Мал шаруашылығының жағдайы күрт нашарлады:
► 1951-1965 жылдарда республикада қазақтың ежелгi түлiгi – жылқының саны 365,7 мың басқа шұғыл азайып кеттi, тек жылқы саны 80-жылдары ғана өсiм бере бастады;
► керiсiнше, шошқа басы 4 еседен астам өсiп, Солтүстiк Қазақстан, Целиноград (қазiргi Ақмола), Қостанай, Көкшетау облыстарында ерекше қарқынмен жүрдi;
► 1941-1951 жылдары соғыс және халық шаруашылығын қалпына келтiру кезеңiнiң алапат ауыр қиыншылықтарына қарамастан, республикада қой басы 2 еседен астам өскен болса, ал тыңмен сәйкес келетiн онжылдықта (1951-1961 жж.) оның басы 3 есеге азайып кеттi. Себебi тың игеруге дейiн әр тұяқтың дұрыс өсiп - өнуiне қажеттi деп табылатын жайылым 3-4 гектардан асып жығылса, ендi бұл көрсеткiш орта есеппен әр тұяққа 2 гектардан ғана келдi.
Достарыңызбен бөлісу: |