1 сурет. Өңдеудің технологиялық әдістерінің жіктелуі



бет11/29
Дата23.12.2021
өлшемі2,56 Mb.
#128213
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   29
Байланысты:
LЛекции-1

Жону кезіндегі кесу күштерінің құраушыларын есептеуге арналған формулалар. Кесу күштерінің құраушылары барлық факторлармен бір уақытта байланыста болатын, жалпы қорытынды формулалар әр түрлі есептеулерге керек. Жалпы қорытынды формулаларды құру әр түрлі болады: кесу проьцесі факторының кесу күштерінің құраушыларына әсерін тікелей ескеруге болады, бөлек формулада немесе жанамалай, түзету коэффициенттерінің көмегімен. Жалпы қорытынды формулаларды қолдану тәжірибесікөрсеткендей, кесу режимі факторларын: t; s; v -тікелей ескерген жөн, ал басқа факторларын - жанамалай. Мысалы, кесу күштерінң құраушыларын есептеу формулалары түрі:

Pz = Cpz tXpz SYpz Vnpz Kpz; (16)

Py = Cpy tXpy SYpy Vnpy Kpy; (17)

Px = Cpx tXpx SYpx Vnpx Kpx (18)

Бұл жерде Kp – әрқайсысы Pz, Py, Px, күштер мәніне әсерін көрсететін, түзету коэффициенттерінің көбейтіндісіне тең болатын жалпылама күштік түзету коэффициенттері:

Kp = Kм Kφ Kγ Kr Kω Kб (19)

Формуладғы жалпылама күштік түзету коэффициенттері: Kм- өңделетін материалдың қаттылығы мен беріктігін; Kφ- пландағы негізгі бұрыштың шамасын; Kγ- алдыңғы бұрыштың шамасын; Kr- ауыспалы жүздің радиусы; Kω- қолданылатын СОЖ; Kб- құралдың тозу дәрежесін ескереді.

С тұрақтысы Рz, y, x күшіне кейбір кесу жағдайының тұрақтыларын, атап айтқанда күштік түзету коэффициенттері бірге тең деп алынатын шарттар әсерін ескереді. Бұл шарттарды таңдау ерікті болады: мысалы, формулада Срz тұрақтысы келесі шарттарға сәйкес: 1) σв= 750Мпа болаттарды өңдеу, НВ 190 шойын, НВ 150 соғылмалы шойын; 2) пландағы негізгі бұрыш φº = 45º; γ = γопт; 3) ауыспалы жүздің радиусы r = 3мм; 4) қатты қорытпадан жасалған кескіштің артқы бетінің тозу дәрежесі h = 0,8…1мм, тезкескіш болатан жасалған кескішпен болаттарды өңдеуде h3 =2мм және шойынды өңдеуде h3 =4мм; 5) СОЖ-ды қолданбағанда. Осы шарттарда түзету коэффициенттері бірге тең.

Кесу процесі факторы мен кесу күштерінің құраушыларының арасында математикалық байланыс болған жағдайдағы күштік түзету коэффициенттерін, осылай табамыз. Мысал ретінде Км -коэффициентін табамыз.

Қандай да болмасын беріктілік шегі үшін: Рz = С15 . Беріктілік шегі = 750МПа болғанда түзету коэффициентін бірге тең деп алғанда, Рz75 = С75 750пр . Бірінші өрнекті екіншіге бөлгенде, алатынымыз:



= , осыдан z= . Іздеген коэффициентіміз Км = . Есептеуді тездету үшін кесу режимдерінің анықтамаларында, күштік түзету коэффициенттерінің есептелген мәндері бар кестелер беріледі.

Кесу жұмысы және оның құраушылары. Кесуге кететін минуттық жұмыс Е, үш бөлімнен тұрады: кесілетін қабаттың өзгеруінің минуттық жұмысы Ед, құралдың алдыңғы бетіндегі минуттық үйкеліс жұмысы Етп және құралдың артқы бетіндегі минуттық үйкеліс жұмысы Етз :

Е = Ед + Етп + Етз (20)

Құралдың артқы бетіндегі күштер жоңқалануға қатыспағандықтан, Ед + Етп қосындысын жоңқалану жұмысы деп атаймыз.

Меншікті жұмыстар көбейтіндісіне тең, минуттық жұмысты бір минутта кесілетін қабат көлеміне бөлгенге тең болады. Сонда кесудің меншікті жұмысы тең болады:

e = eд + eтп + eтз (21)

eд + eтп қосындысын жоңқаланудың меншікті жұмысы деп атаймыз. Егерде кесу жылдамдығы векторымен бағыты бірдей кесу күшінің құраушысы Рz белгілі болса, онда кесу жұмысы тең болады:

Е = Рz (22)

Кесудің меншікті жұмысы тең болады: e = = (23)

Кесілетін қабаттың өзгеруінің жұмысы дегеніміз шартты ығысу жазықтығындағы ығысу жұмысы:

Ед = (24)

(24) формулаға шартты ығысу жазықтығындағы ығысу жұмысы мәнін (11) формуладан және ығысу жылдамдығын (7) формуладан алып, табамыз:

Ед = P (25)

Өзгерудің меншікті жұмысы

е = (26)

Шартты ығысу жазықтығындағы жанама кернеу τ

τ = (27)

Сонда (26) өрнек мынадай түрге келеді

eд = , но

tgβ жоңқаның шөгу коэффициентімен беріп және γ - tgβ = формуласымен, алатынымыз:



Сонымен, өзгерудің меншікті жұмысы шартты жазықтықтағы ығысудың жанама кернеулерінің қатынасты ығысуға көбейтіндісіне тең болады:

eд = τ ε

Алдыңғы беттегі үйкеліс жұмысы:

Етп = Fтп vc (28)

Fтп мәнін алып және vс, жоңқаның түсу жылдамдығын (9) формуладан алып, оны (28) формулаға қойып, табатынымыз

Етп = (29)

Алдыңғы беттегі үйкелістің меншікті жұмысы:

eд = (30)

Артқы беттегі үйкеліс жұмысын кесу жұмысы мен алдыңғы беттегі өзгеру мен үйкеліс жұмыстары қосындысының айырмасы ретінде табуғу болады:

Етз = Е – (Ед + Етп) (31)

eтз = e – (eд + eтп ) (32)




33 сурет. Құралдың алдыңғы бетінде 34 сурет. Құралдың алдыңғы және артқы

әрекет етуші күштер сұлбасы беттеріндегі түйіспелі кернеулер эпюрі

Егерде, артқы беттегі Fтз үйкеліс жұмысын, кесу бетіне жанама ретінде анықтасақ, онда артқы беттегі үйкеліс жұмысын оданда қарапайым түрде анықтауға болады:

Етз = Fтз v (33)

eтз =



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   29




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет