1-сұрақ: Молекулалық биология және медициналық генетика пәні, мақсаты және міндеттері. Молекулалық биология


-сұрақ: Жасушада РНҚ түрлері. РНҚ қызметі. т-РНҚ кеңістікте ұйымдасу ерекшеліктері құрылысы



бет27/30
Дата29.09.2023
өлшемі2,67 Mb.
#182981
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   30
Байланысты:
Молекулярка

25-сұрақ: Жасушада РНҚ түрлері. РНҚ қызметі. т-РНҚ кеңістікте ұйымдасу ерекшеліктері құрылысы.
РНҚ-да ДНҚ сияқты полимер-сызықты полинуклеотид, ал мономерлері болып рибонуклеотидтер саналады. РНҚ нуклеотидтерінде рибоза, 4 азоттық негіздер-А, Г, Ц, У, бір фосфор қышқылының қалдығы кездеседі. Нуклеотидтер 5` , 3` – фосфодиэфирлік байланыс арқылы байланысқан.
РНҚ – негізгі қызметі ДНҚ-дағы сақталынған ақпаратты көшіру, ақуыз биосинтезін қаматамыз ету.
РНҚ атқаратын қызметі мен құрылысына қарай 3 түрге бөлінеді:

  • Ақпараттық РНҚ – а РНҚ

  • Тасымалдаушы РНҚ – т РНҚ

  • Рибосомалық РНҚ – р РНҚ

Тасымалдаушы РНҚ – ядрода түзіледі. Көлемі бойынша ең кішкентай РНҚ. Қызметі: цитоплазмадағы аминқышқылдарды рибосомаға жеткізеді.
Т-РНҚ-лардың жалпы саны 40-50-ге жуық, яғни әр-бір аминқышқылына 1-ден 5-6 ға дейін Т-РНҚ –лар болады.
Т-РНҚ молекуласы үлкен болмайды, онда жүз шақты нуклеотидтер кездеседі, олардың ішінде минорлық (модификацияланған) нуклеотидтер көптеп кездеседі-13-15 % , олар:
-гидроуридин (гУ)және псевдоуридин (пУ) ;
-инозин (И);
-метилинозин (мИ), метилгуанозин (мГ) және диметилгуанозин (мГ);
-диметилуридин (м 2У).

Бұдан басқа, т-РНҚ молекуласы бірнеше «сақиналар»-«ілмекшелер» пайда етуі нәтижесінде оның конфигурациясы беде өсімдігінің үшқұлақты жапырағына ұқсас болады. Бұл құрылымда 4-қостізбекті және 5 дара тізбекті учаскелер кездеседі.


Минорлық нуклеотидтер комплиментарлық байланысуға қабілетсіз болғандықтан, олар тек біртізбекті локустарда ғана кездеседі.
Т-РНҚ-лардың келесі ерекшелігі – 3` ұшында 4 нуклеотидтен тұратын акцепторлық бұтақшасының болуы. Оның ең соңғы нуклеотиді-аденинмен (А) тиісілі аминқышқылы ковалентті байланысады.
Т-РНҚ-лардың тағы бір маңызды ерекшелігі акцепторлық бұтақшаның қарама-қарсы жағында 7 нуклеотидтен тұратын антикодондық имектің болуы. Олардың үшеуі антикодон қызметін атқарады.
Т-РНҚ-лардың үшінші ретік құрылымы тұрақты болады. Олар ақуыз синтезделінетін кешенге аминқышқылдарды тасымалдап, жеткізіп отырады



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   30




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет