1-сынып Мазмұны Тілдік мақсаттар туралы 8



бет4/9
Дата07.02.2017
өлшемі1,17 Mb.
#8854
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9


Көркем еңбек Бастауыш мектеп 1-сынып

3В-бөлім: Менің отбасым және достарым


Ұсынылатын алдыңғы білімдер

Алдыңғы бөлімдердің тапсырмаларында оқушылар таңба салу, сурет, бояу техникаларымен танысып, сызықтар мен пішіндер жасау барысында дыбысқа немесе музыкалық үзіндіге сәйкес түстерді таңдауды үйренді. Олар мектептегі заттарды зерделеу барысында бақылау дағдыларын қалыптастыра отырып, қайталанушы өрнектерді, бедерлерде қарапайым таңба салу арқылы өз идеяларын жеткізуге үйренді.




Тілдік мақсаттар

Оқушыларға түсініктітиісті ғылыми тілде жазылған тілдік мақсат үлгісі төменде берілген.



Оқытудың тілдік мақсаттары

Пәндік лексика және терминология

Диалогқа/жазылымға қажетті сөздер топтамасы

Оқушылар орындай білуі тиіс:

• негізгі түстерді араластыру барысында алынған түстерге сипаттама беру.



Мыналарды қамтиды:

ақшыл, ақшылдау, күңгүрт, аса күңгірт;

• солғын, өте солғын, ашық, өте ашық;

• контраст (қарама-қарсы), ұқсас;

• бояу, қылқалам;

• езу, араластыру, біріктіру;

• негізгі және қосымша түстердің атаулары, реңк/көлеңке, пропорция


Талқылауға арналған сұрақтар :

• Түс ашық бола бастайды ма, әлде күңгірттенеді ме ?

• Түстер арасындағы айырмашылық қандай?

• Бұл түс қалай пайда болды?

• Қандай түстерді араластырдыңдар?

• Бұл түс неге ұқсайды?

• Сендер алған түсті сипаттап бере аласыңдар ма?

• Бұл түс сендерге несімен ұнайды?



Басқа да тілдік мақсаттарды жасау және академиялық тілдерді оқыту мақсаттары бойынша қосымша нұсқаулар беру үшін жоғарыдағы «Тілдік мақсаттар туралы» бөлімін қараңыз.

Қысқаша шолу

Бұл бөлімді оқу барысында оқушылар түрлі бейнелерді сипаттауға, портреттер туралы пікір алмасуға үйренеді. Алдыңғы бөлімдегі тапсырмаларға негізделе отырып, оқушылар идеялар мен сезімдерді жеткізуге, практикалық жұмыстар жүргізу және бақылау дағдыларын әрі қарай дамыта отырып, айналасындағы заттардың пішіндерін жасаудағы жетістіктерін көрсетеді. Тәжірибе және практикалық жұмыстар жүргізу дағдылары есте сақтау, көру үдерістеріне қолдау көрсетеді, сонымен бірге ол көркем құралдарды жұмыс барысында пайдалана білуін көрсетеді. Олар айналадағы заттардан түстерді, сонымен қатар кескіндемеде реңкті қалай қолдану керек екенін зерттей бастайды.


Оқу бағдарламасына сілтеме

Оқыту мақсаттары

Ұсынылатын оқыту іс-әрекеттері

Мұғалімге арналған ескертпелер

(оқыту әдістемесі бойынша)

Оқу ресурстары

1.2 Тарих, мәдениет және салт-дәстүрді білу және түсіну


1.1.2.1

Ұлттық және әлем мәдениетінің әр түрлі өнер туындыларына көңіл бөлу





Менің отбасым

(С, Қ) Оқушыларға әр түрлі асылық портреттерді көрсетіңіз, мысалы, фотосуреттер мен картиналар (оқушылардың өздерінің отбасылық портреттерін, қазақстандық суретшілер мен фотосуретшілер жұмыстарын қоса алғанда).

Портретте бейнеленген адамдар туралы сұрақтар қойыңыз. Мысалы,

«Отбасы мүшелерінің қайсысы бейнеленген: анасы ма, әкесі ме? Кім ең үлкені? Кім ең кішісі?» және т.б. Олар туралы не білетінін сұраңыз. Оқушыларға ойлау қабілеттеріне байланысты қолдау көрсетіңіз.
(С, К) Оқушыларға ойын арқылы отбасы мүшелерінің рөлдерін, түр-сипаттарын, тұрыстарын қалай білдіруге болатынын көрсетіңіз. Оқушылар шағын топпен бір-біріне тұрыстарын қайталап көрсетеді. «Мен бақытты екенімді қалай көрсетемін?», «Көңілсіз екенімді қалай көрсетемін?», «Кәрі адамды көрсету үшін, маған не істеу керек?» деген сұрақтар қоюға болады.

(С) Альбомға қарындаш немесе көмір қарындаш материалдарын қолданып сурет салғанда, түр-сипатын қалай келтіруге болатынын көрсетіңіз. Жұмысты жұппен жасауға болады. Адам мінезін, сезімін және эмоциясын көрсетуде материалдарды қалай қолдануға болатынын көрсетіңіз (мысалы, смайликтер).
(Ж, Т) Оқушылар жұптаса отырып, альбомдарына бір-бірінің нобайын салады.

Оқушының назарын адамның түрі жасына қарай өзгеріп отыратынына, әр жастың өзіндік ерекшелігі болатынына аударыңыз.


Алдымен, оқушылардың өздеріне көз, мұрын, еріннің қалай салынатынын көрсетулерін ұсыну. Не дұрыс, не бұрыс шыққанын бірлесе отырып талқылаңыз. Содан соң өзіңіз тақтаға бет бейнесінің қалай салынатыны көрсетіңіз. Сіздің түсіндірмеңіз оқушылар үшін қарапайым әрі түсінікті болу керек. Көздің, еріннің, мұрынның үлкен әрі анық суреттері тақтада, «сөйлейтін» қабырғада ілініп тұруы қажет.

Оқушыларға портретті салу үшін, ең алдымен, бастың пішінін салу керектігін түсіндіріңіз.

Адамның бет әлпетін салып, кейін өшіріп жөндеу үшін жіңішке сызықтар қолданылады.


Отбасылық портреттер: фотосурет, өздерінің салған суреттері, мұғалімге қазақстандық фотосуретшілер мен суретшілердің жұмыстары

Цифрлік


фотоаппараттар.
Альбомдар, қарындаш, көмір қарындаш, түсті қарындаш, бояулар материалдар.

http://www.nationalgeographicstock.com/ngsimages/explore/explorecomp.jsf?xsys=SF&id=737059
http://www.kazakhstanlive.com/7.aspx?sr=5


1.3 Шығармашылық идеялар мен сезімдерді көрсету және дамыту

1.1.3.1

Нақты материалдар мен техникалардың негізінде, өз идеялары мен сеземдерін шығармашылық деңгейде ұсыну



Менің досымның портреті
(С, К, Қ) Оқушыларға әр түрлі адамның портреттерін көрсетіңіз. Келесі сұрақтарды қойыңыз: «Бұл не - кескіндеме, сурет әлде фотосурет пе»?, «Неліктен олай ойлайсың»? Бет-әлпеттің ерекшеліктері жайында және олар бір-біріне қатысты қалай орналасқанын сұраңыз. Оқушылардан бір-бірлеріне қарауларын сұраңыз. Сұрақ қойыңыз: Сендердің қандай айырмашылықтарың бар?
Оқушылардан қасындағы сыныптасының бет-әлпетінің ерекшеліктерін сипаттауды сұраңыз.

Көрсетілімде мыналарды ескеріңіз:

• бастың пішіні


  • бет -әлпетінің контурын салу;

• көлеңке/реңктер және олардың бетте орналасуы;

• шашты қалай бейнелеу және олардың текстурасы туралы ойлану.



(Ж, Т) Оқушылар жұптасып бір-бірінің суретін салу арқылы, жақын жерден бақылау дағдыларын дамытады.

Бет-әлпетті және оның ерекшеліктерін бейнелеу үшін оқушылар альбомдарда қарындашпен жұмыс істей алады. Кейін олар қара және ақ бормен тығыз қағазда жұмыс істей алады. Бұл жұмыс шаш текстурасының ерекшеліктерін, көлеңке мен реңктерді көрсету дағдыларын дамытады.

Мұнда бет-әлпеті бөліктерінің орналасуын анықтап, «пропорция» түсінігіне кіріспе жасауға болады, алайда бұл аталмыш кезеңде оқушының шығармашылық әлеуетін шектемеген маңызды.


Бұл тапсырмада бет-әлпеттің қандай бөліктерінде көлеңкенің пайда болатынын, реңкті салу және түсіну керектігі қарастырылған. Мұндажұмыс кезінде оқушыларды әрқашан қолдап отыру қажет.
Бормен жұмыс жасауға қиналған оқушыларға басқа материалдарға ауыстыруына, мысалы, балауыз, майлы бор, және түсті қарындаштармен, түрлі түсті жіптермен жұмыс жасауды ұсынуға болады.

Оқушылардың жұмыс аяғында орындарын тазалап, қолдарын жууға уақыт қалдыру керек.




Бет пропорциясын көрсетеін материалдар мысалдары http://www.wikihow.com/Draw-a-Face

Беттің суретін салуға арналған мұғалімнің көрсету материалдары.


Қарындаштар және альбомдар, түрлі түсті қағаздарда ақ және қара түсті пастель борлар

2.1 Қоршаған ортаның бейнелері

1.2.1.1

Өз идеялары мен сезімдерін айқындау үшін қарапайым тәсілдерді

анықтап, қоршаған ортадағы кейбір визуалды элементтерді қолдану


Менің сүйікті жануарым

(С, К, Қ) Оқушыларға «Жануарды тап» ойынын ойнауды ұсыныңыз. Жүн/шаш/ көз түсі қандай? Түстің қалай құрылғандығынойлап көр».

Сабақты оқушыларға жануарлардың үлкен үлгідегі көзі, жүні және дене бөліктерінің фотосуреттері мен суреттерін көрсетуден бастаңыз. Оқушылар оларды сәйкестендіріп табады. Бұл оқушыларды бояуларды табуға және оларды қалай араластыру кезінде жасалғандарын анықтауға көмектесіп, ойынға дайындайды. Қосымша түстерді араластыруды және анықтауды көрсетіңіз. «Кім негізгі түстерді атай алады?», «Кім қосымша түстерді атай алады?», «Олар қалай жасалған?», Оларды біз бояулар арқылы қалай жасаймыз? » деген тәрізді сұрақтар қойыңыз.


(Ө, Т) Оқушылар негізгі және қосымша түстерді араластырып, түстермен тәжірибе жүргізеді. Жұмысты сурет салатын альбомдарында орындауларына болады.


Барлық сыныпқа негізгі және қосымша түстерді анық ажырату үшін үлкен түстік шеңбер болуы пайдалы.
Қосымша түстерді жасау үшін негізгі түстерді қалай араластыру керектігін зерттеу бойынша жұмыс. Бұған әр түрлі тәсілдермен жетуге болады. Оқушылар суды әрдайым ауыстырып тұрудың және өз қылқаламдарын таза ұстаудың маңыздылығын түсінулері керек.
Реңк пен реңді құру үшін

қара, ақ және басқа түстерді монотипия тәсілінде қолдануға болады.


Мұғалім оқушылардың жұмыс соңында орындарын тазалауға, қолдарын жууға уақыт қалдыруын қадағалайды.
Парталардағы түсті шеңбердің көшірмелері басқа түс алу үшін оқушылардың түс және оларды араластыру тәсілдері туралы білімдерінің дамуына жәрдемдеседі.

Бұл жұмыстарда жарық пен түсті зерттеуде «Жаратылыстану» пәнімен байланысы қарастырылған.

Сонымен қатар түс саусақпен - қосымша түстер құру үшін қарапайым түрде негізгі түстерді жағу арқылы араластырылуы мүмкін. Алдыңғы сабақтар мен бөлімдерден алынған идеялар дамытылады.


Жануарлардың суреттері бейнеленген сайт
http://www.priroda.su/item/1992
Жануарлар көздерінің бейнелері

http://drunkguest.com/glaza-zhivotnyx-krupnym-planom/


Парталардағы түсті шеңберлер көшірмелері
Альбомдар немесе қағаздар

Бояулар - негізгі түстер (акварель немесе гуашь)

Қылқаламдар

Суға арналған ыдыстар

Палитралар


2.2 Материалдар және шығармашылық жұмысты орындау техникалары


1.2.2.1

Қарапайым әдістер мен тәсілдерді пайдаланып, материалдарды (көркемдік, табиғи және жасанды) және құралдарды қолдану, тәжірибе жүргізу



Отбасылық мереке

(С, К) Оқушылардың назарын түстер шеңберіне аударыңыз. Түстер шеңберінде негізгі және олардың арасында қосымша түстер мен олардың реңктері көрсетілген.
(Т, Ж, Қ) Оқушыларға түстер мен реңктерді өз бетімен тануға мүмкіндік беріңіз. Мысалы, оқушыларға үш сары түстегі шеңберді салып, әр шеңберге қызыл түс қосуды тапсырыңыз. Бірінші шеңберге бір тамшы, екінші шеңберге екі тамшы, үшінші шеңберге үш тамшы. Сұрақ: Түстер қалай өзгерді? Оқушылар түс реңктерінің қалай өзгергендігін айтулары тиіс.
(Т) Оқушыларға суретшілердің туындыларында жыл мезгілдерінің қалай бейнеленгендігін қарастыру ұсынылады. Сұрақ: Суретші қыс, көктем, күз және жаз мезгілдерін бейнелегенде қандай түстерді пайдаланды? (суреттер басқа тақырыпта болуы мүмкін) Ең күңгірт түстер қайсысы? Ең ашық түстер қайсысы? Жасыл түстердің реңктері бір-бірінен қалай ерекшеленеді? Қызыл түстердің реңктері бір-бірінен қалай ерекшеленеді?
(С, Ө) Сұрақ қойыңыз: Сенің отбасыңда қандай мерекелер тойланады? Бөлмені немен және қалай безендіресіңдер? Қандай киімдер киесіңдер?
(Ө, Қ) Оқушыларға «Отбасылық мереке» тақырыбында шығармашылық жұмыс жасауды ұсыныңыз. Оқушылар кез келген мереке соңында болатын отшашудың суретін салады. Суреттерінде оқушылар әр түрлі түстерді көрсетулері қажет.

Тапсырманы бір сабақта орындау үшін, суреттер жеткілікті кішкентай көлемде болуы керек.

Оқушыларға ең маңызды тапсырма - отбасы мүшелерін әр түрлі реңктермен бояу керектігін түсіндіріңіз.


Оқушыларға сүйікті түстерін мысалмен дәлелдей отырып айтуды ұсыныңыз.
Оқушылардан қосымша түстердің қасиеттерін сипаттауды сұраңыз.

Түстер шеңберінің көшірмелері
Сурет салуға арналған альбом Бояулар - негізгі түстер (акварель немесе гуашь )

Қылқаламдар

Суға арналған ыдыстар

Палитралар



Каталог: wp-content -> uploads -> 2016
2016 -> Дәріс №1 Тақырыбы: Саясаттану ғылым және оқу пәні ретінде
2016 -> ОҚУ Әдістемелік кешен пәН «Қазақ Әдебиетін жаңа технология бойынша оқыту әдістемесі» мамандық
2016 -> Қазақстанның ірі мемлекет қайраткері, ұлт жанашыры, ел қамқоры, халқымыздың біртуар перзенті
2016 -> Сабақтың тақырыбы Үш бақытым. Мұқағали Мақатаев Туған тілім. Дихан Әбілов Жалпы мақсаты
2016 -> «Алаштану негіздері» таңдау курсы Түсінік хат «Алаштану негіздері»
2016 -> Сабақтың атауы Н.Әлімқұлов Қоңырау Мақсаты
2016 -> Силлабус Пән: Педагогика тарихы Курс: 4 Мамандық: 5В010200 «Бастауышта оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» Кредит саны: 2 Экзамен: 7 семестр Семей-2015 «Педагогика тарихы»
2016 -> Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі
2016 -> Сабақтың атауы Бейнелеу өнерінің түрлері Сілтеме Сабақтың жабдығы
2016 -> Сабақтың тақырыбы: Менің Отаным Қазақстан


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет