экспорттау
Өзіңіздің жұмыс папкаңызда қосалқы «MyWorld» атауы бар папканы құрыңыз.
Ms-Access бағдарламасын іске қосыңыз. Ms-Access-ті іске қосу менюінен «Жаңа мәліметтер қоры» пунктін таңдаңыз. Экранда «Жаңа мәліметтер қорының файлы» атты терезе пайда болады. Бұл терезеде Сіз құрған «MyWorld» папканы табыңыз және оған кіріңіз. «Файл атауы» өрісінде «MyWorld» мәнін басыңыз, содан кейін «Құру» батырмасын басыңыз.
Ms-Access-тің ішінде «MyWorld: мәліметтер қоры» атты терезе пайда болады.
Келесі команданы орындаңыз: Файл – Сыртқы мәліметтер – Импорт. Пайда болған терезеде Елдер.xls'>Елдер.xls (папка Дайындаулар) папкасын табыңыз. Әрі қарай шебердің белгілерін қадағалаңыз. Нәтижесінде «MyWorld: мәліметтер қоры» терезесінде «Елдер» атты кесте пайда болады.
Егер Access-те маңызды элементтердің атаулары (мысалы, кестелердің атаулары және өріс деп те аталатын кесте бағаналарының атаулары) бос орынға ие болса, онда ол әрі қарай бірқатар мәселе туғызуы мүмкін. Сондықтан оларды қайта атаумен айналысамыз.
«Елдер» кестенің жарлығын белгілеңіз, МҚ терезесінде «Конструктор» батырмасын басыңыз. Сіз кесте конструкторы терезесіне түсесіз.
Бұл терезеде «Атауы» өрісіне «Өрістің өлшемі» қасиетінің мәнін 50 етіп белгілеңіз.
Барлық басқа өрістерге «Өрістің өлшемі» қасиетінің мәнін «Ұзын бүтін» етіп белгілеңіз.
«Өріс9» өрісінің атауын «ЖұмысшыЕр» деп өзгертіңіз.
«Өріс12» өрісінің атауын «ЖұмысшыӘйел» деп өзгертіңіз
«Қалалық ерлер» өрісінің атауын «ҚалаЕр» атауына өзгертіңіз.
«Қалалық әйелдер» өрісінің атауын «ҚалаӘйел» атауына өзгертіңіз.
«Ауылдық ерлер» өрісінің атауын «АуылЕр» деп өзгертіңіз.
«Ауылдық әйелдер» өрісінің атауын «АуылӘйел» деп өзгертіңіз.
«Сақтау» батырмасын басыңыз және кейбір мәліметтердің жоғалуы мүмкін деген пайда болған ескертуге «Иә» (орындауды жалғастыру) деп жауап беріңіз.
Одан кейін конструктордың терезесінде «Түр» (саймандар тақтасында шетінен сол жағында) батырмасын шертіңіз және кестенің барлық мәліметтері өздерінің орнында екендігіне көз жеткізіңіз.
Ms-Access-пен осымен жұмысты аяқтаңыз.
Достарыңызбен бөлісу: |