1-сынып Мазмұны Тілдік мақсаттар туралы 8



бет6/9
Дата07.02.2017
өлшемі1,17 Mb.
#8854
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9




Көркем еңбек Бастауыш мектеп 1-сынып

5 С-бөлім: Саяхат


Ұсынылатын алдыңғы білімдер

Алдыңғы бөлімде оқушылар әр түрлі көркем жұмыстарды зерделеді және олардың жасалу идеяларын талқылады. Олар негізгі құралдарды және 2D мен 3D кеңістіктегі пішіндер жасау үдерістерістерін зерттеді.




Тілдік мақсаттар

Оқушыларға түсінікті тиісті ғылыми тілде жазылған тілдік мақсат үлгісі төменде берілген.



Оқытудың тілдік мақсаттары

Пәндік лексика және терминология

Диалогқа/жазылымға қажетті сөздер топтамасы

Оқушылар орындай біуі тиіс:

• өз қолымен жасаған жұмыстарын қайсысы жақсы жасалғанын, қайсысын жақсартуға болатынын сипаттай отырып, ауызша баға беру



Қарастырылады:

• коллаж, пішін, бүктеу, қабат, бөлшек;

• сурет салу, қию, желімдеу, тесу;

ерекшелік, сәйкестік, өлшем, мөлшер;

• карта, қарындаш, қайшы, сызғыш;

• түс, бедер, қарама-қайшылық;



  • ұқсас, әр түрлі.

Талқылауға арналған сұрақтар:

• Суретші сезімдер мен идеяларды қалай көрсеткен?

• Сіз ... бейнесін қалай жасай аласыз?

• Сіз қандай құрал-саймандарды қолданатын боласыз?

• Сіз бұл әсерлерді қалай жасадыңыз?

• Сіз қандай материал қолданар едіңіз?

• Жұмысты жақсарту үшін келесі жолы сіз не істер едіңіз?


Басқа да тілдік мақсаттарды белгілеу және тілді оқыту мақсаттары бойынша академиялық тілді оқыту мен оқуға қатысты қосымша нұсқаулар беру үшін жоғарыдағы «Тілдік мақсаттар туралы» бөлімін қараңыз.

Қысқаша шолу

Бұл бөлімде оқушылар «Саяхат» тақырыбында сапарлар мен көлік түрлерін суреттейтін көркем жұмыстарды зерделейді, жасайды. Оқушылар осы тапсырманы орындау негізінде бақылау, визуалды пішіндерді жасау, құрал-саймандарды қолдану дағдыларын және олармен жұмыс жасау әдістерін дамытуды жалғастырады. Олар осы немесе таңдалған тақырыптар бойынша өздерінің көркем жұмыстарын жасауда шағын топпен және жұптасып жұмыс істейді, сондай-ақ жұмысты орындау сапасы мен бөлшектерге назар аударады.


Оқу бағдарламасына сілтеме

Оқу мақсаттары

Ұсынылатын оқыту іс-әрекеттері

Мұғалімге арналған ескертпелер

(оқыту әдістемесі бойынша)

Оқыту ресурстары

1.3 Шығармашылық идеялар мен сезімдерді көрсету және дамыту

1.3.3.1

Идеяларын шығармашылық түрде ұсыну және нақты тәсілдермен сезімдерін білдіру



Кең далада саяхаттау

(С, Қ) Қазақ даласының бейнежазбасын қолдану арқылы оқушылармен кең даланы елестетіп саяхатқа шығыңыз.

Қазақстан аумағының көп бөлігін кең дала алып жатқандығын түсіндіріңіз. Кең далада жиі кездесетін жануарлардың бірі - жылқы.



(С) Әңгімені жылқылар және олардың ерекшеліктері жайында бастаңыз. Көшпелі қазақ өмірінде жылқының ерекше орын алатындығын түсіндіріңіз.

(Т, Ө, Қ) Оқушыларға алақандарының көмегімен жылқының басын салуды ұсыныңыз. Тапсырма қиындық туғызған оқушыларға нұсқаулық бойынша салуды ұсыныңыз:

1. Тігінен жатқан парақ бетіне оқушылар алақандарын қояды.

2. Бас бармақты және шынашақты кереді. Қолдың сұлбасын балауыз бормен айналдырып сызып шығады.

3. Алынған суретке жылқының жалын, көзін және тістерін салу керек.

4. Көкжиек сызығын өткізу керек. Балауыз бормен қызғалдақ, бұлт, күн салу керек.

(Т, Ж) Келесі критерийлер бойынша бағалау жүргізіңіз:

1. Салынған суреттің жылқымен ұқсастығы.

2. Екі материалды пайдалану.

3. Жұмыстың таза орындалуы.


Практикалық тапсырманы орындау барысында, барлығының саусақтары дұрыс орналасқандығын қадағалаңыз.


Оқушыларға бұл тек бір нұсқа екендігін түсіндіріңіз. Олар өз суреттерімен тәжірибе жасай алады.
Оқушыларға түрлі түсті балауыз борлармен салынған суреттің бетіне бір тамшы акварель бояуын тамызса, не болатындығын көрсетіңіз. Олар араласпайды. Оқушыларға бұл екі материалдың бір-бірімен араласпайтындығын түсіндіріңіз.

Жұмыс барысында оқушыларды бақылап отырыңыз. Қажет болғанда, қиыншылыққа кездескен оқушыларға көмек беріп, қолдаңыз.


Қазақстандық және шетел суретшілерінің еңбектері


Альбомдар

Қағаз


Акварель бояулар
Суға арналған ыдыстар

Қаламдар мен қылқаламдар

Балауыз борлар


2.3 Дайындау технологиялары


1.2.3.2.

Белгілі бір материалдармен (ермексаз, қолданыстан шыққан, қағаз материалдар және т.б.) қарапайым көлемді пішіндерді жасау



Хайуанаттар бағына саяхат

(С, Қ) Оқушыларға сабақта жануарлардың бетпердесін жасайтынын түсіндіріңіз.

Оқушылардың бетпердені қалай жасайтындықтарын талқылаңыз.

Сұрақтар қойыңыз: «Қай жануардың бетпердесін жасай аласың? Бетперде қандай пішінде және қандай өлшемде болады?», т.с.с.

(С, К) Оқушылар қарапайым материалдарды пайдалана отырып сызықтарды, түсті және пішінді ойластырады. Бір-біріне көмектесу арқылы өз бастарының өлшемін алып, бетперденің бетті толықтай, жартылай жабатындығын анықтайды.

(Ж, Т) Оқушылар, бір-біріне өз бетперделерін жасауға көмектесе алады. Оқушылар орындайтын әрекеттер:

• бастың пішінін өлшеу;



  • бетперденің қандай түрін жасайтынын анықтау;

  • қажетті өлшемдегі картонды таңдап кейіпкердің басының пішінін салу;

  • бөлшектердің суретін қағаз бетіне салу, көздерінің, құлақтарының, басының ұзындығын қалай орналасуына байланысты бөлшектеп салу;

  • бөлшектерді кесіп алып, содан кейін бір-біріне жабыстырып, бетпердені өлшеп көру;

  • таңдап алған түстерді араластырып бояу;

  • коллажға арналған басқа материалдардың көмегімен бөлшектерді қосу;

  • бетперденің баста тұруы үшін, резенкені байлап бекіту.

Жануарлардың көлемді бейнесін «оригами» әдісі арқылы жасауға болады.

Оқушылар кейіпкерлердің бет пішіні ерекшеліктерін қалай салу керектігі жөнінде ойластырады, мысалы: сызық, түс және пішінді қалай пайдалануға болатынын қарастырады.
Дайын бетпердені пайдаланбаңыз, көмек керек болғандарға қолдау жасаңыз. Алдын ала дайындалған бас шаблоны оларға бас өлшемін дұрыс табуына көмектеседі. Тапсырманы бөліп және асықпай орындауға болады.
Оқушылар қайшымен, басқа құралдармен жұмыс жасаған кезде техника қауіпсіздігі ережесін сақтаулары керек.

Оқушылар өздігімен жұмыс жасау үшін, материалдар дұрыс бөлінуі керек.


Жануарлардың бетпердесін жасау туралы веб-сайт

http://www.infoniac.ru/news/Kak-sdelat-masku-svoimi-rukami.html
http://www.instructables.com/id/Make-Fun-Masks-Out-of-Cardboard/
Ертегілер кейіпкерлерінің бейнелері
Материалдар: түрлі түсті қағаз, түрлі түсті қатырма қағаз,

желім, қайшы, сызғыш, бояу, қылқалам, су құюға арналған ыдыс, қарындаштар, қаламсаптар




2.2 Материалдар және шығармашылық жұмысты орындау техникалары



1.2.2.1

Қарапайым әдістер мен тәсілдерді пайдаланып, материалдарды (табиғи және жасанды) және құралдарды қолдану, тәжірибе жүргізу




Таңғажайып көліктер

(С) Әр түрлі көлік түрлерінің, мысалы, зымыран ұшыру, ұшып келе жатқан ұшақ, қозғалып келе жатқан пойыз, жолдағы көліктер туралы бейнефильм көрсетіңіз.

Сұрақтар қойыңыз:

Көліктер туралы не білесіңдер? Көліктің қандай түрлері болады?

Олар бір-бірінен қалай ерекшеленеді? Саған қандай көлік түрімен жүрген ұнайды?

Содан кейін өз картиналарын салуда жаңа идеяларды көрсету үшін таңғажайып көліктердің суреттерін, Леонардо да Винчидің ұшу аппаратын көрсетіңіз.

(Ө, Қ) Бейне фильмді көргеннен кейін, оқушылар өздерінің таңғажайып көліктерінің нобайын жасайды, сонымен қатар олардың пішіндері және әр бөліктің түстері туралы ойланады.

Жұмысты әр түрлі түстер мен реңктерді қолдана отыры, аралас техникада орындайды.


Оқушылардан ұшақ, автобус, теплоход, метродағы электр пойызы көліктің қай түріне жататынын сұраңыз.

Оқушылармен таңғажайып көліктің бұрандалары, дөңгелегі, антеннасы, шамдары жайлы талқылаңыз.

Шығармашылық жұмысты орындау барысында тақтада әр түрлі корпустарды көрсету маңызды. Мысалы: доғал, шаршы, тікбұрышты, үшбұрышты пішінді және т.б.

Оқушыларға материал таңдауда мүмкіндік беріңіз. Мысалы: балауыз қарындаштар, акварель бояулар, фломастерлер.


Көліктер туралы кітаптар

Көлік туралы Леонардо да Винчидің әзірлемелері

http://leonardodavinchi.ru/mehanizmi/
Ерекше көліктердің суреті көрсетілен сайт

http://vilingstore.net/Interesnye-fakty-c15/neobychnye-mashiny-i48720

Альбомдар

Сурет салуға арналған материалдар

Дөңгелекпен қозғалатын ойыншықтардың фотосуреттері


2.2 Материалдар және шығармашылық жұмысты орындау техникалары



1.2.2.1

Қарапайым әдістер мен тәсілдерді пайдаланып, материалдарды (табиғи және жасанды) және құралдарды қолдану, тәжірибе жүргізу


1.2.3.3

Қарапайым тәсілдерді қолданып, шығармашылық жұмысты аяқтау





Ғарышқа саяхат

(С, К) Сабақтың басында оқушыларға ғарыш туралы суреттерді қарап шығуларын ұсыныңыз. Осы сабақта олардың қайда сапар шегетіндіктері жайлы сұраңыз.

Оқушыларға Күннің, Жердің өлшемі жайлы айтыңыз. Жер - Күн жүйесіндегі үшінші планета. Егер Күнді қарбыз деп елестетсек, онда Жер бұршақ тәрізді.



(Ө) Оқушыларға өздігінен бесжұлдыз салуды ұсыныңыз. Жұлдызды салудың кезеңдерін көрсетіңіз. Оқушылардан басқа әдіспен жұлдызды қалай салуға болатындығын сұраңыз.

(Ө, Қ) Оқушыларға болашақ аппликация үшін шашырату арқылы фон жасау керектігін түсіндіріңіз.

1. Оқушылар ақ қағаз бетіне екі жұлдызды, екі дөңгелекті салып, қиып алады.

2. Қиып алынған пішіндерді қара парақтың бетіне орналастырады.

3. Әрі қарай тіс щеткасын бояуға батырып, саусақпен қылшықтарын өзіне қарай үйкейді.

4. Бояу кепкен соң, уақытша орналастырылған пішінді алып тастау керек.

5. Осы пішіндерді әр түрлі түстермен безендіреді.

6. Өткен сабақтағы таңғажайып көлікті жабыстырады.



Жұмыс барысында қиындыққа тап болған оқушыларға көмек беріңіз.


Оқушылар гуаш пен акварель бояуларын пайдаланып, шашырату техникасымен тәжірибе жасай алады. Ең жақсы шашырату қандай материалмен сәтті орындалатынын көреді.


Оқушыларға барлық саяхатты естеріне түсірулерін ұсыныңыз. Оқушылар бөлімді оқу барысында не жасап үйренгендерін және ненің ұнағандығын айтып береді. Сабақтың соңында жұмыстардан көрме ұйымдастырыңыз.

Ғарыштың фотосы


Альбомдар, қағаз
Коллажға арналған құралдар мен материалдар: қара түсті қатырма қағаз, газет, түрлі түсті қағаз, борлар, фломастерлер, желім, гуашь, тіс тазалайтын щетка, қайшы, су құятын ыдыс.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет