9 Тақырып. Кесу процесінде құралдың тозуы. Тозу түрлері. Құралдың түйіспе беттері жоғары қысым, температура және қатынасты қозғалыстың жылдамдығы нәтижесінде пайдалану процесінде тозады. Құралдың тозуы беттерден микробөліктердің өшуі мен кетуі, сонымен қатар кесу жиегінің микросынықтары түрінде болады. Металды кесу кезіндегі үйкеліс пен соған қатысты тозу, машина тетіктері беттерінің жалпы тозуынан өзгеше.
Барлық құралдар түрі мен белгіленуіне қарамастан тек артқы бетімен(тозудың бірінші түрі) немесе артқы және алдыңғы беттерімен бір уақытта(тозудың екінші түрі) тозады. Тозудың екі түрі де өндірісте қолданылатын кесу режимдерімен жұмыс істегенде болады. Тезкесетін болаттан жасалған құралдармен, рұқсат етілген жылуөткізгіштіктен жоғары кесу жылдамдықтарымен кесу кезінде тозудың үшінші түрі болады, бұл жерде тек алдыңғы бет қана тозады. Бірақта тозудың бұл түрінің тәжірибелік мәні жоқ.
40 сурет. Құралдың тозу түрлері
Бірінші түрмен тозу кезінде (сур.40, а) құралдың артқы бетінде ені h3 тозу алаңшасы пайда болады. Тозу алаңшасының келбеті негізгі қию жазықтығы қимасында жобалап кесу бетінің пішімін көшіреді. Негізгі жүз бойындағы тозу алаңының ені жалпы жағдайда бірдей. Тозу алаңының максималды ені ауыспалы артқы бетте немесе негізгі жүздің көмекшіге өтетін жерінде байқалады. Өңделетін бетке сәйкес, негізгі жүз нүктесінде кейбір жағдайларда, жергілікті тозу жіңішке тілік сияқты болады.
Тозудың екінші түрі бойынша артқы беттің тозуына (сур. 40, б) алдыңғы беттің тозуы қосылады. Алдыңғы беттің тозуы басқаша болады. Түскен жоңқа күшімен ені вл , тереңдігі hл тозық шұңқыршағы пайда болады. Шұңқырша жиектері құралдың негізгі жүзіне параллель орналасады, ал шұңқырша ұзындығы lл негізгі жүздің жұмыс ұзындығына тең. Құралдың кесу жылдамдығына байланысты негізгі жүз бен шұңқырша жиегінің f арақашықтығы өзгеріп отырады. Кесу жылдамдығы аз болғанда негізгі жүз бен шұңқырша жиегінің f арасында, шұңқырша ұлғайған сайын кішірейетін арақашықтық қалады (құрылымдаушы болаттарды тезкесуші болаттан жасалған құралмен өңдеу кезінде). Бұл негізгі жүзге жанасып жатқан, алдыңғы беттің бір бөлігін жоңқаның қажалауынан сақтайтын шормен байланысты. Жоғары кесу жылдамдығымен жұмыс істегенде шор жоқ болады, шұңқырша жиегі тозған артқы бетпен бірігіп кетеді де, соңына дейін тозған құралда тек қана шұңқыршаның бір бөлігі қалады. Өте жоғары күш және жылу жүктемелі, қатты қорытпалардан жасалған құралдармен кесу кезінде, құралдың тозуының алдында, кескіш сына төбесінде илемділік деформациясы пайда болады (сур.41). Сынаның пішім өзгертуі, негізгі жүзге жанасатын алдыңғы бет бөлігінің h1 қашықтығына төмен түсуі мен артқы беттің h2 биіктігіне көтерілуі. Артқы беттің қисаю нәтижесінде, оның бетінде құралдың қарқынды тозуына себепкер болатын нөлдік немесе теріс мәнді артқы бұрыш пайда болады.
41 сурет. Кесу құралы жүзінің илемділік деформациясынан кейінгі өзгеруі
Тозу түрі негізі өңделетін тетік материалы түрімен, кесілетін қабаттың қалыңдығымен(беріліс) және кесу жылдамдығымен анықталады. Илемді материалдарды өңдеуде құрал тозуы бірінші және екінші түрімен тозуы бірдей жиі кездеседі. Морт материалдарды (шойын) өңдеу кезінде құралдың бірінші тозу түрімен тозуы, екіншіге қарағанда жиі болады.
Кесілетін қабат қалыңдығы мен кесу жылдамдығы тозу түріне бірдей әсер етеді. Кесілетін қабаттың кішкене қалыңдығында (а 0,1мм) және төменгі кесу жылдамдықтарында тозуға көбіне артқы бет ұшырайды. Кесілетін қабат қалыңдығы (а) мен кесу жылдамдығы ( ) өскен сайын артқы бетпен қоса алдыңғы бет те тоза бастайды, а мен үлкен болған сайын алдыңғы бет көбірек тозады, ал артқы бет азырақ тозады.
Тозуға бәрінен аз әсер ететіндер алдыңғы бұрыш ( ) және майлап-суытушы сұйықтар (СОЖ). бұрышының өсуі мен жоғарғы жылуөткізгіш СОЖ қолданған кезде, тозудың бірінші түрі екіншіге ауысатын а мен мәндері олардың үлкен мәнді аумағына ауысады.
42 сурет. Құрал жұмыс істеуіне байланысты шұңқырша размерінің өзгеруі
Құралдың тозу(өтпей қалуы) өлшемі болып сызықтық және массалық тозу саналады. Сызықтық тозуды көрсеткіш ретінде алсақ, артқы беттің тозуын тозу алаңшығының ені h3, ал алдыңғы беттің тозуын тозық шұңқыршасының тереңдігінің hл максималды мәндері арқылы білеміз.
Таза өлшемдік өңдеу кезінде құралдың тозуын, құрал жүзінің төбесінің ығысуын немесе өңделген бетке перпендикуляр бағытта, оның артқы бетінің тозуы нәтижесінде ауысуын, сызықтық тозу өлшемімен hр сипаттайды.
Өндірістік рұқсат етілген тозу нормаларын және құралдың қайта қайрауға кететін шығын нормаларын жасаудағы сенімді сипаттамасы ретінде сызықтық тозуды айтуға болады. Құралдың тозуының физикалық табиғатын зерттеуге объективті сипаттама ретінде массалық тозуды аламыз. Массалық тозу деп құралдық материалдың тозық өніміне айналуына кететін үйкеліс күшінің жұмысына пропорционал болатын құралдың тозық бөлігінің мг өлшенетін массасын айтамыз.
Кесу процесінің әртүрлі фокторларының құралдың тозу қарқындылығына әсерін зерттеуде қатынасты тозуды пайдалану тиімді. Қатынасты тозу деп сызықтық, өлшемдік немесе массалық тозудың құралдың өнімділігін, оның өтпей қалған кезіне дейін сипаттайтын қандайда болмасын көрсеткішке қатынасын айтамыз. Мұндай көрсеткіштерге құрал жүріп өткен жол, өңделген беттің ауданы, кесілетін қабаттың көлемі және т.б. жатады. Көбіне құрал жүріп өткен жолды абсолютті тозу дейміз, бұл жерде қатынасты сызықтық тозу ∆ мына формуламен анықталады:
∆ = h / .
Кесу жолы тең болады = υ T, м. Жону кезіндегі кесу жолын метрмен санауға болады: = D l/1000 ½, мұнда, l – өңделген беттің ұзындығы.
43 сурет. Құралдың жүздің бойымен тозуы 44 сурет. Құралдың алдыңғы бетпен тозу
сұлбасы
Құрал тозуының физикалық табиғаты. Тозу құралдың жұмыс істеу қабылетінің көрсеткіші бола тұра, артқы және алдыңғы беттеріндегі күрделі түйіспелік процестердің жүруіне байланысты, құрал тозуының физикалық табиғаты әзірге өте аз зерттелген. әртүрлі жағдайларда жұмыс істейтін құралдың тозуының физикалық табиғатын түсіндіретін бірнеше гипотезалар бар. Осы гипотезалар бойынша, құралдың түйіспе беттерінің тозуына әкелетән бірнеше негізгі себептер бар, олар:
а) өңдейтін материалдың қажау іс-әрекеті (қажақтық тозу);
б) құрал мен өңделетін материалдың өзара тұтасу әрекеті(адгезиялық тозу);
в) құрал материалының өңделетін материалда еруі, араласуы(диффузиялық тозу);
г) алдыңғы және артқы беттерде болатын химиялық процестер(тотықтандырғыш тозуы).
Достарыңызбен бөлісу: |