Сабақтың тақырыбы
|
1.1.1. "Сиқырлы суретші"
|
Сабақтың мақсаты
|
1.1.1.1. Заттардың қасиеттері (заттың пішіні, түсі, мөлшері, көлемі ) бойынша оқушыларда нақты түсінік қалыптастыру
|
Сабақтың
міндеттері
|
Заттардың қасиеттері (пішіні, түсін мөлшері) бойынша оқушылардың алғашқы білім деңгейін, құбылыстар мен заттарды санай алу дағдыларын анықтау.Оқушылардың ой өрісін, ойлау қабілеттерін, математикалық тілін дамыту. Ұқыптылыққа, байқампаздыққа баулу.
|
Сабақтың түрі
|
Өзіндік жұмыс, топтық жұмыс, ауызша.
|
Оқыту әдісі
|
Әңгімелеу, сұрақ-жауап.
|
Күтілетін нәтиже
|
Заттардың қасиеттерін ажыратады. Мысалы: заттың пішінін, түсін, мөлшерін, көлемін.
|
Тапсырмалар
|
Жалғастыр, қолыңда қанша саусақ болса, сонша дөңгелектің суретін сал, тізбекті жалғастырып боя, заттарды топта тапсырмалары орындалады.
|
Сабақтың көрнекілігі
|
Әр түрлі фигуралар.
|
Қызығушылықты ояту
|
Сыныптағы заттарды атап, олардың пішінін, түсін, көлемін айтқызу.
|
Жаңа сабаққа деген қызығушылықтары оянып, ерекше ынтамен кіріседі.
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |