Жезқазған түстi металдар ғылыми - өндiрiстiк бiрлестiгi елдегi сол кезде түстi металл өндiрумен шұғылданатын iрi кәсiпорын болып саналды. Оның катод мысы Лондонның металдар биржасында тiркелген едi. Бiрлестiк жылына 300 млн. доллар көлемiнде өз өнiмiнiң 50% -ынан астамын экспортқа шығаратын. Оның 40% -ын немесе 120 миллион долларды сыртқы экономикалық банк ұстады, одақтық -республикалық бюджетке 42% -ы, яғни 126 миллион доллар аударылды. Бiрлестiкте бар болғаны 18% ғана қалып отырды; бұл қаражат не кәсiпорынның материалдық базасын нығайтуға, не жұмысшылардың жалақысын көтеруге мүмкiндiк бермедi.
Достарыңызбен бөлісу: |