5) Тың игеру ата мекеннiң халқы – қазақтардың үлес салмағының кемуiне әкелiп соқтырды.
► Тың өлкесi деген аймақтың құрамына кiрген бес облыстың – Солтүстiк Қазақстан, Ақмола, Қостанай, Көкшетау, Павлодар – жерiн игеруге 1,5 миллион адам келдi, ал жабық әскери объектiлер мұның үстiне 150 мың адамды қабылдады. 1954-1956 жылдары тыңды игеруге 391,5 мың механизатор әкелiндi. 1959 жылғы санақ бойынша қазақтар республиканың 30% -ын, орыстар 42,7% -ын,
1962 жылы қазақтар сан жағынан өз мекенiнде жалпы тұрғындарының үштен бiрiнен де аз немесе 29 пайызды ғана құрады. 1897 жылғы мәлiмет бойынша, олар өз жерiнде мекендеушiлердiң 85 пайызына тең едi.
► Тың игеру науқаны басқа одақтас республикалардағы қазақтарды ерiктi түрде ата мекенiне қайтаруға жағдай жасайтын таптырмас мүмкiндiк болғаны сөзсiз. Мұның өзi халықтың тұрақтанып, тың өлкесiнiң демографиялық дамуына, мал шаруашылығының өсуiне игi ықпал жасайтын едi.
Сөйтiп, бiрiншiден, тың 2 еседей аз жыртылғанда, екiншiден, одақтас республикалардағы қазақтар әкелiнгенде қазақстандықтар тыңды өздерiнiң күшiмен-ақ игеретiн жағдайда болды. Бiрақ Кеңес үкiметi мұның бiрiн де жасамағаны белгiлi.
► Осы мәселеге қалам тартқан авторлардың пiкiрiнше, 1954-1964 жылдарда тың өлкесi құрамына енген 5 облыста Ақмола қаласын Целиноград және аудандық, облыстық атауларды қоспаған күннiң өзiнде, тек 200 -ден астам селолық және ауылдық Кеңестердiң аттары орыс тiлiне өзгертiлiп аталған.
► Осылардың барлығы қазақ тiлi аясының тарылуына, кейiннен тұрғылықты ұлт өкiлдерiнiң ана тiлiнен гөрi орыс тiлiне бейiмделуiне, қазақ мектептерiнiң жабылып, орыс тiлiндегi мектептердiң қанат жаюына әкелiп соқтырды.
Достарыңызбен бөлісу: |