1-сынып Мазмұны Тілдік мақсаттар туралы 8



бет2/9
Дата07.02.2017
өлшемі1,17 Mb.
#8854
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9

Тілдік мақсаттар туралы

«Көркем еңбек» пәнінің мазмұны оқыту тілдері (қазақ және орыс тілдері) арқылы беріледі. Әр пәннің өз тілдік стилі бар, оны нақты бір пәннің «ғылыми тілі» деп атауға болады. Ғылыми тіл – пәннің мазмұнын оқып үйрену, ойлау қабілетін және пәндік мазмұнның негізгі ұғымдарымен жұмыс істеуді жақсарту үшін қолданылатын негізгі құрал. Оқытылу тілі арқылы оқитын көптеген оқушыларға олардың ғылыми тіл мен пән мазмұнын толық игеруі үшін білім алу үдерісінде үнемі қолдау көрсетілуі қажет. Үштілді білім беру контексінде бірінші ғылыми тілдің дамуы да тұрақты назарды талап етеді, сондықтан бірінші тіл арқылы оқуға жұмсалатын шектеулі уақыт тиімді және нәтижелі қолданылуы керек.



Тілдік мақсаттар ғылыми тілді үйрену үшін маңызды құрал болып табылады. Оқушылар үшін өздерінен не күтілетіндігін түсінуі тілдік мақсаттардың анық құрылуына байланысты. Сондай-ақ, тілдік мақсаттар оқытушылар мен оқушыларға оқуға деген ынтаны қалыптастыруға, өлшеуге және қолдауға көмектеседі. Пән мазмұны мен ғылыми тілді оқытуды үнемі қатар назарда ұстайтын пән мұғалімдері оқушыларға үлгі көрсетіп, пән мен тілді оқып үйренуге көмектеседі.

Ғылыми тілді оқытуды қолдау үшін мұғалімдерге оқу жоспарларына келесі оқу мақсаттарын қосу ұсынылады:

• оқушылардың назарын ғылыми тілге аудару (мысалы, пәнді оқытудың мақсаттарына жетуге қажетті терминология және сөздері бар лексиканы қолдану);

• пән мазмұнының ұғымдарымен жұмыс істеуге қажетті жұмыс тілін қолдану (мысалы, топтық жұмыстар, сұрақты дұрыс қоя білу, жағдайды талдау және пікірталас жүргізу үшін қажетті сөздер мен сөз тіркестері);

• алдын ала оқыту, оның ішінде ең бастысы, пәнді оқуда дұрыс қолдана білу үшін қажетті терминология мен тіркестер жиынтығын қамтитын лексиканы орынды контексте алдын ала қолдану;

• оқушылардың төрт дағдының барлығын түрлі әрекеттерде (мысалы, оқылым-тыңдалым, оқылым-жазылым, оқылым-айтылым, тыңдалым-жазылым және т.б.) түрлі мақсаттарға қол жеткізу үшін қолдану;

• оқушыларды пікірталас диалогтарға қатыстыру (мәселен, оқушылардан қысқа жауаптарды қабылдамау, білімді ғана көрсететін сұрақтарды қоймау; оқушыларды өз білімін нәтижелі талқылау үшін пайдалануға ынталандыру, сондай-ақ оқушылар диалогқа қатыса алуы үшін қажет лексикалық қормен қамтамасыз ету);

• тілге тән оқу дағдыларын дамыту (мәселен, таңдамалы түрде тыңдау, түсіндіру, металингвистикалық және метакогнитивтік танымды дамыту, басқа сөзбен айту, сөздікпен жұмыс дағдылары);

• тіл туралы сын тұрғысынан ойлауды дамыту (мәселен, тілдерді салыстыру, оқушылардың тілді барынша нақты пайдалануға ынталандыру, тілді оқудағы жетістіктерді бағалау);

• сабақ басында тілдік мақсатты белгілеу, сабақтың соңында осы мақсат бойынша қол жеткізген жетістіктерді талқылау.

Тілдік мақсат үлгісі оқу жоспарының әр бөлімінде көрсетілген.

Тілдік мақсат үлгісі сонымен бірге ғылыми тілдің құрамдас бөліктерін қамтиды, оны пайдалану мен есте сақтауға оқушылардың назарын аудару маңызды. Бұл құрамдас бөліктер келесі тақырыпшалармен көрсетілген:

(1) пәнге арналған арнайы лексика және терминология,

(2) диалог/жазылым үшін қажетті сөз тіркестері. Берілген тіл оқушылар үшін түсінікті әрі анық болса, бұл олардың пәндік мақсаттар мен тілді оқудағы мақсаттарға қол жеткізуіне көмектеседі.

Тілдік мақсаттарды анықтау үшін келесі етістіктерді пайдалануға болады: талдау, сұрақтар қою, санаттарға бөлу, таңдау, жіктеу, салыстыру, байланыстыру, қарсы қою, көшіру, құрастыру, сынау, анықтау, суреттеу, әзірлеу, бағалау, түсіндіру, мысал келтіру, жорамалдау, анықтау, негіздеу, келіссөздер жүргізу, болжау, өндіру, балама шешімдер ұсыну, себептерді түсіндіру, пысықтау, қайта ұйымдастыру, басқа сөзбен айту, мазмұндау, қайта қарап шығу, көшіріп алу, рөлдік ойындар ойнау, қорыту, синтездеу және жазу, түрлі мақсаттар үшін пайдалану, өз сөзімен анықтама жазу, безендіру.

Тілдік мақсаттардың кейбірін пән мазмұнын оқу мақсаты деп те есептеуге болатынына қарамастан, мазмұн мен тілдің бөлінуі оқушылардың мазмұнға да, тілге де баса назар аударуына көмектеседі. Бұл, сондай-ақ, жауаптар мен шешімдер іздеу үшін қолданылатын үдерістермен салыстырғанда, жауаптарға/шешімдерге аударылатын назарды теңгеруге көмектеседі. Атап айтқанда, осындай үдерістерге баса назар аудару тілдің нақты қолданылуы мен ойлау әрекетінің жақсаруына көмектеседі.

Тілдік емес пәндерде оқыту мақсаттарының көпшілігі мазмұнға бағдарланады, бірақ ең кемінде біреуі тілге бағдарлануы тиіс.
Орта мерзімді жоспарлар

Көркем еңбек Бастауыш мектеп 1-сынып

1 А-бөлім: Өзім туралы


Ұсынылатын алдыңғы білімдер

Осы бөлімнің мазмұны оқушылардың көркем еңбек бойынша балабақшада, үйде, үйірмелерде алдын ала меңгерген сурет салу мен қолданбалы өнер іс-әрекеті дағдыларына және білімдеріне негізделеді.




Тілдік мақсаттары

Оқушыларға түсінікті тиісті ғылыми тілде жазылған мақсат үлгісі төменде берілген

Оқытудың тілдік мақсаты

Пәндік лексика және терминология

Диалогқа/жазылымға қажетті сөздер топтамасы

Оқушылар орындай алуы тиіс:

• сызықтар, пішіндер, таңбаларды жасау тәсілін сипаттау




Қарастырылады:

• күңгірт, ашық;



      • жоғары, төмен, үлкен, кіші, толқынды, ирек, түзу, нүктелік;

• қатты, жұмсақ, жуан, жіңішке;

• қарындаш, қалам, көмір қарындаш,

ұшы, жақ, дақ (сия тамшысы), қайшы,

кескіш;


• таңба салу, сызық, пішіндер, көлем,

масштаб.



Талқылауға арналған сұрақтар:

• Сіз қандай таңбаларды/сызықтарды/пішіндерді жасай аласыз?

• Сіз қанша таңбаларды/сызықтарды/пішіндерді жасай аласыз?

• Сіз қайсысын қалар едіңіз?

• Сіз өз таңбаңызды/ сызықтарыңызды /пішіндеріңізді сипаттай аласыз ба?

• Сізге олар кандай бейнелерді еске түсіреді?

• Осы жұмыс, сурет немесе сызық қандай сезім тудырады?

• Өз сызықтарыңыз бен пішіндеріңізді қағаз бетінде қалай орналастырдыңыз?



Басқа да тілдік мақсаттарды белгілеу және тілді оқыту мақсаттары бойынша академиялық тілді оқыту мен оқуға қатысты қосымша нұсқаулар беру үшін жоғарыдағы «Тілдік мақсаттар туралы» бөлімін қараңыз

Қысқаша шолу

Осы бөлімде оқушылар әр түрлі материалдар және құралдармен танысып (бұл - таңбалар мен коллаж, сызық, түс және пішіндер жасау үшін қарындаш, көмір қарындаш, бор, бояу), сонымен қатар олармен жұмыс жасау тәсілдерін үйренеді және олар туралы білімдерін кеңейтеді. Олар материалдармен жұмыс жасаудың әр түрлі тәсілдерін қолдана отырып, қарапайым және болжамды пішінде визуалды әрі тактильді элементтермен тәжірибе жасайды, мысалы, қарындаштың ұшын немесе тұқыл ұшын пайдаланып, жеңіл немесе қатты басу. Оқушылар мұны визуалды және вербалды тіл арқылы жеке және топ болып өз идеялары мен сезімдерін білдіруде қолданады.




Оқу бағдарламасына сілтеме

Оқу мақсаттары

Ұсынылатын оқыту іс-әрекеттері

Мұғалімге арналған ескертпелер

(оқыту әдістемесі бойынша)

Оқыту ресурстары

2. Шығармашылық жұмысты жасау және дайындау
2.1 Қоршаған ортаның бейнелері

1.2.1.1


Өз идеялары мен сезімдерін айқындау үшін қарапайым тәсілдерді

анықтап, қоршаған ортадағы кейбір визуалды элементтерді қолдану




Cызықтар мен пішіндер

(К, С) Оқушыларға түрлі сурет салу материалдарымен таңба және сызықтарды салуды, әр түрлі сызықтар мен таңбаларды анықтай білуді және олар туралы ойлауды үйретіңіз. «Қандай таңбаларды, сызықтарды, пішіндерді сала аласыз?», «Қанша таңба, сызықтар, пішіндер сала аласыз?» деген сұрақтар қойыңыз.
(Ө, Т) Оқушылар қанша сызық пен таңба жасай алатыны туралы ойланып, түрлі құралдармен тәжірибе жасайды.
(Т, С) Оқушылар түрлі сезімдерді сызықтар арқылы қалай жеткізуге болатыны туралы ойланады, бір-бірімен пікір алмасады.
(С, Қ) Оқушыларға дене мүшелерінің суретін, мысалы, алақанға бояу жағу арқылы (саусақтар таңбасы) немесе қол ұшымен айналдыра сызу арқылы қол, саусақпен сурет салуды үйретіңіз. Сызықтардың қалай пішін құрайтынын талқылаңыз.
Өз бақылауларына сүйене отырып, жұмыстарында бұрын орындаған әр түрлі сызықтар мен пішіндерді/таңбаларды қосуына болады. «Көмір қарындаштардың көмегімен саусақ, қол таңбасын қалай жасай аламын»?, «Қол пішінін мен қалай көрсете аламын»? деген сұрақтар қойыңыз.
(Ө, Т) Оқушылар дене мүшелерінің суреті мен пішінін жасауда жаңа білімдерін қолдана отырып, сурет салуды жалғастырады.

Пайдаланылатын көркемдік тәсілдер түрлі іс-әрекетті орындауға ынталандыруы керек.

Мысалы, қарындаштың ұшымен, түбімен, қатты немесе ақырын басу, қарындашпен жұмыс істеудің әр түрлі тәсілдерін қолдану.


Сабақтың мазмұны сызық, пішіндерді және таңбалау тәсілдерін меңгеруге негізделген. Түстер келесі сабақта пайдаланылатын болады.
Мұғалім оқушылардың осы материалды қалай пайдалануға болатыны туралы ойлануларын сұрай алады.

Жұмыс істеу үшін материалдарды мұқият іріктелуі керек, мысалы, көмір қарындашы және/немесе бор.


Қағаздың өлшемі орындалатын жұмысқа байланысты.

Монохромды жұмыстарға арналған көркем материалдар, (қарындаш және көмір қарындашы).

Үлкен қағаз парағы



1. Шығармашылық идеяны зерттеу және дамыту
1.3. Шығармашылық идеялар мен сезімдерді көрсету және дамыту

2.2. Материалдар және шығармашылық жұмысты орындау техникалары


1.1.3.1


Нақты материалдар мен техникалардың негізінде, өз идеялары мен сезімдерін шығармашылық деңгейде ұсыну
1.2.2.1

Қарапайым тәсілдер мен техникаларды пайдаланып, материалдарды (табиғи және жасанды) және құралдарды қолдану, тәжірибе жүргізу





Менің бояуларым
(С, К, Қ) Сабақ басында түс туралы, оның не үшін қолданылатынын, негізгі және қосымша түстер туралы әңгіме жүргізу қажет.

Оқушыларға өздеріне ұнаған бояу түсін таңдауды сұраңыз. Мұғалім түрлі құралдарды және саусақтар, саусақ ұшы, алақан қыры, алақан сияқты қол бөліктерін қолдана отырып, бояумен таңбаны қалай жасауды көрсетеді. Оқушыларға өзіне ұнаған түстермен қағаз бетіне әр түрлі пішінде таңбалар салуын сұраңыз.


(Ө, Т) Оқушылар әр түрлі таңбалар мен пішіндер туралы ойлана отырып, түрлі тәсілдермен тәжірибе жасап көреді.
(С, К, Қ) Дене мүшелерін салу бойынша, соңғы жасалған жұмыстарға шолу жасау. Мұғалім балалардың бір-бірінің сұлбасын қалай салатынын көрсетеді (ең жеңіл тәсіл – басқа оқушының көлеңкесін айналдыра салу), содан кейін сұлбасын түрлі түспен бояп, өрнек және суретпен толықтырады. Оқушылардан қандай түстер мен өрнектер оларға көбірек ұнайтынын сұрааңыз.
(Т, Т) Жұмыс жалғасады, балалар сурет салу үшін кім өз бейнесінің сұлбасын салғызуға келіседі және қандай түстер мен суреттер таңдалатынын шешеді,.


Бояу қол жетуге ыңғайлы шағын жайдақ табақта орналасқан.
Топтағы оқушыларға үлкен қағаз барлық үстелді жабатындай етіп қойылады, ортасына бояу палитрасы қойылады.
Оқушылардың топтық жұмысы саралау және өзара қолдау үшін көмектеседі.

Мұғалім қиындықтар туындаған жағдайда көмектесу үшін топтардың жұмысын бақылап отырады.


Мұғалімге балалардың жұптасып немесе шағын топта жұмыс жасауын ұйымдастыруына болады.
Оқушылардың пішін/ сызық/таңба жасау жұмысы оқушылардың киімін ластауы мүмкін, сондықтан мұғалім тарапынан мұқият қадағалауды қажет етеді. Жұмыс барысында қауіпсіздік ережесін сақтау, жұмыс соңында жұмыс орнын тазалау қажет.
Оқушыларға өз фотосуреттерін немесе ұнайтын бұйымдарын, ойыншықтарын әкелу тапсырылады. Мұның барлығы сынып бөлмесінің бұрышын жабдықтауға арналған жиынтық бола алады.


Палитрада түрлі түсті бояулар

Үлкен қағаз парақтары,

Қол сүртуге арналған сүлгілер, майлықтар


2 Шығармашылық жұмысты жасау және дайындау
2.1 Қоршаған ортаның бейнелері

3. Таныстыру, талдау және бағалау


3.2 Таныстыру, талдау және бағалау


1.2.1.1


Өз идеялары мен сезімдерін айқындау үшін қарапайым тәсілдерді

анықтап, қоршаған ортадағы кейбір визуалды элементтерді қолдану


1.3.2.1

Орындалатын шығармалардың және материалдардың тақырыбын талқылау



Сызықтар, пішіндер мен түстердегі дыбысар

(С) Жұмыс түрлері мен алдыңғы сабаққа шолу. Оқушылар жұмыстарының үлгілерін көрсетіңіз және әр түрлі сызықтардың қалай түрлі сезімдерге бөлейтінін талқылаңыз. Сұрақ қойыңыз: «Бұл сызықтар немесе таңбалар қандай сезімтуғызады»?
(С, К, Қ) Оқушылардан белгілі бір дыбыстар немесе музыка үзіндісін тыңдауларын (музыка сабағында дайындаған өзіндік шығармасын) ұсыныңыз және салынған таңбалар/суреттер мен сызықтарды оқушыларға көрсетіңіз. Олардан қай сызықтардың музыканың әр үзіндісіне сәйкес келетінін көрсетуді сұраңыз. Олардың таңдау себептерін талқылаңыз.
(С, К) Оқушыларға көркем жұмыстардың үлгілерін, мысалы, абстрактілі өнер Сембіғали Смағұлов "Қазақ киіз үйі", Әбдірашит Сыдыханова "Таңба Алаш хан", Бурдесбекова Бақытнұр суретшілердің сызық, түс және пішіндер арқылы сурет пен музыканың бір-бірімен байланысын қалай беретінін көрсетіңіз.

(Ө, Т) Оқушылар музыканы тыңдай отырып, сурет құралдарының көмегімен өзіндік сызықтарын құрайды, сол сызық пен таңбалардан әр түрлі дыбыстар шығатынын елестетеді.
(С, Т) Түс пен пішін туралы алдыңғы сабаққа шолу. Оқушылар жұмыстарынан үлгілер көрсетіңіз және қолданылған түс пен пішінді талдаңыз. Сұрақтар қойыңыз: «Сіздер қандай пішін мен түстерді пайдаландыңыздар»?, «Сізге қандай түс ұнайды»?
(С, К) Оқушылардан кейбір дыбыстарды және/немесе қысқа музыка үзіндісін тыңдауларын сұраңыз (мүмкіндігінше өз жазбасы) және оқушылар салған түсті коллаждарды қарап шығыңыз. Қандай коллаждың музыка үзіндісіне сәйкес келетінін сұраңыз. Таңдау себептерін талқылаңыз.
(Ө, Т) Содан соң оқушылар музыканы таңдай отырып, түрлі музыкаға сай келетін, әр түрлі пішінде кесілген және боялған қағаздардан өз коллаждарын жасайды. Оқушылар кейбір түстер мен пішіндердің белгілі бір сезімдерге қалай сәйкес келетінін ортаға салады. Мұғалім оқушылардың жұмыстарын сақтап қою үшін фотоға түсіреді.
(С, Қ) Оқушыларды өз жұмыстарының нәтижелерімен және идеяларымен бір-бірімен бөлісуге ынталандырыңыз.

Осы әрекет түрлері оқушыларға музыкадағы белгілер мен дыбыстардың байланысын түсінуге көмектеседі.

Мұғалім оқушылардың қайсысының жұмысты жеңіл орындайтынын, ал кімге көмек қажеттігін бақылайды және белгілеп жүреді.


Суретшілер А.Сыдыхановтың, Б. Бурдесбековтің жұмыс үлгілері оқушыларға сызық пен таңбаларды суретте қалай қолдануға болатыны туралы ұсыныстар мен идеяларды ұсынып, соның негізінде өз идеяларын біртіндеп дамытуға ынталандырады.
Оқушыларға жұмысты орындау барысында шабыттану үшін алдыңғы сабақта үйренген әндерін фондық музыка ретінде қою ұсынылады. Олар коллаж жасауға арналған бірқатар көркем материалдарды пайдаланатын болады.
Мұғалім оқушыларға жұмыс істеу барысында өздеріне деген сенімділіген арттыру үшін, қолдау көрсетеді. Жұмыстар сынып бөлмесінде көрме ретінде ілініп, келешекте

оқыту ресурсы ретінде пайдаланылады.




Алдыңғы сабақтарда орындалған жұмыстар

Көркем материалдар

Коллажға арналып алдын ала қиылған түрлі түсті мүсіндер жинақтары
Мұғалім таңдаған музыкалы жазбалар
А.Сыдыхановтың, Б. Бурдесбековтің, В.Кандинскийдің көркем туындыларының үлгілері
http://www.wassilykandinsky.ru


1

Шығармашылық идеяны зерттеу және дамыту


1.1 Қоршаған ортаны білу және түсіну

1.1.1.1


Қоршаған ортаның кейбір ерекшеліктерін, таныс бейнелер мен пішіндерін білу (түс, фактура, пішін және т.б.)
1.1.3.1

Нақты материалдар мен техникалардың негізінде, өз идеялары мен сезімдерін шығармашылық деңгейде ұсыну




Мен музыканы бейнелеймін

(С) Тақырыпқа сай жағдай туғызу үшін сабақ басында теңіз шуы жазылған жазбаны қосып қойыңыз. Оқушыларға көздерін жұмып, мұқият тыңдауларын сұраңыз. Оқушылардан теңіз шуын естіген кезде не сезінгендерін, көңіл-күйлерінде қандай өзгеріс болғанын сұраңыз.

Оқушылармен бірге түрлі түсті тұздан жасалған теңіздің суретін қарап шығыңыз. Оқушыларға «Тұздың қандай түрлерін білесіңдер? Оларды қайда қолданады? Түрлі түсті тұзды қалай жасауға болады? Тұздың көмегі арқылы қызықты көркем туындысын жасауға болады ма?» деген сұрақтар қойыңыз.


(Ж, Т, Қ) Оқушыларға толқынның түсін түсті тұзбен қалай көрсетуге болатынын анықтауын тапсырыңыз. Олардың идеяларын тыңдаңыз. Содан соң жұмыс кезеңдерін көрсетесіз. Оқушылардың өздеріне бір қабатын жасап көруіне мүмкіндік беріңіз.

Оқушылардың міндеттері:

- тұздың аздау бөлігін қағаз

бетіне себу;

- борды алып қажетті түс

шыққанға дейін, тұзбен

ұқыпты үйкеу;

- түрлі түсті тұзды

кезектестіріп ыдыстың

қабырғасына бағыттап себу;

- бір түстің қабатын алған

соң, басқа түсті борды алу.

Жұмыстың түстері ашық

болу үшін, жылы түстер мен

суық түстерді алмастырып отыру керек.

Берілген тапсырма адамның ішкі жан-дүниесіне әуеннің тигізетін әсерін анықтауға бағытталған. Басында баяу және байсалды әуен қойыңыз. Содан соң қаттылау және ырғақты әуенді қосып, дауыл кезіндегі толқынды көрсетулерін ұсыныңыз.

Мұғалім қолайлы атмосфера тудыру үшін, теңіз әуенін қоса алады.

Шығармашылық жұмыс барысында мұғалім сыныптың ішін аралап, қолдау көрсетіп жүрсе, өте пайдалы болады.

Бір түстің негізінде оқушыларға тәжірибе жасауды ұсыныңыз. Мысалы: қызыл түс. Уақытты үнемдеу мақсатында мұғалім түрлі түсті тұзды алдын ала дайындап әкеліп, тапсырманы орындау үшін таратып шығуы қажет.

Көркем материалдар мен құралдар

А4 пішініндегі қағаз, тұз, түрлі түсті борлар, таза мөлдір ыдыс, мысалы: мөлдір стақан, қол сүртуге арналған майлықтар, алжапқыш, желім, алдын ала дайындалған түрлі түсті тұз.
Боялған түрлі түсті тұздан жасалған жұмыстар

http://teamcreative.ru/blog/solkashtan


http://www.podelkidetkam.ru/10-effektnyx-dekorirovannyx-solyu-butylok-sozdayushhix-uyut-doma
Түрлі түсті тұзды сәндік бөтелке

https://www.youtube.com/watch?v=3_xFlQqN1g0






Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет