1. Соғыстан кейiнгi жылдардағы Қазақстанның әлеуметтiк экономикалық дамуы (40-50 жж.)


Тың эпопеясының кейбiр тұстарын айғақталық



бет21/39
Дата22.02.2022
өлшемі72 Kb.
#132801
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   39
Байланысты:
5 тақырып

Тың эпопеясының кейбiр тұстарын айғақталық:
1) Кеңестер Одағында 1954-1960 жылдары игерiлген тың және тыңайған жерлердiң жалпы көлемi 42 млн. гектарды құрады, оның 25,5 млн. гектары Қазақстан даласында жыртылды;
2) астықты бес – Қостанай, Ақмола, Солтүстiк Қазақстан, Көкшетау және Павлодар – облыстарындағы жыртылған жер көлемi 600 мың шаршы шақырымнан асып түсiп, бұл Франция (551 мың шаршы шақырым) тәрiздi мемлекеттiң аумағынан едәуiр үлкен алқапты құрады;
3) тыңды көтеруге Кеңес Одағының түкпiр - түкпiрiнен адамдар көптеп тартылды. 1954 жылдың мамыр айының өзiнде ғана республиканың тың өлкесiне 130 мың адам жөнелтiлдi. 1954-1955 жылдарда мұнда 360 мыңнан астам механизатор мен құрылысшы және басқа да мамандық иелерi орын тептi. Республикаға 1954 - 1962 жылдар арасында Кеңес Одағының еуропалық бөлiгiнен 2 миллионға жуық адам келдi;
4) Қазақстанның үлесiне 1953 жылы КСРО-дағы бидай егiстiгi алқабының 11,3 пайызы тисе, 1960 жылға таман ол көрсеткiш 30 пайызға жеттi. Сөйтiп, КО -дағы астық алқабының әрбiр үшiншi гектары Қазақстанның үлесiне тидi;
5) республика 1956 жылы 1 млрд. пұт астық тапсырып, соған орай Қазақстанға алғашқы Ленин орденi тапсырылды.
6) республикада тың экстенсивтi жолмен игерiлдi.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   39




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет