1-сұрақ: Молекулалық биология және медициналық генетика пәні, мақсаты және міндеттері. Молекулалық биология



бет29/30
Дата29.09.2023
өлшемі2,67 Mb.
#182981
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   30
Байланысты:
Молекулярка
сұрактар тізімі, Жатырдан тыс жүктілік
Глоссарий №2

  1. ДНҚ молекуласының алғашқы (бірінші реттік) құрылысы - бір жіпшеде нуклеотидтердің (А, Г, Ц, Т) бірізділікпен тізбектеліп орналасуы болып табылады.

  2. ДНҚ молекуласының екінші реттік құрылысы - оның екі жіпшесіндегі азоттық негіздердің бірбірімен сутектік байланыс арқылы комплиментарлы байланысуы (А-Т; Г-Ц) болып табылады.

  3. ДНҚ молекуласының 3 реттік құрылысы ретінде оның ақуыздармен (гистондық ақуыздармен) байланысын айтуға болады.

  4. Антикодон - акцепторлық бұтақшаның қарама-қарсы жағында 7 нуклеотидтен тұратын, соның ішінде нақты 3 нуклеотид ақуыз синтезделінетін кешенге аминқышқылдарды тасымалдап, жеткізіп отыратын құрылым.

  5. «Қалпақша» не кэп - 4-5 модификацияланған нуклеотидтерден құралған: (7-метил-Г) –ф-ф-ф- (2-01- метил -Х)-ф-(2-01 –метил-У)-ф, бірінші нуклеотид үнемі 7-метилгуанилат болатын, келесі нуклеотидпен пиррофосфаттық байланыс арқылы байланысқан, а-РНҚ-ның 51 ұшын экзонуклеаза әсерлерінен қорғайтын учаскесі.

  6. 5` –трансляцияланбайтын учаске–ол бірнеше ондаған нуклеотидтер бірізділігінен тұрады. Ол р-РНҚ кіші бөлшегіндегі бір бөлімге комплиментарлы болады және а-РНҚ –ның рибосомамен алғашқы байланысуын қамтамасыз етеді, бірақ өзі трансляцияланбайды.

  7. Инициаторлық кодон - ол барлық а-РНҚ-ларда бірдей –АУГ және метионин аминқышқылын анықтайды (код -инициатор).

  8. Мағыналы-кодтаушы (трансляцияланатын) учаске - полипептид тізбегі туралы ақпарат жазылған учаске.

  9. Репликацияға - ДНҚ молекулаының өздігінен екі еселену қасиеті.

  10. Репарация - ДНҚ молекулаының зақымданулардан кейін өздігінен қайта қалпына келу қасиеті

Глоссарий №3

  1. Репликация - ДНҚ молекуласының екі еселену процесін ДНҚ репликациясы деп атайды. ДНҚ репликациялануы салдарынан тұқым қуалаушылық ақпарат ұрпақтан-ұрпаққа өзгеріссіз тепе-тең мөлшерде беріліп, ұрпақтардың жалғасуы қамтамасыз етіледі. ДНҚ репликациясы жасуша циклінің S – синтетикалық кезеңінде жүзеге асады.



  2. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   30




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет