1-сұрақ: Молекулалық биология және медициналық генетика пәні, мақсаты және міндеттері. Молекулалық биология



бет25/30
Дата29.09.2023
өлшемі2,67 Mb.
#182981
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   30
Байланысты:
Молекулярка

Липосомалар және мицеллалар - жасушада заттарды тасымалдауға ең ыңғайлы тасымалдау формалары болып табылады , липосомалар арқылы суда еріген заттар , ал мицеллалар арқылы майда еріген заттар тасымалданады . ЭПТ дан, Гольджи аппаратынан үзіліп шығатын көпіршіктер және секреторлық, пиноцитоздық көпіршіктердің бәрі липосома тәрізді құрылымдар болып табылады . Мицеллалар біріншіден , ішектерде май алмасуының өнімдері сорылатын, екіншіден, бейтарап майларды, майда еріген витаминдерді және липидтерді қанға жеткізетін формалар болып табылады.

23-сұрақ: Жасушада РНҚ түрлері. РНҚ қызметі. а-РНҚ кеңістікте ұйымдасу ерекшеліктері құрылысы.
РНҚ-да ДНҚ сияқты полимер-сызықты полинуклеотид, ал мономерлері болып рибонуклеотидтер саналады. РНҚ нуклеотидтерінде рибоза, 4 азоттық негіздер-А, Г, Ц, У, бір фосфор қышқылының қалдығы кездеседі. Нуклеотидтер 5 1 , 3 1 – фосфодиэфирлік байланыс арқылы байланысқан.
РНҚ – негізгі қызметі ДНҚ-дағы сақталынған ақпаратты көшіру, ақуыз биосинтезін қаматамыз ету.
РНҚ атқаратын қызметі мен құрылысына қарай 3 түрге бөлінеді:

  • Ақпараттық РНҚ – а РНҚ

  • Тасымалдаушы РНҚ – т РНҚ

  • Рибосомалық РНҚ – р РНҚ


Ақпараттық РНҚ – ядрода түзіледі. Қызметі: ДНҚ-дағы ақпаратты, яғни нуклеотидтердің орналасу реттілігін өөзіне көшіріп, комплементарлы принцип негізінде ақпаратты рибосомаға жеткізеді. а-РНҚ-лардың бәрі жасушадағы РНҚ молекулаларының жиынтығының небәрі 5%-пайызын ғана кұрайды.
а-РНҚ-лар қаншалықты көп болғанымен бірінің құрылысы бір-біріне ұксас, яғни а-РНҚ-ның сызыктық тізбегі әртүрлі қызмет атқаратын бірнеше учаскелерден тұрады:

  1. Кэп аймақ. Басқа РНҚ түрлерінен, басқа молекулалардан мРНҚ ажыратуға «көмектеседі», РНҚ стабилділігі үшін негізгі роль атқарады. Бірінші нуклеотид үнемі 7-метилгуанилат, ол келесі нуклеотидпен пиррофосфаттық байланыс арқылы байланысқан. Келесі нуклеотидтер рибозаның 2` орны бойынша метилденген болып келеді. а-РНҚ-ның мұндай құрылымы оның 5` ұшын экзонуклеаза әсерлерінен қорғайды.

  2. «Қалпақшадан» (кэп) кейін 5` – трансляцияланбайтын учаске орналасқан –ол бірнеше ондаған нуклеотидтер бірізділігінен тұрады. Ол р-РНҚ кіші бөлшегіндегі бір бөлімге комплиментарлы болады және а-РНҚ –ның рибосомамен алғашқы байланысуын қамтамасыз етеді, бірақ өзі трансляцияланбайды.



  3. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   30




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет