1 сурет. Өңдеудің технологиялық әдістерінің жіктелуі



бет14/29
Дата23.12.2021
өлшемі2,56 Mb.
#128213
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   29
Байланысты:
LЛекции-1
LЛекции-1, Plant Ecology ( PDFDrive ), Вопросы для самопроверки 13 , Әдебиеттер, instraction moodle olimp, 8.Альфа-ыдырау, МР 4
Қажақты тозу. Кесу бетінің құралдың артқы беті мен жоңқаның құралдың алдыңғы бетімен үйкелуі кезінде, өңделетін дайындама материалының қатты микрокомпоненттері құрал материалын әрдайым қирата отырып тырнайды. Қажақты тозудың қарқындылығы, өте жоғары кесу температурасындада жоғары қаттылығын сақтайтын болаттың құрамындағы цементит (НВ800) пен күрделі карбидтердің, шойынның құрамындағы цементит пен фосфидтердің өсуіне байланысты ұлғаяды. Өңделетін дайындама материалының қаттылығынан жоғары қаттылыққа ие, мезгілімен жойылып отыратын шор бөліктерін құралдың түйіспе беттері тырнайды. Көбіне құралдың негізгі жүзге перпендикуляр, бунақ тәріздес тереңдік пайда болатын артқы беті тозады. Құралдың түйіспе беттерінің тырнауға қарсылығын азайтатын, химиялық ортада (мысалы, төртхлорды көміртегіндегі) кесу кезінде, қажақты тозу едәуір өседі. Н /Н қатынасы аз болған сайын, өңделетін материалдың қажақтық әрекеті күшейе түседі. Осының салдарынан қажақтық тозу көміртекті және тез кескіш болаттардан жасалған құралдардың қажақты тозуы көбірек кездеседі, ал қаттылығы басым, қатты қорытпалардан жасалған құралдармен жұмыс істегенде аз кездеседі.

Адгезиялық тозу. Бұл тозу механизмдерін терең зерттеу мүмкіндігі микроспектрлік талдау мен электроноскопияны қолдану арқасында ғана пайда болды. Микрорентгенқұрылымдық талдауды қолданып, Г.И.Грановский мен Н.А.Шмаков жоңқаның түйіспе беті мен кесу бетінде құрал материалының бөлшектерінің жиналуын анықтады. Құралдың тозу өнімдері түрлі мәнде болады және бір бірінен бірнеше мкм-ден бір мм-ге дейін қашықтыққа алыстаған сайын біркелкі емес таратылады. Құрал материалдырының бөлшектері илемділік деформациялары мен температура шоғырланған жерлерінде орналасқанын, оларды қоршаған тотықтар дәлелдейді.

Құрал материалдырының бөлшектерін жоңқа мен тетікке көшіру негізінде адгезиялық ұстасу жатыр. Таза металл тізбегімен жүргізген зерттеулер негізінде, А.П.Семенов металлдар ұстасуын, дәлірек айтсақ жанасушы беттер арасындағы берік уақытша қосылыстар материалдың қатты жағдайында, химиялық таза, түйісуде болған беттердің илемділік өзгеруі нәтижесінде бөлме температурасындада, жоғары температурадада пайда болатынын белгіледі. Ұстасу болуына беттердің кристалдық тордың рет параметрі қашықтығына жақындауы аз, әрбір материал жұбының анықталған энергетикалық табалдырығын көтеру қажет. Ұстасу мартенситтік немесе полиморфты өзгеруге жақын диффузиялық емес процесс. Ұстасуға қажет жағдай температураның жоғарылауымен қатар біріккен илемділік өзгеру арқасында пайда болады. Материалдардың адгезиялық өзара байланыс қабылеті қайта кристалдану температурасына жақын температурада кенеттен жоғарылайды. Бірдей материалдар ұстасуы Т (0,35...0,4 тең) температурада, ал әртүрлі материалдар Т (0,35...0,5 тең) температурада басталады.

Кесу кезінде құрал мен тетік арасында адгезиялық ұстасу пайда болуға жағдай туындайды. Құралдың түйіспе бетімен, жоңқа және кесу бетінің арасындағы нақты түйісу ауданы, номиналды түйісу ауданының азғантай ғана бөлігін құрайды. Жоғары түйіспе қысымы салдарынан құралдың түйіспе бетімен, жоңқа және кесу бетінің арасындағы нақты түйісу ауданының шығыңқылықтарының түйісу нүктелерінде жоғары тампературалы жергілікті илемділік деформациялары дамиды. Осының нәтижесінде өңделетін және құралдық материалдың химиялық таза бөліктерінің жанасуы мен ұстасу ошақтары және көпірлерін құрайтын өзара ұстасуы пайда болады. Түйіспе жұп материалдарының ішіндегі беріктігі аздау деп саналатын, өңделетін тетік материалындағы түйіспе бет астында қирау жүріп жатады. Адгезиялық біріктірулердің кезеңді қайталанатын жабысуы мен қирауы, Н.Н.Зоревтің пікірі бойынша аспаптық материалдың беткі қабатының циклдық жүктелуін шақырады. Өңделетін материалмен салыстырғанда құралдың кесетін бөлігінің материалы морт болып келеді және белгіленген жүктеме сипаты оның жергілікті қирауына әкеледі. Құралдың түйіспе беттерінен жұлынған аспаптық материал көлемі жоңқамен әкетіледі, ал оның түйіспе беттерінде терең іздер мен шөгістер пайда болады. Құралдың түйіспе беттерінен алынатын аспаптық материалдың массасы кесу жолының бірлігіне қатынасы өңделетін материалдың беріктігі мен қаттылығына байланысты. Басқадай теңдей шарттарда Ним қатынасы қаншадай кем болса, құрал сондайлық тозады.

Теңдей жылуға төзімділікте аспаптық материалдың циклдық беріктігі жоғары және морттығы кем болған сайын, оның тозуға төзімділігі жоғары болады. Сондықтанда, кесу температурасының төмен зонасында, аспаптық құралдың жылуға төзімділік шешуші мәні жоқ жағдайда, қатты қорытпалардың тозуға төзімділігі, жоғары беріктігі бар және циклдық жүктеулерге жақсы қарсыласатын тезкескіш болаттарға қарағанда төмен.

Құралдың адгезиялық тозуын, түйіспе беттердеадгезия күштерін азайтатын және өңделетін және аспаптық материалдардың жабысуына кедергі болатын қорғаушы жұқа қабат тудыратын сұйықтарды қолдануға болады. Бірақта химиялы екпінді сұйықтар, адгезиялық құбылысты кеміте отырып, тезкескіш болаттардың мартенситтік негізінің химиялық еруімен байланысты, түйіспе беттердің химиялық тозуына үлес қосады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   29




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет