1-сұрақ: Молекулалық биология және медициналық генетика пәні, мақсаты және міндеттері. Молекулалық биология


-сұрақ: Эукариот жасушаларының құрылымдық ерекшелігі



бет6/30
Дата29.09.2023
өлшемі2,67 Mb.
#182981
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   30
Байланысты:
Молекулярка

5-сұрақ: Эукариот жасушаларының құрылымдық ерекшелігі.
Эукариотты жасушалар — цитоплазмасы қос қабатты липидтік мембранамен қоршалған, ядросы болады; тұқым қуалайтын материалы хромосомаларда орналасады, барлық органоидтары болады; жасуша мөлшері біршама ірі болып келеді — 15—65 мкм., митоз жолымен бөлінеді.
Эукариотты жасушадардың мембранасы аққуыз-липидті мембраналармен қапталған.
- Жасушада заттар бір органелладан екінші органеллаға көпіршіктер арқылы өтіп, озғалып отырады. Заттардың тасымалдануы және миграциясы, аққуыз ағыны не веззикула ағыны негізінде жүзеге асады.
-Жасуша органеллалары-динамикалық құрылымдар, олар өсіп, ыдырап жойылып не жаңадан түзіліп отырады.
-Органеллалар қалай болса солай ретсіз орналаспайды, олар атқаратын қызметіне сай орналасады.
- Органеллалар қалай болса солай ретсіз орналаспайды, олар атқаратын қызметіне сай орналасады.
- Рибосомалар – нәруыздарды синтездейді;
- Жасуша орталығы – микротүтікшелерден тұратын және хромосомаларды жас жасушаларға бөлетін бөліну ұршығын түзеді;
- Эндоплазмалық тор – жасуша ішінде заттарды тасымалдайды, нәруыздарды, майлар мен көмірсуларды синтездейді;
- Гольджи кешені – липидтер мен көмірсуларды синтездейді;
- Лизосомалар – асқорыту вакуольдері;
- Митохондриялар – энергия көзі;
- Пластидтер – хлоропласттар, хромопласттар, лейкопласттар;
- Ядро – көптеген жасушалардың міндетті бөлігі.
Жасушалық ұйымдасудың эукариоттық типі.
1. Эукариотты жасушалардың мөлшері үлкен және морфологиялық оқшауланған ядросы бар.
2. Ядроның негізі хроматин болып табылады.
3. Ядро жасушаның ортасында орналасқан.
4. Эукариоттық жасушалардың өмірлік циклі тұқым қуалайтын аппараттың күрделі қайта құрылуымен қатар жүреді.
• Эукариотты жасушалардың негізгі компоненттері: плазмолемма, цитоплазма, ядро.
• Эукариотты жасушалардың цитоплазмасы химиялық және құрылымдық жағынан күрделі. Цитоплазманың негізгі компоненттері: гиалоплазма, цитоскелет, қосындылар және оргоноидтар.
Эукариотты жасушалардың негізгі компаненттері:
1.Плазмолемма (жасушалық қабық, гликоликс).
Плазмолемма жасушаны қоршап жатады. Плазмолемманың негізі-сыртынан қалыңдығы 10-20 нм болатын гликокаликс қабатымен жабылған биологиялық мембрана.Плазмолемманың құрылысы:
а) липидті қос қабат;
ә) нәруыздар: шеткі, интегралды.
б) гликокаликс.
2.Цитоплазма ( гиалоплазма, жалпы бағыттағы органоидтар, арнайы бағыттағы органоидтар мен қосылыстар).
3.Ядро ( хроматин, ядро шырыны, ядрошықтар, ядро қабықшасы).


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   30




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет